Тақырып-11: Мотивацияны психодиагностикалау Мақсат: Әдістермен жұмыс жасай білуге дағдыландыру



бет4/5
Дата29.12.2021
өлшемі27,28 Kb.
#106331
1   2   3   4   5
Байланысты:
кіші мектеп сөж 11

Бірініші категория – ой - өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар. 
Екінші категория – жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар. 
Үшінші категория – дарындылық күш – қажырымен ерекшеленетін оқушылар.

Бала дарындылығының негізгі белгілерін Ү. Б. Жексенбаева өз еңбектерінде былай көрсеткен: 


- арнайы психометриялық тест; 
- баланы бақылаудың түрлі тәсілдері (оқу және оқудан тыс


әрекеттерінде, зертханалық жағдайларды) 
- арнайы бағдарлама аясында сынақ сабақтарын өткізу; 
- педагог тарапынан оқушының іс - әрекеті мен мінез -


құлқын эксперттік бағалау; 
- әр түрлі зияткерлік жарыстар, байқаулар, олимпиадалар т.б.


өткізу; 
- оқушы шығармасының туындыларын эксперттік бағалау; 
- арнай психодиагностикалық тренинг;

Дарындылық - жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Сондықтан оларға тән ортақ көрсеткіштерді белгілеу мүмкін емес. Әйтсе де, Ү. Б. Жексенбаева өз еңбекетерінде дарындылықтың бірнеше көрсеткіштерін берген. Олар – психомоторлық, интеллектуалдық, академиялық, шығармашылық және әлеуметтік дарындылық. 


Дарындылықты анықтау сауалнамалары баланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз психологиялық сапаларын дәлірек анықтау мен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұймдастыру үшін қажет. Психоөлшеу сауалнамалары бала бойындағы қайсыбір дарынның байқалуы мен өзгеру қозғалыстарын зерделеуде септігін тигізеді. Дарындылық табиғатының ғылыми тұжырымдамаларының ішіндегі ең маңыздысы динамикалық тұжырым болып табылады. Ол қабілетті балалар диагностикасы туралы қалыптасқан, яғни, дарынды балаларды «бір сәттік» іріктеу сатысынан оларды жетілдіру мен оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып, ұзақ мерзімді диагностикалау сатысына дейінгі кезең туралы бір жақты пікірді түбегейлі өзгертеді. Дарынды балалар диагностикасын ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі - теориялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейлерден тұратын диагностика моделін шығару болып табылады. Демек, дарынды балаларды анықтау – арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады. Оқушының дамуы мен тәрбиелілік деңгейін диагностикалаудың барлық түрлері сияқты бала дарынын анықтауда бала оқитын сыныптың сынып жетекшісімен және психологпен ата-ана пікірлерін ескеріп, мүмкіндігінше педагогикалық кеңестер жүргізген дұрыс.

«Оқушыны ғылыммен тәрбиелегің келсе,- деді ғалым, ол - өз ғылымыңды сүй, сонда ғана тәрбиелей аласың, ал оны өзің сүймесең, онда қанша күш салсаң да, ғылым тәрбиеге ықпал жасай алмайды.»


Оқушы тұлғасына ықыласпен көңіл қою – бұл сынып ұжымының расында оның ешкімге ұқсамайтындығын, мінезінің ерекшелігін, еркін ойын, қылығының айрықша екенін мойындау. Педагог әр баламен ерекше санасуы қажет.
Оқушы мен мұғалімнің жекеше қарым-қатынасы мектепте және басқа ортада кез-келген себеп пен формада іске асады. Қатынасудың тәжірибесіндегі көп кездесетін формалары сабақтан тыс әңгіме, үй жағдайындағы сөйлесу, жеке кеңестер, серуен кезіндегі қысқа әңгімелермен алмасу, мектептегі кештер немесе басқа мекемедегі сұхбаттар. Жеке қатынасудың мұғалімге қоятын талабы көп, ол тәрбие міндеттерін іске асыру кезінде түрлі формаларды пайдалана алуы қажет.
Бұл кезде мұғалімнің алдында ең басты психологиялық міндет тұрады: ол оқушыларды тани білу, талабын ашу,бағалы қасиеттерін табу, оған кедергі болып жүрген жағдайлардан алып шығу т.б. әрбір оқушының өз темпераменті, қабілеті мен мінезі болады. Бұның бәрімен санасу қажет. Сондықтан әрбір оқушылармен әр түрлі қатынасып көңіл қойып, жұмыс істеу керек. Бұл үшін өзінің нақты мамандандырылған, жекешеленген қарым-қатынас стилінің болғаны дұрыс. әрбір оқушымен ізгілікті түрде қатынасудың ең қажет психологиялық талабы – ол құнттылық, ықылас қою, өтімділік және асықпаушылық.
Оқушымен табысты жұмыс істеудің кепілдігі – үздіксіз шыншыл, өзара сынмен талдау арқылы тәрбиеленушілермен өзара байланысу. Әңгіме, кездесу, сөйлесуде әрқашан ұтымды жағын тауып, баланың ішкі жан дүниесімен күресе білетін нақты көмекшілерді іздеп таба білу қажет. Оқушылармен жұмыс істегенде ең бастысы – жақсы ұжым тудыра отырып мұғалімге барлық тәрбиелеу ісіне көмек жасау. Маңызды тәрбиелеудің құралы – мектеп жұмысына біріккен сынып ұжымы. Барлық сыныптың жақсы жұмысының арқасында  әрбір оқушыға әсер ете алу әдістері оңай табылады. Ерекше көңіл аударарлық сфера болып, оқушының ата-анасымен мұғалімнің қарым- қатынасы саналады. Мектептің алдына  қойған міндеттер келер көмекті күшейтуді, жас өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесіне деген жауапкершілікті көтеруді үздіксіз талап етеді.
Оқушы тәрбиесінің тиімділігін жоғарылату көп жағдайда жанұя және мектептің талабы мен ынтасын келістіре жұмыс істеуіне байланысты.
Көзге түсерлік рөлді мұғалім мен оның оқушылар ата-анасымен өзара қарым-қатынасы ерекше орындайды. Олардың бірге жұмыс істеуі – оқушының үй жағдайындағы ерекшелігі туралы жан-жақты ақпарат алуына, жанұядағы өзара қарам-қатынас туралы мінезіне, ата-ананың өз баласының үйірмелердегі, секциядағы жетістіктері мен кемшілігі туралы біліп отыруына үлкен әсер етеді. Осыған байланысты ата-ананың өз балаларына деген тартылымдылығын, оларға қандай бағдар беріп отыратындығын байқауға болады. Осындай ақпараттарды мұғалім қаншалықты кең алып отыратын болса, оның ата-ана мен оқушыларға педагогикалық тиімді әсер етуінің мүмкіндіктері өте үлкен болмақ .
Педагогтың оқушы ата-анасымен қатынасуының өзіндік ерекшеліктері бар. Ата-ананың өз баласына деген  сүйіспеншілігінен мұғалімнің қылығы мен талабын шектен тыс субъективті деп кездеседі. Ата-анаға өз баласының кейбір қылығы іс-әрекеті тәрбиеге сай келмесе, ол мұғалімге деген көңіл толмаушылыққа әкеліп соғады, ал оған мұғалімнің немқұрайлылығы қосылса, оның нәтижесі мектепке деген кері көзқарасты тудыруы мүмкін.  
Мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Мұғалім, оқушы, ата-ана сабақтастығының айқын көрінісі. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында дарынды оқушылармен жұмыстануды көздеп, өз еңбек жолымда түрлі оқушылармен жұмыстанып, бүгінгі таңда көптеген оқушыларымыз пән бойынша түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап айтсам, Шынарова Анара облыстық "Мұқағали оқулары" сайысында екі жыл қатарынан жүлделі орынға ие болды. Байболатов |Самат  облыстық "О. Бөкей оқулары" сайысында ІІІ орынға ие болды. Айталипов Мирлан облыстық "Махамбет оқулары" 2014 жылы ІІІ орынға ие болды. Болашақта да үздіксіз ізденіп, талмай еңбек етсек, жетістігіміздің де еселенетініне сенемін.

Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олардың білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейіне оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, өйткені ХХІ ғасыр білімділер ғасыры. Ендеше, бізге ой - өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан - жақты, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәттен естен шығармағанымыз жөн.

«Баланы оқытудың мақсаты - оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамуға қабілетті ету»
Эдгард Хабард




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет