Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Бромлей Ю.В. Очерки истории этноса. - М.: Наука, 1983. - 567 с.
Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. - М.: Ди Дик,1997. - 640 с.
Гумилев Л.Н. Психологическое несходство этносов. //Психология национальной нетерпимости. - Мн.: Харвест,1998. - С.62-71.
КукушкинВ.С, Столяренко Л.Д. Этнопедагогика и этнопсихология. -Ростов/ н Д.: Феникс, 2000. - 448 с.
Лебедева Н.М. Введение в этническую и кросс-культурную психологию. - М.: Изд. Дом "Ключ", 1999.-224 с.
Қосымша:
Популярная этнопсихология. - Мн.: Харвест, 2004. - 384 с.
Саракуев Э.А., Крысько В.Г. Введение в этнопсихологию. - М: Ин-т. практич. психологии, 1996. - 344 с.
Современная этнопсихология. Хрестоматия. -Мн.: Харвест, 2003. 368 с.
Шпет Г.Г. Введение в этническую психологию. - СПб.: Изд. Дом "П.Э.Т".1996.-156 с.
Этнопсихологический словарь. - М.: Моск. пс-соц. ин-т,1999. - 343 с.
Этнопсихология. - Алматы: КазГУ,1998. - 134с.
Этническая психология. Хрестоматия. - СПб.: Речь, 2003. - 320 с.
Тақырып 13-14. Кросс-мәдени психологиядағы мәдениет ұғымы
Мақсаты: мәдениет ұғымына берілген әр түрлі анықтамаларды талдау және түсіну.
Түйін сөздер: мәдениет, рухани мәдениет, материалдық мәдениет.
Жоспар:
Мәдениет туралы түсінік
Мәдениеттің түрлері
Мәдениеттің атқаратын функциялары
Кросс-мәдени психологиядағы негізгі ұғымдардың бірі – мәдениет. Әртүрлі ғылымдарда мәдениетке 250 шақты анықтама берілген.
- Мәдениет - мінезді реттейтін компьютерлік бағдарлама (G. Hovstede, 1980);
- Мәдениет - белгілі бір әлеуметтік-мәдени топтың мүшелері әйтпесе басқа топқа жататын адамдарға қатысты қол жетімді мінез-құлық репертуарын тарылтатын ортақ шектеулер (А.Пуртинга, 1990);
- Мәдениет - бейсаналық ережелердің, стандартты процедуралардың және мінез-құлықтың жиынтығы (Н.М. Лебедева, 1999);
- Мәдениет - бұрыннан бері тұрғындардың белгілі бір экологиялық орнын сақтап қалуын қамтамасыз ететін, сол тілде сөйлеп, бір мезгілде бірге өмір сүргендердің барлығы үшін адамдар жасайтын объективті және субъективті элементтер кешені (Г. Триандис, 1994)
Американдық психолог Д.Мацумото (1996) мәдениетті адамдар тобымен ортақ көзқарастар, құндылықтар, наным-сенімдер мен мінез-құлық жиынтығы ретінде анықтады, бірақ әрбір адамнан өзінше ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Мәдени негізделген мінез-құлық, жалпы мәдени құндылықтарды және мінез-құлық нормаларын бөлісетін адамдар тобының нәтижесі болып табылатын рәсімдерде (ортақ, автоматты мінез-құлық режимдері) жазылуы мүмкін. Бұл тұрғыда мәдениет - бұл әлеуметтік-психологиялық тұжырымдама. Мәдениет - бұл үйреншікті мінез-құлық (оқыту үдерісінде игерілген мінез-құлық). Мәдениет - бұл ұлт немесе азаматтық емес: кез-келген елде елдегі басым мәдени стереотиптерді бөліспейтін халықтың шағын бөлігі болуы мүмкін. Мәдениет - бұл әлеуметтік құрылым ретінде де, жеке психологиялық құрылым ретінде де көрінеді. Мәдениеттегі жеке айырмашылықтар адамның мәдениетін құрайтын мінез-құлқының, құндылықтарының, наным-сенімдерінің және үлгілерінің игерілуінің әртүрлі деңгейлерінде көрінуі мүмкін. Егер сіз осы құндылықтарды бөліссеңіз, онда бұл мәдениет сізде, егер жоқ болса, онда сіз мәдениеттен тыс жердесіз.
Алғашқы кросс-мәдени зерттеулер негізінен кейбір психологиялық процестердегі мәдени айырмашылықтар туралы мәліметтерді жай жинаумен әрі сипаттаумен (дескрипция) ғана шектелді. Бұл жұмыс өте маңызды әрі қызық болғанымен, көптеген кросс-психология саласындағы мамандарды толық қанағаттандыра алмады. Олар мәдени айырмашылықтың себебі болып табылатын нақты психологиялық айнымалыларды тапқылары келді. Қалайша мәдениет осындай ерекшеліктердің қайнар көзі болып табылады дегенге теориялық және эмирикалық түрде жауап іздей бастады. Мәдениет адамның мінез-құлқын анықтайтын басым фактор ма әлде жай шектеуші фактор ма? «Мәдениет» ұғымы тым жалпы әрі абстракты түсінік болғандықтан оны нақты өлшеуге болатын психологиялық айнымалыға айналдыру қажеттілігі туындады. Кросс-мәдени психологтар (Г.Триандис, Г.Хофстеде және т.б.) мәдениеттің психологиялық өлшемі ретінде бірқатар параметрлер ұсына бастады. Әдетте біз «әлеуметтік тұлға», «саяси тұлға» сияқты ұғымдарды жиі қолданамыз. Ал, қоғамдық практиканың (халықаралық қатынас, мәдени алмасу, бизнес саласы, психологиялық консультация, білім беру және т.б.) бүгінгі сұраныстары «мәдени тұлғаны» ескеру қажеттігін талап етуде. Психологияға «мәдени тұлға» категориясын енгізсе де артық етпейді. Оның үстіне психологиялық білімдердің экспериментке негізделген фактілері мен мәліметтері қоры молайған сайын психология ғылымының экологиялық валидтілігіне қатысты шүбәланулар арта түсуде. Батыстық академиялық ғылыми психология («WASP») әр түрлі мәдени ортада өмір сүретін адамдардың мінез-құлқын түсіндіруге келгенде дәрменсіздік танытты. Психология ғылымына адам психикасын зерттейтін жалпы ғылым мәртебесінен, дәрежесінен айырылу қаупі туындады. Өйткені, қазіргі психологиялық ғылымдардың қорытындыларының әмбебаптығы проблемасы өткір тұр. Мысалы, психологияның әлеуметтік психология сияқты маңызды бір саласы Еуропа мен АҚШ-та дүниеге келгені мәлім. Осы саланың күллі жетістіктері мен жұрт мойындаған ғалымдары (әлеуметтік психологтар) осы аймақтардан шыққан. Алайда, Батыс – барған сайын азаю үстіндегі адамзаттың бір бөлігі ғана. Әлеуметтік психологиядағы ғылыми мәліметтердің 90 пайыздан астамы жер шарының 7%-дай халқын құрайтын Солтүстік Америкадан алынған екен. Әлемдік психологияның аса көрнекті тұлғасы, американдық ғалым Г.Триандис мынандай маңызды деректерді келтіреді: егер Жердегі барлық халықтар – 100% десек, онда оның 55% – азиялықтар, 21% – еуропалықтар, 9% – африкандықтар, 8% – Оңтүстік Америка және 7% Солтүстік Американың өкілдері екен. Адам мінез- құлқы тек дамыған, алдыңғы қатарлы елдерде жүргізілген зерттеулерге ғана емес әлемнің барлық елдерінде алынған мәліметтерді ескеруі тиіс. Статистикалық тұрғыдан да, демократиялық қағида тұрғысынан да көпшілік маңызды. Егер, психология ғылымы нағыз ғылыми қорытынды шығарғысы келсе, онда мәдени ерекшеліктерді ескеретін кросс-мәдени (салыстырмалы) зерттеулерін жүргізуі шарт.
Мәдениетті өзінің зерттеу нысанына айналдырған келесі пән – мәдени психология. Ол жеке бағыт ретінде АҚШ-та ХХ ғ. 80-жылдары пайда болды. Оның негізін қалаушылар М. Коул, Д. Брунер, Р. Шведер, Д. Миллер сияқты батыс ғалымдары. Мәдени психология АҚШ-тан бөлек Германияда едәуір дамуда. Мәдени психологияның іргелі қағидасы: мәдениет пен тұлға мінез-құлқы бөлінбес тұтастық болып табылады. Заарбрюкен мәдени психология мектебінің көшбасшысы Э.Бош мәдениетті тәуелсіз айнымалы деп қарастыруға және оны позитивистік, жаратылыстану ғылымдары тұрғысынан зерттеуге қарсы болды.
Біз ғылыми әдебиеттерде онша қарастырылмаған индигендік психология мәселесіне тоқталайық. Қазақша оны төлтума психология деуге болады. Бұл бағыттың ең жарқын өкілдерінің бірі кәріс психологы У.Кимнің пайымдауынша, «индигендік психология – басқа аймақтан алып келінбеген және тек «өздеріне» арналған ерекше психологиялық білім. Бұл тұрғыдан қарасақ, психологиялық құбылыстар әлеуметтік-мәдени контексте зерттелінуі тиіс, кез келген құбылысты психологиялық түсіндіру мен түсіну жергілікті стандартқа сай болуы тиіс. Индигендік психология жалпы барлық елдерді, мемлекеттерді қамтиды. Оның зерттеу нысанына экономикалық даму үстіндегі мемлекеттер, жаңа индустриялды мемлекеттер және экономикалық дамыған мемлекеттер де кіреді. Көбінесе адамдар индигендік психологияның зерттеу пәнін шеткері, оқшауланған жерлерде өмір сүретін «экзотикалық» адамдар жайлы антропологиялық зерттеулермен теңестіреді. Ол қате түсінік. Индигендік психологияның мазмұнын тек «Үшінші Дүниеде» өмір сүретін адамдар жайлы ғана білім емес, кез келген мәдени және этностық топтарға тән жергілікті, инсайдерлік білімдер жүйесі құрайды. Бұл бағыттың ұстанымы бойынша, іштегі, жергілікті адамдар ғана нағыз төлтума және жергілікті мәдени феномендерді толық түсіне алады, ал, сырттан келгендерге бұл түсінік шектелген түрде ғана қол жетімді болып есептеледі. Қазақтардың да тек өзіне тән мәдени синдромдары, индигендік тұлға концепциялары (мәселен, Абайдың «толық адам» концепциясы, Шәкәрімнің ар ілімі сияқты) бары белгілі. Өкінішке орай, батыстық әдіснамадан өзгені мойындамайтын қазақстандық психологтар ондай тақырыптарға бойлап бара бермейді. Сонымен, зерттеушілер индигендік психология ретінде белгілі бір мәдени дәстүрге негізделген психологиялық ой-пікірлер мен практиканың жүйесін атап жүр. Индигендік психология әлеуметтік мінез-құлықты зерттейтін ғылымдардың мәдени аспектіні ескеру қажеттілігінен туындап отыр. Индигендік психология осы талаптарды ескереді. Өйткені, индигендік психологтар жергілікті (локалды) адамдар қоғамының әлеуметтік-мәдени фактісіне сәйкес келетін мінез-құлық туралы ғылымды дамытқысы келеді. Индигендік психология батыстан бөлек қоғамның дәстүрі, нанымы, сенімі мен идеологиясын бейнелейтін психология. Батыстық психологияның басымдығына қарсы реакция (жауап) ретінде өмірге келіп отыр.
Белгілі зерттеуші Л. Н. Гумилев негіздегендей, жалпыадамзаттық мәдениет дегеніміз оны құрайтын этностық мәдениеттер. Американдық тіл жоқ, алайда американдық мәдениет бар, дәл солай аргентина тілі жоқ, бірақ, аргентиналық мәдениет бар. Сонымен, этносфера бары ақиқат дүние. Бүгінгі таңда жер бетінде бес мыңнан астам этностық топ, екі жүзге жуық тәуелсіз мемлекеттер тіршілік етуде. Олардың өз тілдері, өзіне тән ойлау және өмір сүру салттары, құндылықтар жүйесі бар. Этностан тыс адам жоқ. Алайда, олардың даму деңгейі әр дәрежеде. Жалпы, этностық топтарды үшке бөлуге болады: жойылатын, жойылғысы келмейтін және еш жойылмайтын қуатты этностар. Біз – қазақтар қайсысымыз? Жануарларды қорғайтын Қызыл кітап бар, ал, этностарды ше? Демек, әр этнос өзін-өзі қорғауға тиіс. Әр халық өзіндік этномәдениет жасайды. Біреулері оны келесі ұрпаққа жеткізіп сақтай алады, ал, біреулері сақтай алмайды. Сөйтіп өздерін жоғалта бастайды. Мәдениеттерді унификациялайтын жаһандану құбылысы бұл үрдісті тездетуде. Сондықтан, саяси қайраткерлер мәңгілік ел болу идеясын орынды көтеріп отыр. Өйткені, мәңгілік елдің негізінде мықты мәдениет жатыр. Оның айқын дәлелі көрші Қытай елі. Демек, мәдениеттің ғаламдық бәсекелестіктегі маңызды рөлін еш естен шығармауымыз керек.
Мәдениет деп нені айтамыз? Мәдениет ұғымы алғашында адамның табиғатқа ықпал етуін, табиғат күштерін бағындырып, өзінің көздеген мақсатына жетуін көрсетуге қолданылды. Мәдениет халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығын, адамның рухани ізденістерін, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандарын жинақтайды. Адамзаттың рухы, келбеті, еркі, бостандығы, тарихи санасы, жады, философиялық жүйелері, рәміздері, өмірлік сабақтары, діні, тілі, ділі, мұраты, бәрі мәдениетпен біте қайнасып жатыр.
Мәдениет — материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін адамның өмірі мен әрекетін ұйымдас-тыру тәсілі, қоғам мен адамның тарихи даму деңгейі.
Материальдық және рухани мәдениет жетістіктерінің жиынтығы мәдени игіліктерді құрайды. Оларға: техника мен құрал-жабдықтар, тұрмыстық мәдениет заттары, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар жатады. Мәдени игіліктердің ішіндегі ең елеулісі — көркемөнер. Көркемөнер — мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін факторлардың бірі. Көркемөнер адамды сұлулыққа ұмтылдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |