Тақырып 1 Кросс-мәдени психологияға кіріспе Мақсаты


Кросс-мәдени психологияның пәні



бет2/33
Дата03.02.2023
өлшемі146,49 Kb.
#167327
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Та ырып 1 Кросс-м дени психология а кіріспе Ма саты

Кросс-мәдени психологияның пәні – мәдениеттер контексіндегі адамның өзін ұстауы.
Психологиялық антропология, кросс-мәдени психология және этностық психологияның жалпы мағынада зерттеу тақырыбы бірдей - адамның (немесе адамдар тобының) психологиялық сипаттамаларын этностық байланыста зерттеу. Алайда, зерттеудің түпкі мақсаттарында, осы пәндердің зерттеуінің теориялық тәсілдері мен әдістерінде елеулі айырмашылықтар бар.
Психологиялық антропология 1930 ж. мәдениет пен тұлғаны зерттейтін пәнаралық зерттеу саласы ретінде пайда болып, 1960-шы жылдарда ғылыми пәнге айналды. Ол антропологтардың мәдени әлеуметтенуге байланысты адамдардың ішкі психологиялық өміріне енуіне деген ұмтылысын көрсетеді.
Психологиялық антропологияның пәні - әртүрлі мәдениеттердегі адамның қалай ойлайтыны, сезетіні, эмоционалды түрде жауап беретіні және әрекет ететіні. Бұл пән мәдени антропологияда пайда болды және осы ғылымның дамуына ықпал етті. Зерттеудің негізгі әдісі - байқау.
Кросс-мәдени психология - «әртүрлі мәдени және этностық топтардағы жеке психологиялық қызметтің ұқсастығы мен айырмашылықтары, психологиялық және әлеуметтік-мәдени, экологиялық және биологиялық айнымалылардың өзара байланысы, сондай-ақ осы айнымалылардағы ықтимал өзгерістер». Кросс-мәдени психологиядағы заманауи тәсілдер, мәдени айырмашылықтарға назар аудара отырып, әртүрлі мәдениеттердегі адам психологиясындағы әмбебапты іздеуге бағытталған. Сонымен қатар, әртүрлі мәдениеттердегі адамдар топтарында болуы мүмкін әр түрлі биологиялық айырмашылықтар (тамақтану, генетикалық сипаттамалар, гормондық процестер), шаруашылық қызметтің түрлеріне негізделген табиғи ортаға бейімделу процесінде адам популяциясының экологиялық айырмашылықтары (аң аулау, жинау, ауыл шаруашылығы) зерттейді, мысалы бір мемлекеттегі түрлі мәдени топтар (бұл тәсіл шын мәнінде этностық психология болып саналады, яғни түпнұсқа мәдениеттердің тасымалдаушылары болып табылатын топтарды зерттейді және олардың көші-қоннан кейін көптеген ұрпақтарда сақталады).
Кросс-мәдени психология - бұл әртүрлі ғылыми дәстүрлерге негізделген пәнаралық ғылым:
- адам ағзасының құрылымы мен қызметі туралы ақпарат беретін биология;
- адам мінез-құлқының және психикасының жеке деңгейін зерттейтін жалпы психология;
- популяциялар деңгейінде құбылыстарды зерттейтін әлеуметтік ғылымдар (әлеуметтану, антропология)
Кросс-мәдени психология мен психологиялық антропология арасындағы негізгі айырмашылық мынада, біріншіден, психологиялық теория мен заңдар тексеріліп, дамиды; әмбебап және мәдени ерекшеліктерді іздеу ең алдымен психологиялық әдістермен жүргізіледі.
Қазіргі заманғы кросс-мәдени психологтар екі негізгі теориялық ұстанымнан шығуы керек:

  1. әртүрлі мәдениеттерді салыстыру кезінде жеке деңгейде психологиялық құбылыстарды түсіну үшін мәдени контекстті ескеру қажет;

  2. мінез-құлық пен мәдениет бір-бірімен байланысты (адамдар мәдениетті жасайды, мәдениет адамның өзін ұстауына ықпал етеді)

Этнопсихология - этнография (этнология) және психология негізіндегі пәнаралық ғылым. Бұл «этностық немесе мәдени сәйкестілікке байланысты адамның немесе топтың психологиялық сипаттамаларын зерттейтін және саналы және бейсаналық деңгейде көрінетін ғылым». Егер Батыс дәстүрінде этностық психология кросс-мәдени психологияның бір бөлігі ретінде болса, бізде керісінше - кросс-мәдени психология этностық психологияның құрамында есептеледі, жеке тұлғаның және қоғамның өміріндегі этностық топтың психологиялық мәнін терең түсіну жән түсіндіреді.
Кросс-мәдени психология – бұл әр түрлі мәдени және этномәдени топтардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы, психологиялық, әлеуметтік-мәдени, экологиялық және биологиялық айнымалылар арасындағы қарым-қатынастар туралы ғылым. Кросс-мәдени психологияның бірінші және ең айқын міндеті - қазіргі психологиялық білімдер мен теориялардың әмбеббаптығын жан-жақты тексеру болып табылады. Бұл туралы американдық психолог, салыстырмалы психология маманы Беатрис Уайтинг (Whiting) былай деп жазды: біз әлем бойынша әр түрлі халықтардың мінез-құлықтары туралы деректер пайдалана отырып, кросс-мәдени психологияны құрамыз. Доусон осы теорияны жақтап, психологиялық теориялардың тиімділігін жан-жақты зерттеу үшін кросс-мәдени психологиялық зерттеулер жүргізуді жақтады. Кейінірек бұл көзқарасты Сигалл, Дасен және Пуртинга (1999) қолдады.
Психологтар қолда бар гипотезалар мен нәтижелерді басқа мәдениетті тексеру үшін қолдануды ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет