Тақырып №5 ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары



бет3/3
Дата26.01.2022
өлшемі110,77 Kb.
#114911
1   2   3
Байланысты:
Тұрлыманова Ә.ЖХМ-011. 23-39 ОБӨЖ
ГЕОГРАФИЯ 5-10 ТЖБ, Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту шаралары 1, Документ (2) география
Тәуелсіз Қазақстан

Тақырып №7 Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының

қалыптасуы

38-тапсырма. 1990 ж. 25 қазанда Қаз КСР мемлекеттік егемендігін жарияланып, Декларациясы қабылданды. Онда не туралы жазылған?



  1. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды

  2. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды.

  3. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді.

  4. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды.

  5. Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді.

  6. "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері (хим., бактериолог., биолог., т.б.) үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды.

  7. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын, солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқы бар" делінді

39-тапсырма. Құжатпен жұмыс.

1991 ж. 1 желтоқсанда ҚР тұңғыш Президентін сайлауы болды.



1991 жылғы 16 желтоқсанда «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңы қабылдаған. Осы екі ірі оқиғанының тарихи маңызы?

Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, халықтың бірлігін қамтамасыз етуші, ел Конс­титуциясының мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бос­тан­дықтарының нышаны әрі кепілі ретіндегі рөлі негіз етіп алынғаны белгілі. 1991 жыл­дың 1 желтоқсанында Қазақстан тарихында алғашқы рет жалпыхалықтық Президент сайлауы өткен болатын. Бұрынғы Кеңестер елінің ыдырап кетер алдында болғанымен де, осы сайлаудың бұған дейінгі барлық сайлаулардан ерекшелігі айтпаса да түсі­нікті. Тәуелсіздігімізден сәл ғана бұрын өт­кен осындай ерекше сайлаудың нә­ти­же­сінде егемен елдің негізін қалаушы Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев жалпы­ха­лық­тық сайлаудың қорытындысына орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті болып бірауыздан сайланды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет