Тақырып-11: Мотивацияны психодиагностикалау Мақсат: Әдістермен жұмыс жасай білуге дағдыландыру



бет3/5
Дата29.12.2021
өлшемі27,28 Kb.
#106331
1   2   3   4   5
Байланысты:
кіші мектеп сөж 11
22 ур. №13 практикалық сабақ. Фразеология, тұрақты сөз тіркестері., 22 ур. №13 практикалық сабақ. Фразеология, тұрақты сөз тіркестері., Ëåêöèÿ 1 ʳð³ñïå «Èíæåíåðë³ê æ?éåëåð, æåë³ëåð æ?íå æàáäû?òàð», SHC-QA-Telemedicine Underlying-Conditions RU 5.20.20
Күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады;

  • Шоғырлану: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлану қабілеттері бар;

  • Ерте символдық белсенділік: олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды.

     

    Өз тәжірибемде осы өлшемдерді ескере отырып, оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді басшылыққа аламын;



    • баланың отбасы жағдайын зерттеу;

    • шығармашылық қабілетін анықтау ;

    • сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу;

    • ата-анасымен әңгімелесу;

    • пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру;

    • оқу жылы басында дарынды балаларға арналған тиімді жоспар жасалуы керек.

    Дарынды балаларды оқытумен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет - балалардың қабілеттері мен талаптарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады. Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдау мен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Дәл қазіргі уақытта баланы дарынды және дарыны жоқ деп бөле отырып, біз баланың келешек өміріне жасанды түрде қол сұғып отырмыз. Өйткені баланың бойындағы қайталанбас ерекшелігі өсе келе баланың, шын мәнінде, талантты болатынына кепілдік бола алмайды. Ең алдымен, баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Одан кейін міндетті түрде ата-анасымен тығыз байланыс жасап, ол баланың неге бейім екендігін ескеріп, үйден көбірек қадағалауын ескерткен жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты ойындар, шығармашылық тапсырмалар, логикалық жаттығулар пайдаланудың мәні зор.

    Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек? Ол үшін:


    •Дарынды оқушыны анықтаған кезде оқушының

    жеке құжаттарын, мінездемесін, сынып журналын зерттеу;
    • Оқушының сабақтағы, сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне бақылау

    жасап, талдау жүргізу;
    • Әр түрлі әдістерді пайдаланып, оқушы білімін тексеретін

    жұмыстарды ұйымдастырып, баланың білім деңгейін

    анықтау керек.

    Әрине мұндайда пән мұғалімі сынып жетекшімен, ата-анамен және мектеп психологімен тығыз байланыста болуы шарт. Баланың қабілетін дұрыс анықтауда бірден-бір көмегін тигізетін осы жандар екенін білеміз.

    Дарынды балалар қандай?

    Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі. Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н. С. Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берді. 




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет