Тақырып №5 ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары



бет1/3
Дата26.01.2022
өлшемі110,77 Kb.
#114911
  1   2   3
Байланысты:
Тұрлыманова Ә.ЖХМ-011. 23-39 ОБӨЖ
ГЕОГРАФИЯ 5-10 ТЖБ, Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту шаралары 1, Документ (2) география

Тұрлыманова Әсел ЖХМ-011 ОБӨЖ

Тақырып № 5 ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары

23-тапсырма. Кестені толтырыңыз.



ХХ ғ. 40-50-ші жж. қоғамдық

Идеология



Қоғамдық ғылымдарға қарсы шаралар (қаулылар): себебі, мәні

Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш - Коммунистік партия болып, оның басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жүмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды. Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай біліумен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті. Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты қүндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік өдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII съезінің құжаттарында жазылған социализм қрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемгілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың жалғасы еді.

КОКП Орталық Комитетінің жеке адамға табынушылықты және оның зардаптарын жою туралы қаулысы (1956 жыл 30 маусым, үзінді)КОКП Орталық Комитеті жеке адамға табынушылық пен оның зардаптарын жою жөнінде соңғы уақытқа дейін партияның жүргізген жұмысы қазірдің өзінде-ак жақсы нәтижелерін берді деп санайды. Партияның XX съезінің шешімдеріне сүйене отырып, КОКП Орталық Комитеті барлық партия үйымдарын мынаған шақырады: тарихтың жасаушысы, адамзаттың барлық материалдық және рухани байлықтарын жасаушы болып табылатын халық туралы, қоғамды кайта құру жолындағы революциялық күресте маркстік партияның шешуші рөлі туралы марксизм-ленинизм ілімінің аса маңызды кағидалары біздің бүкіл жұмысымызда дәйектілікпен сақталсын; партиялық басшыльщтьщ лениндік принциптерін, ең алдымен жоғары принципті басшылықтың ұжымшылдығын барлық партия ұйымдарында, жоғарыдан төменге дейін, мейлінше катаң сақтау жөнінде, партиямыздың жарғысында баянды етілген партия тұрмысының нормаларын сақтау жөнінде, сын мен өзара сынды әрістету жөнінде соңғы жылдары партияның Орталық Комитеті жүргізіп отырған жүмыс онан әрі кажырлылықпен жүргізілсін; Кеңес Одағының Конституциясында жазылған кеңестік социалистік демократизмнің принциптері толығымен калпына келтірілсін, революцияның социалистік зандылықты бұзушылықтық бәрі ақырына дейін түзетілсін; алтыншы бесжылдық жоспардың міндеттерін практикада жүзеге асыру жолындағы күреске біздің кадрларымыз, барлық коммунистер және қалын еңбекшілер бұкарасы жұмылдырылсын, бұл үшін тарихтың шын мәнісіндегі жасаушысы - бұқараның творчестволық инициативасы мен жігері барынша әрістетілсін. КОКП съездерінің, конференцияларының қарарларымен шешімдері.

24-тапсырма. Кестені толтырыңыз. 1950-60 ж.ж. елдің саяси дамуындағы маңызды оқиғалар.

1947 жыл

Өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында өндіріс көлемінің ұлғаюы, тауар айналысының, мемлекеттік кірістердің көбеюі ақша реформасын жүргізуге (КСРО Кеңес министрлігімен БКП(б) ОК қаулысына сәйкес 1947ж. 14 желтоқсанда «Ақша реформасын жүргізу туралы және азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды алып тастау туралы») мүмкіндік берді.

1949 жыл,29 тамыз

Семей полигонында ядролық сынақтар жүргізіле бастады

1956 жыл,акпан

КОКП XX съезінің шешімдері

1954 және 1956 жылдары КОКП Орталық

Комитеті мен Кеңес үкіметінің шаралары



Тың игеру Қазақстанның өндіргіш күштерін дамыту мәселесіндегі қарама-қайшылықтарды шиеленістіре түсті. Тың игеруге өте көп мөлшерде материалдық және қаржы қоры жұмсалды. Республика 1954 — 1956 жылдары көптеген тракторлар мен астық комбайндарын, жүк таситын және арнаулы машиналар, электр станцияларын, трактоp соқаларын, дәнсепкіштер сатып алды. 1954—1958 жылдары мемлекет ауыл шаруашылығын механикаландыру, өндірістік құрылыс мекемелерін салу үшін 9,7 млрд сомнан астам қаржы жұмсады. Соның нәтижесінде тың жердің өндірістік инфрақұрылымы республиканың өзге аймағына қарағанда қарқынды дамыды. Қазақстанның оңтүстік және батыс облыстары бұл салада қысым көрді. Бұл жақта өндіргіш күштер тапшылығы өсті, әлеуметтік-экономикалық жағынан да тың игерілген аудандардан артта қалушылық байқалды.

1964 жыл, қыркүйек Пленумы

Пленум Н.С.Хрущевті КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және КСРО Министралер Советінің төрағасы міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Л.И.Брежневті сайлады, ал Кеңес Өкіметінің басшысы етіп КСРО Жоғарғы Кенесі А.Н. Косыгинді тағайындады.

1965 жж. Шаруашылық реформалар

. 60-жылдардың ортасында кеңес экономикасын барынша нығайтуға тырысқан ел басшылығы жаңа шаруашылық реформаларын жүргізе бастады. Бұл бір уақытта бірнеше саланы - енеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығын қамтыған, соғыстан кейінгі кезеңдегі экономиканы қайта ұйымдастырудағы ең, ірі шаралар болды. Сол кездегі КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы A.Н.Косыгин бастаған реформашыл күштер экономиканы басқарудағы әкімшілдікті сынай отырып, өнеркәсіпті басқаруды салалық қағидамен, жузеге асыруды, өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құруды ұсынды. Кәсіпорындарға дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен ене бастап, қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған түрде қолданыла бастады. 1965 жылы алтыншы шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы өнеркәсіпті басқару жүйесіне өзгерістер енгізу мен бірқатар мемлекеттік жоспарлау органдарын қайта құру жөнінде заң қабылдады. Мұның соңынан осындай қаулылар мен заңдарды республикалық басқару органдары қабылдады. Осыған сәйкес өзгерістер Қазақ КСР Конституциясының мәтініне де енді. Қабылданған шешімдерге сай Қазақ КСР халық шаруашылығы Кеңесі мен экономикалық аудандардың совнархоздары таратылды. Республикада бірқатар одақтық-республикалық салалық министрліктер (түсті металлургия, геология, мелиорация мен су шаруашылығы т. б.) құрылып, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза-кағаз және ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары біріктірілді.

25-тапсырма. Сызбаны таратыңыз.

Өнеркәсіптің дамуы:

Ауыр индустрия кәсіпорындары: химия өнеркәсіпі Ақтөбе хром қосындылары зауаты, Қарағанды синтетикалық каучук зауаты, Қаратау кен-химия комбинаты.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі: «Мата тоқу компаниясы» АҢ (бұрынғы Алматы мақта-мата комбинаты), Семейдің «Тері-былғары» комбинаты, Шымкенттегі «Қазақиталкаракөл», Шымкенттегі «Восход» фабрикасы.

Қара металлургия: Қарағанды металлургия зауатыты мен Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты.

Түсті металлургия: Қарсақбай және Риддер мыс балқыту зауыттары, Кенді Алтайда Ертіс (Глубокое) қорғасын зауыты, Қаратаудағы байыту фабрикасы бар Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс балқыту комбинаты, Өскемен қорғасын-мырыш зауыты.



26-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. ХХ ғ. 60-70 жж. республиканың экономикасы

Өнеркәсіптің дамуы

Аса бай табиғат қорлары негiзiнде өнеркәсiп халық шаруашылығы кешенiнде жетекшi орынға ие болды. Iрi кәсiпорындар, жаңа шахталар пайда болды. Мұнай, болат, минералды тыңайтқыш, көмiр, т.б. табиғат қорларын ашудың көлемi көбейдi. Халық шаруашылығының мамандандырылған салалары (түстi және қара металлургия, отын-энергетикалық кешенi, т.б.) басымырақ дамыды. Павлодар, Екiбастұз, Қаратау, Жамбыл, Маңғышлақ аумақтық-өндiрiстiк кешендерi (АӨК) қалыптасты, Қарағанды — Темiртау, Шығыс Қазақстан, Торғай және Шымкент — Кентау аумақтық өндiрiстiк кешен дамытылды. 70-жылдардан бастап өндiрiс жоспарлы түрде шоғырландырылып, негiзгi өнiм түрлерiн неғұрлым iрi кәсiпорындар мен өндiрiстiк бiрлестiктер өндiрдi.

1965ж. шаруашылық реформасы

Бұл бір уақытта бірнеше саланы - енеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығын қамтыған, соғыстан кейінгі кезеңдегі экономиканы қайта ұйымдастырудағы ең, ірі шаралар болды. Сол кездегі КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы A.Н.Косыгин бастаған реформашыл күштер экономиканы басқарудағы әкімшілдікті сынай отырып, өнеркәсіпті басқаруды салалық қағидамен, жузеге асыруды, өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құруды ұсынды. Кәсіпорындарға дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен ене бастап, қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған түрде қолданыла бастады. 1965 жылы алтыншы шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы өнеркәсіпті басқару жүйесіне өзгерістер енгізу мен бірқатар мемлекеттік жоспарлау органдарын қайта құру жөнінде заң қабылдады.

Жұмысшы табының өсуі

Қабылданған бағдарламалардың негізгі мақсаттары: колхозшылардың табысын енеркәсіп жұмысшылары мен қызметшілердің табысына жақындату; бөлшек тауар айналысы мен ақылы қызметтердің өсу қарқыны есебінен ауылдың әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуін жақсарту; ауылда қалалық, тұрмыс жағдайларына жақын жағдайлар қалыптастыру еді, кейінірек - өлеуметтік-мөдени маңызы бар нысандар - клуб, ауруханалар, медициналық пункттердің қауырт құрылысын жүргізу міндеттерін жүзеге асыру көзделді. Ауыл шаруашылық қызметкерлеріне негізгі жалақыға қоса жұмысты өз уақытында өрі сапалы аткарғаны үтттін, біліктілік дережесі, мал шаруашылығындағы жоғары өнімділігі үшін қосымша ақы төлеу т. б. тағайындалды. Экономиканың ауыл шаруашылық секторында реформалар, электрлендіру саясатын жүргізуде сол кездегі республика Министрлер Кеңесінің төрағасы Бәйкен Әшімулы Әшімов улкен еңбек сіңірді. Ірі әлеуметтік қайта кұрулардың қатарына колхозшыларды зейнеткерлікпен қамтамасыз ету мен әлеуметтік жағынан қамсыздандырудың бірыңғай жүйесін жасау жөніндегі елеулі қаржы жұмсалған мемлекет шараларын жатқызуға болады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде совхоздардағы орташа айлық жалақы 1980 жылы 175,2 сомды құрап, 1965 жылмен салыстырғанда 1,8 есе кебейді. 1962-1963 жылдары 7 жылдық мектептен 8 жылдық мектепке кешу аяқталды.

Ауыл шаруашылығы

КОКП ОК-нің 1965 жылғы наурыз Пленумында ел басшылары тиімді аграрлық саясат талдамасын түзуге кезекті әрекетін жасады. КСРО үкіметі проблеманы шешудің жаңа жолдарын іздестіре бастады. 1967 жылы сәуірде КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі «Совхоздар мен өзге мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын толық шаруашылық есепке көшіру туралы» қаулы қабылдады. Ауыл шаруашылығына жүргізілетін тәжірибелер жалғаса берді.


1939—1970 жылдары қазақстандық жұмысшылар саны 224 мыңнан 823 мыңға өссе, қазақтардың үлес салмағы 26%-дан 24,1%-ға кеміді.
27-тапсырма. Сызбаны аяқтаңыз. Жұмысшы табының ұлттық құрамы.


Қазақстандағы тың эпопеясын жүзеге асыруға, орталықың ұйғаруымен жоспарлы ұйымдастырған көші-қон ғаламат этнодемографиялық өзгерістерге әкелді. Нәтижесінде Қазақстанның ұлттық құрамы түбірлі өзгеріп, қазақтар өз жерінде азшылыққа айналды.

Кеңестік дәуірдегі тұрғындар көші-қоны Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуын жеделдетудің құралы ретінде пайдаланылды.

Социалистік құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру үшін қажет мамандар Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан, Балтық өңірінен және барлық кеңес елінің түпкір-түкпірінен келген еңбекші мамандар есебінен қамтамасыз етілді

Индустриалдық салаларға қазақтардың нашар араласу себептері

Қай салаларда%

Тұрғылықты халық қазақтардыңтартылуы

28-тапсырма. Кестені толтырыңыз




Әлеуметтік экономикалық саясат

Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. Астық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты, интернационалды елге айналды. Қазақстан жерінде тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени обьектілер көптеп салына бастады. Көптеген жыл бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді.Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды.. Нәтижесінде тәртіпбұзушылық пен қылмыс етек алды.

Тың және тыңайған жерлерді игеру
Бидай түрі, сапасы

қамырлылығы да (клейковина), протейіні де көп, өте сапалы қатты бидай.

Экологиялық зардаптары

Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.

Малшаруашылығының дамуы артта қалды. Миллиондаған гектар жер жыртылғандықтан, малдың жайылымы, жемшөп дайындайтын жерлер азайды. Малшаруашылығының шығынға ұшырауынан ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.



Қоныс аудару

Тың жерлерді игеру мақсатында Қазақстанға көптеген жұмысшы келді. 1953-1958 жылдар аралығында совхоздар мен колхоздарға 266,6 мың механизатор, 1954 жылы Ақмола облысына тың игеру үшін 20000-ға жуық адам келді.

29-тапсырма. 60-шы жж. экономикалық реформалардың 1970 ж. басындағы көрінісі

Реформалардың негізгі мақсаты

Реформалардың сәтсіздікке

ұшырауының себебі



Түркістан және Дала өлкелерін басқару үшін тәжірибе ретінде жүргізілген бұл реформалар Уақытша ереже деп аталды. Ресей өнеркәсібі үшін Қазақстан бай шикізат көзі және тауар өткізетін рынок болды. Қазақстанның байлығын Ресейге толық тәуелді ету үшін патша үкіметі Қазақстандағы өзінің өкімет билігін нығайтуды көздеді. Осыған байланысты қазақ даласында жүргізілген әкімшілік-басқару реформалары сот, оқу-ағарту, алым-салық, жер, т.б. мәселелерді қамтыды

Адамдардың тұрмыстық жағдайы ескерілмей, салық жинаудың тепе-теңдік жүйесі енгізілді. Жаңа әкімшілік бөліктер жайылымдардың ғасырлар бойы қалыптасқан тәртібіне сай келмеді. Бір рудың жайлауы мен қыстауы көбінесе екі бөлікке бөлініп қалды.

30-тапсырма. Сызбаны таратыңыз


Бұдан кейінгі жылдарда да Далалық өлкенің уездік қалаларындағы демографиялық үдерісті дәл осы тенденция айқындайды. Мысалы, 1914 жылға қарай Петропавлдың халық саны 50 мың адамға дейін, Ақмолада 18740 адамға дейін өссе, Атбасардаың халық саны сол 1910 жылғы деңгейде қалып қойған. Яғни, негізінен өңірдегі сауда-өнеркәсіп орталығы болған уездік қалалардың халық саны өсіп отырған.

Источник: https://e-history.kz/kz/news/show/32058/?sphrase_id=50378

© e-history.kz

Далалық өлкенің басқа уездік қалаларына келер болсақ, онда тек Зайсан қаласында ғана халық санының шамалы өскенін атап өтуге болады: 1897 - 1910 жылдар аралығында халық саны небәрі 740 адамға ғана өскен. Осы кезде Көкшетау, Қарқаралы, Атбасар қалаларындағы халық саны біршама азайған. 1897 - 1910 жылдар аралығында Көкшетаудағы адам саны 4962-ден 4776 адамға дейін (186 адам), Қарқаралыда 4451-ден 2595 адамға дейін (1856 адам), Атбасарда 3038-ден 2973 адамға дейін (65 адам) азайған.

Источник: https://e-history.kz/kz/news/show/32058/?sphrase_id=50378

© e-history.kz

1897 жылдан 1910 жылға дейінгі аралықта Ақмола облысының уездік қалаларындағы халық саны 37376 адамнан 64837 адамға (1,7 есе) дейін өскен, осы аралықта Семей облысында 25312-ден 30450-ге дейін (1,2 есе) өскен.

Источник: https://e-history.kz/kz/news/show/32058/?sphrase_id=50378

© e-history.kz

Әлеуметтік экономикалық тенденциялары



1949 жылға қарай қабылданған қаулы бойынша Қазақстанның колхоздарына түрлі ұйымдардың 214 млн сом қарызы, көп мал, техника, 540 мыңға жуық, заңсыз тартып алынған жер қайтарылып беріліп, әкімшілік-шаруашылық басқару аппараты елеулі түрде қысқарды.



Ауыл

шаруашылығындағы

дағдарыстың

көріністері





1954 жылдың басына қарай мал басы саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда мардымсыз ғана өсті. Мал шаруашылығындағы жұмыстың ауыртпалығы мен қиындықтарын шабаңдар көрді. Олар өте ауыр жағдайларда жұмыс істеді, көптеген өркениет жетістіктерінен қол үзіп қалды, соған қарамастан еңбекте үлкен табыстарға қол жеткізді.


31-тапсырма. Кестені толтырыңыз. (тоқырау жылдары)



Халықтың тұрмыс дәрежесі:

тенденциясы мен қарамақайшылықтары



Саяси өмір және ұлттық қатынас

70-жылдардың бас кезінде әлемдегі саяси ахуалдың жұмсаруы, халықаралық шиеленістің бәсеңдеуі тән болды. Өзгерістер жағдайында Қазақстан өзінің халықаралық байланыстарын нығайтуға мүмкіндік алды. Өзге елдермен мәдени және экономикалық қатынастар күшейе түсті. Алдыңғы бесжылдықтарда Қазақстан кәсіпорындары өндіретін тауарларды сыртқа шығару ұлғая түсті. Алайда Қазақстаннан шетке шығарылатын өнімдер тізімі технологиялық жаңалықтардан емес, негізінен шикізаттық қуат көздерінен, мәселен, түсті металдардан, хром кені мен темір балқытпаларынан, жұқа болат тақталарынан, мұнайдан, т.б. тұратын еді. Қазақстан металл кесетін станоктарды, жол құрылысы жабдықтарын, электровоздарды, жиһазды, киімді, тағам өнімдерін, электр тауарларын, т.б. сырттан тасыды. Қазақстанның шетелдермен мәдениет саласындағы байланысы қарқынды дамыды

Қазақстандық жүздеген маман әлемнің көптеген елдерінде – Иракта, Египетте, Үндістанда, Монғол Халық Республикасында, Финляндияда, Ауғанстанда жұмыс істеді. Ғылыми байланыстар да сирек құбылыс болған жоқ. Қазақ КСР Ғылым академиясы шетелдердің ғылыми мекемелерімен бірлесе отырып, 31 проблема мен жеке тақырыптарды зерттеуге қатынасты. Химия ғылымдары институтының қызметкерлері өздерінің чехословакиялық және болғарлық әріптестерімен берік қатынастар орнатты. АҚШ, Франция, Италия ғалымдарымен байланыс жүзеге асырылды. Қазақстанда кеңес-сирия достығының күндері, Францияның КСРО-дағы күндері өткізілді. Қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік ұлт аспаптары оркестірінің әртістері, КСРО халық әртістері Е.Серкебаев пен Б.Төлегеновалар Францияның музыка сүйер қауымын өздерінің қайталанбастай тамаша әуез өнерімен тәнті етті.

32-тапсырма. КСРО-ның сыртқы саясаты. «Невада- Семей» қозғалысы.

Республика жұртшылығының 1989 ж. ақпанындағы митингісінде тұңғыш кеңестік “Невада- Семей” қозғалысының бастамасы салынды. Оны белгілі қоғам қайраткері, ақын О.Сүлейменов басқарды. Бұл қозғалыс бүкіл Қазақстан халқы тарапынан күшті қолдау тапты. Елдің көптеген қалалары мен аймақтарында оның бөлімшелері құрылды. Қысқа мерзімнің ішінде бұл қозғалыс неғұрлым ықпалды қоғамдық қозғалыстардың біріне айналды. Оны ядролық қарусыздану жолында күресуші халықаралық жұртшылық та қолдады.

Бұл қозғалыстың Семей облысы Қарауыл ауылының жанында 1989 жылы 6-тамызда өткен митингісінде КСРО мен АҚШ- тың халықтары мен Президенттеріне ядролық сынауға бірлесіп мораторий жариялау қажеттігі туралы үндеу қабылданды. Онда былай делінді: : «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық».

1990 жылы Алматыда өткен халықаралық Конгрессте «Невада-Семей» қозғалысына қосу, полигондарды жабу туралы сөз сөйлеп, халық талабын үкімет алдына қойды.

1991 жылы 28 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойылды.

33-тапсырма .1960-1970-ші жылдарға қазақ жастарының бейресми студенттік

үйірмелерінің ұлттық жаңғырудағы рөлі («Жас тұлпар»).

Бұл ұйымның негізгі мақсаттары: - Мəскеуде (кейіннен басқа қалаларда) оқитын жастардың оқуына көмек көрсету; - Қазақстандағы қазақ тілінің тағдыры жəне оның рөлін көтеру; - Қазақстаннан тыс жердегі қазақтардың (КСРО территориясындағы) тұрмыс-тіршілігімен танысу, оларға Қазақстан туралы көбірек мəліметтер (мəдени, əдеби жəне экономика, саясат, тағы басқа мəселелер) жеткізу. “Жас тұлпардың” сол кездегі бітірген істері жөнінде Бұл ұйым алдымен студенттердің оқу, тұрмыстық жағдайларын жəрдемдесуді қолға алып еді, сол ретте ұйымның Мəскеудегі Қазақстанның тұрақты өкілдігінде ай сайын шығатын “Жас тұлпар” атты қабырға газетінде үнемі осы қаладағы Қазақстандық студенттердің тіршілік жайы жарияланып тұрды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет