Тақырып №5 ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары


Тақырып №6 Қазақстандағы «қайтақұру» саясатының сипаты



бет2/3
Дата26.01.2022
өлшемі110,77 Kb.
#114911
1   2   3
Байланысты:
Тұрлыманова Ә.ЖХМ-011. 23-39 ОБӨЖ
ГЕОГРАФИЯ 5-10 ТЖБ, Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту шаралары 1, Документ (2) география
Тақырып №6 Қазақстандағы «қайтақұру» саясатының сипаты

34-тапсырма. Дерекпен жұмыс. Кестені толтырыңыз.

М.С.Горбачев (1985-1991жж.) елді басқарудағы реформаторлық бағыттың үстемдік алуы.

Жариялық

Саяси өмірдегі өзгерістер

Қайта құру саясатының негізгі бағыттары- қоғам өмірін демократияландыру және жариялықты дамыту, әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету болды. Жариялылық - мемлекеттік және басқа да институттардың іс-әрекеттерінің ашықтығы, ақпараттың кең таралуы, ұйымдар, мекемелер мен лауазымды тұлғалардың азаматтарға ашықтығы, қоғамдық пікірді анықтау және есептеу, қабылданған шешімдерді жариялау.

80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады. Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды.

35-тапсырма. 1986 ж. «Желтоқсан ызғары» тақырыбында өз көзқарасыңызды жазыңыз

Талай қазақ қыздары мен жігіттерін арамыздан алып кеткен "Құйын − 86" деген атпен болған "Желтоқсан оқиғасы" баршамыздың мәңгі есімізде қалады. Бұл көтеріліс – қазақ халқының тарихында болған ақтаңдақтардың бірегейі. Ал одан бергі аралықта еліміз Тәуелсіздік алып, шаңырағын биікке көтерді. Көптеген деректердің көздері ашылып, бұл оқиға түрліше айтылды. КСРО кезінде көтерілісті қаладағы бұзақылардың әрекеті ретінде көрсетуге тырысты, кейінірек көтерілісті "қазақ ұлтшылдығының көрінісі" ретінде таныды.

36-тапсырма.

Сызба конспект.




Жүзеге асуы

Қайта құрудың мақсаты:

КСРО-дағы әміршіл жүйені реформалау




Ұлтаралық қарамақайшылықтар

Саяси жүйедегі реформа

Әлеуметтікэкономикалық дамуды

жеделдету мақсаты



Экономикалық жағдай төмендеп, халықтың тұрмысы нашарлап, ұлттық сепаратизм бас көтеріп, ұлтаралық нараздық пайда болып (1986 жылғы желтоқсан айындағы Алматыдағы студеттер көтерілісі, армян мен әзірбайжан арасындағы Карабах шиеленіс, Прибалтикадағы 1987 тамыз айындағы қақтығыстар, т.б.), елде жалпы тұрақсыздық өсе бастады.

Осы кезеңде елдегі саяси жағдайы қатты тұрақсызданып, елде көптеген саяси топтар пайда болды. КСРО астам держава атағынан айырылып, «тәуелсіздіктер парады» басталады. Бұл кезең «қайта құрудың» ең ауыр уақыттардың бірі болған. КСРО-да дағдарыстардың нәтижесінде үстіне киетін дұрыс киімі де болмай, аяғына киетін аяқ киімі де болмай, нан мен қара су ішіп, «кедейшілік сызығынан» төмен түсіп күн көре алмайжүген адамдар көп болды. Мемлекеттік мекемелер жабылып жұмыссыздық орын тапты.

Осы соғы кезенің нәтижесі - Коммунистік партия жойылып КСРО-ның ыдырауы басталды.



Халық шаруашылығының «жылдамдату»саясаты. 1987 жылы қаңтар айындағы ЦК КОКП пленумда «Жеке кәсіпкерлік туралы заң» кабылданды. Кооперативтар ашылып, шет елдермен бірлескен кәсіпорындар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар секілді көбейді.

Жалпы әлемнің Совет Одағына деген көзқарасы өзгеріп, щығыс елдермен арадағы қарым–қатынасы жақсарды.



37-тапсырма. 1991 ж. 19 тамыздағы Мәскеуде өкімет билігін Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік Комитет басып алды.



Тамыз оқиғасының нәтижесі

КСРО – ның

ыдырауы ТМДның құрылуы



КОКП мен

тоталитарлық

жүйенің

өмірінің


тоқталуы

Нарықтық

экономикаға

көшу


1991 жылы 8 желтоқсанда Ресей басшысы Б.Ельцин, Украина басшысы Л. Кравчук, Белоруссия басшысы С. Шушкевич Беловежьеде «Вискули» үкімет резиденциясында кездесіп, КСРО-ның құрылуы туралы 1922 жылдың 30 желтоқсанындағы шартты бұзу жөніндегі келісімге қол қойды. Нәтижесінде КСРО халықаралық құқық субъектісі және геосаяси шындық ретінде күшін жойды. Құжатта: «КСРО халықаралық саяси құқық субъектісі және геосаяси шындық ретінде өзінің өмір сүруін тоқтатты», — деп жазылды. Сол жылдың 13 желтоксанында Ашхабадта өткен Орта Азия және Қазақстан Республикасы басшыларының кездесуі «Беловежье келісімін» қолдады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол жеткізді.

Мемлекеттік төнкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты.
1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партиясын тарату туралы шешім шықты. Осылай Қазақстан Коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына Қазақстан Социалистік партиясы құрылды.

Елдегі болып жатқан саяси процестер жастар ұйымына да әсер етіп, комсомол ұйымының беделі құлдырай бастады. 1991 жылы қазан айында болған Қазақстан комсомолының XVIII съезі шешімімен Қазақстан комсомолы тарады. Енді оның орнына қазақстан Жастар Одағы құрылды. Комсомолдан кейін Қазақстан пионер ұйымы да тарады. Республика Кәсіподағы көптеген ұсақ ұйымдарға бөлінді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет