Тақырып 1 Кросс-мәдени психологияға кіріспе Мақсаты



бет8/33
Дата03.02.2023
өлшемі146,49 Kb.
#167327
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Байланысты:
Та ырып 1 Кросс-м дени психология а кіріспе Ма саты

Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі

  1. Берри Дж. Кросс-культурная психология. – Харьков: Гуманит. Центр, 2007.

  2. Лебедева Н.М. Этническая и кросс культурная психология. М.: Макс-Пресс, 2011.

  3. Мацумото Д. Психология и культура. СПб., 2002.

  4. Берри Д, Пуртинга А., Сигал М., Дасен П. Кросс-культурная психология: Исследования и Применение/пер. с английского. Харьков: Гуманитарный центр. 2007.

  5. Стефаненко Т. Г. Этнопсихология. М., Аспект Пресс, 2004.

Қосымша

  1. Аймаганбетова О.– Социально-этнические проблемы современной психологии. – Алматы: КазНУ, 2008.

  2. Белик А. А. Психологическая антропология. - М.,1993.

  3. Коул М. Культурно-историческая психология. М., 1997.

  4. Лебедева Н. М. Кросс-культурная психология: цели и методы исследований. / Этология человека и смежные дисциплины / под ред. М. Л. Бутовской., М., 2004.

  5. Личность. Культура. Этнос. Современная психологическая антропология. М., 2002

  6. Этническая психология и общество (под ред. Н. М.Лебедевой). - М., 1997.

  7. Шпет Г. Г. Введение в этническую психологию. - Спб., 1996.



Тақырып 7-8. Ресейдегі әлеуметтік-этностық идеялардың дамуы
Мақсаты: Россияда әлеуметтік-этностық ойлардың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ғалымдардың ой-пікірлерімен таныстыру.
Түйін сөздер: ұлттық мінез-құлық, ұлттық сана-сезім, халықтық рух
Жоспар:

  1. Н.И.Надеждинның жаңа ғылыми бағыттың қалыптасуындағы рөлі

  2. Н.Я.Данилевскийдің мәдени-тарихи типі туралы

  3. В.С.Соловьевтың тұлғаның қалыптасуындағы ұлттық доминанты туралы

  4. Н.А.Бердяевтің "орыс жанының құпиясы" туралы

  5. Г.Г.Шпеттің қазіргі заманғы этнопсихологияның дамуындағы рөлі

  6. Л.С.Выготскийдің тарихи-мәдени теориясының маңызы

Этностық психологияның қалыптасу тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеуге деген ұмтылыс, Ресейде ХVIII ғасырда басталған. Бұл мәселені зерттеуге орыс революцияшыл-демократтары В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбовтар, сондай-ақ В.О.Ключевский, В.Соловьев, П.Л.Лавров, В.М.Бехтеров, Л.И.Мечниковтар да айрықша көңіл бөліп, белгілі бір дәрежедегі ой-пікірлерін білдірген.


XIX ғасырдың екінші жартысы және XX ғасырдың басында Ресейде П.Е.Астафьев, Н.Кареев, М.Урсин, М.И.Яншул, Л.Крживицкий, А.Фулье, Г.Лебон және т.б халықтар психологиясы, оның ішінде орыс, француз, американ халықтары ұлттық мінезінің өзіне тән ерекшеліктері мәселелеріне бағышталған еңбектері басылды. Оларда ұлттық ерекшеліктердің тіл, дін мен өнерде бейнеленуінің өзіндік ерекшеліктерін, сондай-ақ халықтар психологиясы мен индивидуалдық психологияның өзара қатынастарын анықтауға назар аударылған.
Этнопсихология мәселесін зерттеуге Маркс пен Энгельс те айрықша көңіл бөлген. Олар халықтар психологиясының мәні мен оның пайда болуының себептерін анықтады. Ф.Энгельс Англия, Франция және Алманияның экономикалық дамуындағы айырмашылықтарды көрсете келіп, «…ағылшынның ұлттық мінез-құлқы неміс пен француздың ұлттық мінез-құлқынан көп алшақ тұр», – деп жазған еді. «Англияда жұмысшы табының ахуалы» атты шығармасында Ф.Энгельс бір-бірімен байланыста болған әр түрлі халықтардың өзара әсерлесуінің заңдылықтарын ашып көрсетеді.
Маркс пен Энгельс атап өткеніндей, әр түрлі ұлттар бірдей қоғамдық құбылыстарға түрліше ұлттық колорит бағыштап, пайымдайды. Француз және ағылшын материализмі сол халықтардың арасындағы айырмашылықтарға сай келеді деп есептеу керек. Француздар ағылшын материализміндегі жетіспей тұрған тұсқа әсерлі сөздерді қосып жіберіп ағылшын материализмін нәрлендіріп жібере алған. Халықтар психологиясын анықтайтын қоғамдық-экономикалық жағдайларға көңіл бөле отырып, Маркс пен Энгельстің оның субъективтік негіздерін талдауға да ұмтылыс білдіргендігі белгілі. Десек те, марксизм-ленинизм классиктерінің ұлттық психологияның қоғамдық және саяси өмірдегі алатын орнын елеп- ескергендігі жөнінде ой айтқан автор Н.Бердяевтың мына сөздеріне ден қою керек шығар. Ол былай деген еді: «Марксизмде барлық уақытта ең әлсіз нәрсе – психология, ал ленинизмде болса, демагогия (желбуаздық) үстем болып келгендіктен, психология мейлінше әлсіз, доғал (дөрекі) және қарабайыр болып көрінеді. Тіпті таптар мен қоғамдық топтардың психологиясы да мүлдем қарастырылмаған болып, олар жай ғана күйе жаға берумен әуестенген еді. Бұл мәселеде лениншілдер ешқандай интеллектуалдық, танымдық қабілетке ие болмаған, олардың жол-жобалары толығымен сезімге-эмоцияға құрылғандығымен ажырыратылады». А.А.Бердяевтің бұл сөздерінің ақиқатқа жақындығы СОКП мен Кеңес өкіметінің КСРО-ны мекендеген ондаған халықтардың өзіндік психологиялық ерекшеліктерін елемей, күштеу арқылы біртұтас Совет халқы атты қауымға біріктіріп, көгендеп ұстап отыруының ақыры немен аяқталғандығымен дәлелденеді емес пе?
Этностық психология зерттейтін кәделі мәселелер әсіресе XX ғасырдың басында ғұмыр кешкен ғалымдардың еңбектерінде кеңінен сөз етіледі. Өйткені, бұл кезде бір қатар ғылымның жаңа салаларының одан әрі дамуына жол ашылды. Оның үстіне қоғамдық өмірде түрлі топтар мен таптар арасындағы қайшылықтар шиеленісіп, шегіне жете барды. Мұның бәрі халықтар және олардың түрлі топтарының ой-пікірлері мен көңіл-күйінде өз көрінісін таппай қоймады. Мұны зерделеу Ресей мен шет елдердегі ғалымдардың басты ісіне айналды. Мысалы, Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Густав Шпеттің 1917 жылы «Психологическое обозрение» деп аталатын журналда мақаласы шықты, ал бұдан 10 жыл өткен соң «Введение в этническую психологию» деген кітабы жарық көрді. Оларда этностық психологияның міндеттері мен зерзаты сипатталған. Шпеттің пікірінше, бұл ұғымның мәні халық рухының, қауымның басталуын, бастау алуын түсіндірумен анықталады. «Объективті жағдайды, тұрмыстық жағдайды, бұл тұрмыстың өзін, объективті түрде өмір сүретін барлық нәрселерді, – деп жазады Шпет, – тарихи қалыптасқан әр қандай қауым-халық, тап, одақ, шәhар, қыстақ-ауыл және басқалары өзінше қабылдайды, ұғынады, ұнатады, жек көреді, олардың нақты мағынадағы «рухы» яки «мінезі» нақ сол объективті нәрселерге деген қатынастарында өз көрінісін табады. Ол өзінің шығармаларында этностық психология ғылымы тілі, әпсана, дін, ахлақ тәрізді мәселелермен шұғылдануы керек деген Вундттың пікірін турадан-тура терістейді. Шпеттің пікірінше, адамдардың рухани қызметінің туындыларын психологиялық жағынан зерделеудің қажеті жоқ, мәселенің түйіні адамдардың өзара қатынастарын, олардың субъективті өмірдегі мәдени өмірге деген саналы және санадан тыс түрде болатын қатынастарын зерттеуде жатыр. Оның пайымдауынша, құдды тарихтың өзі адамзаттың рухани азап шегуінің себептерін, сондай-ақ «руханияттың» жолын көрсетіп-бағдарлап бере алады.
Россия көпұлтты ел болғандықтан, этнопсихологиялық проблема әруақытта тұрды.
И.Грозный, Петр І, Екатерина ІІ сияқты Россияны басқарушылар да Россия халықтарының психологиясына көңіл бөлген. Түрлі халықтардың психологиясы, салт-дәстүрлерін зерттейтін экспедицияларға көңіл бөлінген.
Ғылыми зерттеулер М.В.Ломоносовтың, В.Н.Татищевтың еңбектерінде кездеседі. Бірақ бұл зерттеулер Ресейді қамтитын психологиясы әртүрлі этностық қоғамдарға көпшіліктің назарын аударатын пікірлер болды.
ХІХ ғ ортасында академик В.К.Бэр мен К.Д.Кавелиннің басшылығымен Россия халықтарының этнографиялық ерекшеліктерін зерттеуге арналған бағдарлама құрылды, 50-ші жылдары Россия географиялық қоғамы осы бағдарлама бойынша жұмыс істеді.
1846 жылы екінші ғылыми жиында бұл қоғамның мүшесі Н.И.Надеждин психикалық этнографияның бір бөлімі ретінде болу туралы ұсыныспен сөз сөйледі. Оның ойынша бұның мақсаты халық арасында барлық ерекшеліктердің зерттеулері адамның рухани жақтарының оның ішінде ақыл ой мүмкіншіліктері, ер жігері мен мінезінің, өзінің адамгершелік қасиеттері сезімі және шексіз жетілдірушілік пен талпынысын таныту.
Ғалымның жетекшілігімен халықтардың психологиясын олардың өмір сүру жағдайын және т.б қарастыратын зерттеулерге тәуелді комплексті бағдарлама құрылды. Қоғам жұмысының қорытындысы тоқтап қалған жоқ. Екі жылдан кейін екі мыңнан астам малоростардың, великоростардың және басқа этностық державалардың жазба есептері алынды. Үлкен қор құрылды. Онда халықтардың «ақыл ой және тәрбие ерекшеліктері» мен «халық ерекшеліктері» ғылымның бұл саласындағы маңызды зерттеулер негізі болған барлық материалдар кірді.
Ұлттық мінез мәселесіне орыс революционер-демократтары Н.Г.Герцен, В.Г.Белинский, Н.А.Добролюбов, әсіресе, Н.Г.Чернышевский көңіл бөлген. Этностық психология мәселелерін шешудің басқа жолдарын орыстың рволюциялық демократтары қарастырды. Ұлттық руханилықтың ерекшеліктерінің жұрт назарында, Н.Г Герцина, В.Г Белинский, Н.А Добролюбова, әсіресе Н.Г Чернышевский болды. А.О Бороноеваның ойынша, бұл мәселеге назар аударушылық оларға тән этноэстетикалық пікірлермен анықталды. И.Г Чернышевский бір халықтың өзіне тән психологиясының әркелкілігіне көңілін аударды. «Әр халық тарихи мағынасы бар, өте әртүрлі халықтарының қосындысы» деп ол жазды.
Революциялық демократтардың ұлттық мінезін зерттеуде белгілі жетістіктерге жетті. Осылай олар әсіресе көпжақты деп саналады. Ұлттық ерекшелігі негізінде, олар бар халық екіншіден физикалық түсінікте емес айырмашылығын көрді. Осылай И.Г Чернышев нақты қандай әркелкіліктерді толықтыра тілдің әркелкілігіне байланысты ақыл ой мен тәрбие ерекшелігіне дәстүрге байланысты өмір сүру салтына теориялық білім берудің сапасына ол ұлттық сананың құрылымдық жетістіктерін бөліп көрсетті.
ХІХғ ортасында Н.Я.Данилевский халықтардың бір-бірінен үш ерекшелікпен бөлінетінін айтады:

  1. психологиялық ерекшеліктер;

  2. дін;

  3. Тарихи жағдайлар;

Соловьев орыс халқы үшін ең үлкен құндылық – ертеден келе жатқан дәстүрлерді сақтау, дінге адал болу екенін көрсетеді. Орыс халқының мінезіндегі «Святая Русь – қасиетті Русь» идеясы осыдан шыққан. Бердяевтің көзқарасы Соловьевқа жақын. Екеуі де орыс халқының мінезін дінмен байланыстырады.
Этнопсихология ғылымының дамуының сол уақыттағы басты бағыты ұлттық ерекшеліктерінің біргейлі ұқсастығын көрсету мүмкіндігіне бағытталды. Осыған байланысты бұл уақыттың жұмыстарында өз жерлерінде және шет жерде тұратын орыстарды салыстыру жүргізілді. Осылай А.Павловский «Кіші орыс үстеуінің грамматикасы» сыртқы орта Орыс халқының әлпетін, жеткілікті өзгерткендігін негізге алды: «Кіші Ресейде бірнеше жыл тұрып, тұрғындарының ұлттық ерекшеліктерін байқадым. Мен оларды басқалардан айыратын меланхолиялық қасиетінің бар екендігін аңғардым. Оларда табиғи байқампаздығы, музыкаға икемдігі, ән айтуға қабілеттері бар. Олардың өздік қасиеттерін нантұздық пен қарапайымдылық құрайды».
Мәдени-психологиялық бағытты ұстанған авторлардың зерттеу жұмыстары XX ғасырдың 20-жылдарында кең құлаш жайды. Сонымен қатар әр түрлі мәдениеттер аясында айқын көрінетін психологиялық айырмашылықтарды анықтау бары-сында сыңаржақтылыққа жол қойылған жәйттер де көзге шалынып қалады. Бұған Л.Леви-Брюлемнің 1933 жылда фашистердің өкімет басына келуіне байланысты «тузем-діктердің» ойлау ерекшеліктерін еуропалықтардың ойлау жүйесіне қарсы қоюға ұмтылысы мысал бола алады. Тіпті базбір ғалымдар нәсілдер мен халықтардың интеллектуалдық қабілеті бірдей деңгейде емес, сол себепті олардың бірі екіншісінен жоғары тұрады деген қорытынды жасаған.
Мұның өзі нәсілдік теорияның авторларына өте қолайлы келді және әсіресе, Алманияда жүзеге асырыла бастады. Немесе бұрынғы КСРО-ның құрамында болған барша үлкенді-кішілі ұлыс-ұлттар «Ұлы» халықтың жәрдемі мен шапағатының арқасында… деп келетін және де кезінде жиі-жиі айтылатын осы сарындас сөздердің астарында жатқан мағына да «аға халықты» жәй ғана дәріптеу емес екендігін ұғыну қиынға соқпаса керек.
Қазіргі заман этнопсихологтарының ұстанған негізгі методтары көркем және мемуарлық шығармаларды, мәдени мұра мен тілді талдаудан және этностардың жекеленген өкілдерінің жүріс-тұрысы мен қимыл-қозғалыстарында байқалатын өзгеше ерекшеліктерді бақылау арқылы жинақталған материалдарды қорытудан тұрады. Олар өз халқының тарихындағы белгілі бір оқиғаны зерттеуге кіріскенде халықтың этногенезі туралы шежірелер мен аңыз-әпсаналарды, болжамдар мен деректерді, сондай-ақ ұлттық батырлар мен тарихи тұлғалар туралы жыр-дастандарды електен өткізіп, егжей-тегжейлі тексеруге күш жұмсайды; халықтың өзін-өзі тануы мен басқа халықтар жөніндегі тұрақты түсініктеріне зер салады; ірі этностық топтардың аз санды этностық топтарға қатынасы, топаралық қатынастар, олардың діндарлық деңгейі сияқты жәйттерді қарастыруға ден қояды екен.
Бұл жерде бұрынғы Кеңес Одағы ғалымдарының этни-калық-мәдени айырмашылықтарды психологиялық тұрғыдан зерттеп, зерделеудегі жетістіктерін бекерге шығаруға болмайтынын атап өткен жөн. Этнопсихологияның ғылым ретінде аяққа тұрып кетуіне А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский сияқты психологтар ат салысты. Мәселен, Выготскийдің адам психикасының табиғатын жүйелендірілген (системаландырылған) түрде зерттеудің басталуы турасындағы мәдени-тарихи концепциясы ірі психологтардың бірі В.С.Агеевтің сөзімен айтатын болсақ, бүгінгі күнде де қомақты шығармашылық әлеуетін жойған жоқ.
Десек те бұрынғы КСРО-да этнопсихология ғылымының өркендеп, қанат жаюына 1920-1930 жылдары этностық мәселелермен шұғылданған бір топ психологтардың нәсілшілдік бағытта жазылған шығармаларының кедергі болғанын айта кету керек. Әрине, психикалық процестердің ауқымында олармен біте қайнаса қалыптасқан этностық-мәдени айырмашылықтардың барлығын мойындаудың өзі турадан тура нәсілшілдік теорияға қызмет етеді деуге болмайды. Әйтсе де шет елдік этнопсихологтардың нәсіл-шілдік және геосаясаттық пиғылда жазылған шығармаларының ықпалымен бұрынғы
КСРО-да әр түрлі халықтардың этностық психологиясының өзіне тән ерекшеліктерін зерттеу үрдісі төбе көрсетті. Ал 30-жылдардың орта кезінен бастап ғалымдар этностық психологияны зерттеу ісін назардан тыс қалдыра бастады. Бұл жағдай ондаған жылдарға созылып, аталмыш ғылымның дамуына кесірін тигізбей қоймады. Бұдан кейінгі жылдарда этнопсихология мәселелерін зерттеуге тарихшылар, философтар, социологтар, демографтар бет бұрды; олар бұл мәселелерді ұлттық мінез-құлық, ұлттық сана-сезіммен байланыстыра қарастырды.
1960 жылдардың екінші жартысынан бастап тікелей мәдениеттер мен психикалық процестердің ықпалымен жүзеге шығатын халықтар арасындағы этностық айырмашылықтарға қызығушылық ғылыми жамиғат тарапынан арта түсті. Этностық психологияны, зерттеу мен оның әдіснамалық негіздерінің қалануында В.С.Агеев, С.М.Арутюнян, А.О.Бороноева, Ю.В.Бромлей, А.Х.Гаджиев, А.И.Горячева, А.Ф.Дашдамиров, Н.Д.Джандильдин, С.М.Джунусов, Л.М.Дробижева, И.С.Кон, Н.С.Королев, С.Т.Калтахчян, К.К.Малинауская, А.Н.Суторлин, А.К.Уледов және басқалардың еңбектері үлкен рөл ойнады.
Бұлардан тысқары этнография ғылымының өкілдері тарапынан ХХ ғ. 40 жылдардың ақыры мен 50 жылдардың басынан этностық жағынан өзін-өзі танумен байланысты және этностың материалдық рухани және мәдени тұрмысының барысында көрінетін этнос психологиясының өзіне тән ерекшеліктерінің әдіснамалық мәселелерін зерттеуде қыруар жұмыстар атқарылды. Бұл ретте В.Н.Мясищев, В.А.Ядов, Р.Я.Розен, Ю.П.Платонов, Л.И.Уманский, Р.С.Немов және Л.Н.Гумилевтардың есімдерін тілге тиек етуге болады.
Этностық қауымдастықтың психологиялық құрылымын анықтауда Л.И.Уманский тарапынан ұсынылған құрылымдық-параметрикалық тұрғы кәдеге асады. Ол бойынша, ұғымның субъективтік құрылымдық параметрлері мына блоктар төңірегінде түзіліс құраған:
Біріншісі – іс-әрекет субъектісінің бағыттылығы, ұйымшылдығы мен дайындығы;
Екіншісі – сананың интеллектуалдык, эмоционалдық және ерік-жігерлік коммуникабелдігі;
Үшіншісі – топтық субъектінің интегративтік, референттік, жетекшілік белсенділігі және микроклимат.
Бұл сипаттардың этностық топтар мен қауымдастықтар қатынастары ауқымында іске асатын кісілераралық өзара әрекеттесуінің барысында туындайтын әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың бәріне тән екендігі дәлелденген жәйт. Мысалы, бір ғана бағыттылық қасиетін алатын болсақ, ол топтың субъект тарапынан қабылданған өзара әрекеттесу мақсаттарын, мотивті, құндылық ориентациясы мен топтық қалыптардың құндылықтығын қамтиды. Олардың топтық сананың идеологиялық жақтарын құрайтыны белгілі. Айта кету керек, субъектінің бағдарды ұстануы оның басқа сипаттарын анықтайтын бағыттаушы күш ретінде танылады. Ал, субъектінің ұйымдастырушылдығының әлеуеті оның өзін-өзі басқаруға қабілеттілігін білдіреді; даярлық тобының субъектісі болған мүшелердің әлдеқандай бір өзара әрекетке дайындылығын, оған қажет болған тәжірибе, білім мен ыңғайлылығын қамтиды; интеллектуалдық коммуникативтілік өзара әрекетесуге қатынасушылардың өзара түсінісуін орнықтыруды діттейді; эмоционалдық коммуникативтілікке келетін болсақ, ол топ мүшелерінің арасында болатын байланыстардағы эмоционалдық әлеует пен эмоционалдық бағыттылықты анықтайды.
Р.С.Немов субъектінің әлеуметтік-психологиялық пара-метрлерінің қатарына ұжымдық, топтасушылық, жауап-кершілік, ұйымшылдық, ашықтық, хабардарлық пен контактілікті жатқызса, Журавлев этностың ұжымдық субъект ретіндегі өзара әрекеттесуінің негізі мақсатты бағыттылық, мотивтілік, құрылымдық пен ұйымшылдықта жатыр деп біледі.
Р.С.Немов топтық іс-қарекеттің әсіреқалыптық белсенділігін де көрсетіп берді. Мұның өзі әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан этностардың пассионарлығы мәселесін қарастыруға меңзейді. Этногенез «локомотивін» айқындайтын бұл ұғымды алғаш рет Л.Н.Гумилев қолданған. Автордың атап көрсеткеніндей, «пассионарлық – бұл қоршаған ортаны өзгертуге жететін қабілеттілік немесе физика тілімен айтсақ, ортаның агрегаттық жағдайының инерциясын бұзуға бағытталған ұмтылыс». Адамдардың бойынан табылатын пассионарлық импульсінің көлемі мен масштабтылығының қандай екенін осынау пассионарлық иегерлері тіпті өздерінің іс-қарекеттерінің салдарлары мен зардаптарын аңдай алмай қалатынынан-ақ көруге болады. Демек, пассионарлық күшінің кернеулігі сондай, оны тасушы жанның өзі сол пассионарлықтың нәтижесінде жүзеге келетін іс-қарекеттерін бақылай алмай қалады екен. Осы тұрғыдан этногенездің заңын төмендегіше тұжырымдауға болады: «Этностық ұжым тарапынан істелінетін жұмыс пассионарлық қуаттың деңгейіне тура пропорционалды болып келеді», мұнда «пассионарлық кернеу – бұл этносты құрайтын персондар санына тура бөлінетін пассионарлықтың саны».
Этностың қайсыбір бағытты ұстануын В.Н.Мясищев ұсынған субъект іс-қарекеті қатынастарының концепциясы негізінде де ұғынуға болады. Оның ерекшелігі мынада: психологиялық мағынада субъект қатынастары оның әлеуметтік тәжірибесіне негізделетін, орта мен уақыттық байланыстармен анықталатын, саналы да белсенді түрде таңдалатын тұтастай алғандағы іс-қызметінен құралады.
Лев Семенович Выготский (1896-1934) ең көрнекті орыс психологтарының бірі.
Выготский еңбектері жоғарғы педагогикалық мәдиниетпен ерекшеленеді. ХХ ғасырдың басы ойлау, сөйлеу, эмоциялар жайлы жұмыстармен айқын көрінеді. Ол дағдарыстың тарихи мәні бар деп есептеген. Бұл мән Выготскийй бойынша психологиялық әр түрлі бөлек бағыттарға бөлуін көрсетеді. 
Терең философиялық талдау негізінде Л.С.Выготский психологияның қайта құрылуын жасады. Л.С.Выготский үшін мынадай сұрақтар маңызды болды: қалайша адам өзінің дамуында «өзінің жануарлық» табиғатының шегінен шығады? Қалайша өзінің қоғамдық процессінде ол мәдени және еңбек ететін жан ретінде дамиды? Л.С.Выготский бойынша адам өзінің тарихи даму процесінде өзінің жүріс тұрысының қозғаушы күштерінен жоғары болады, адамның қоғамдық өмірге ғана оның жаңа қажеттіліктері пайда болады, қалыптасты және жетілді, ал адамның тарихи қасиеттіліктері көптеген өзгерістерге ұшырады
Жоғарыда есімдері тілге алынған философ, психолог және этнограф ғалымдардардың ой-ұсыныстары қазіргі заман этнопсихологиясының ғылыми жағынан негізделуіне айтарлықтай әсер етті. Алайда, бұл мәселенің зерттелуінің көп жақтары әлі күнге дейін назардан тыс қалғанына көзді жұмып қарай алмаймыз. Қазіргі кезең-келешекте азаматтық қоғам құруға, Қазақстандық-отаншылдық сезімдерін қалыптастыруға оң көзбен қарап, өткен мұра-тарихымыз, тіл және дінімізді құрмет тұтумен қоса, этностық тектілікті саналылау-сезінумен өзектес жәйттерді байыпты көзқараспен танып, талдауды да талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет