Байланысты: Тақырып Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы-engime.org
Олар археологиялық, этнографиялық, антропологиялық, лингвистикалық және басқа да түп деректер болып бөлінеді
Дерек түрлері:1)Археология деректері Көне замандардан сақталған заттық дерек-төркіндердің немесе оларды басқаша атап жүргендей археологиялық ескерткіштердің зор маңызы бар. Заттық дерек-төркіндер, яғни еңбек құралдары, көне құрылыстардың қалдықтары, сәндік бұйымдар, ыдыс-аяқтар, тағы сондайлар-бұл оны жасаған қоғамның материалдық мәдениетінің қалдықтары.XIX ғасырдың аяғына қарай археологиялық ғылымда алғашқы тұрмыс тарихын зерттеу үшін өте үлкен маңызы бар археологиялық мәдениет туралы ұғым қалыптасты. Археологиялық мәдениет деп бір заманаға қатысты, жергілікті ерекшеліктерімен көзге түсетін және белгілі бір шектеулі территорияда жинақталған археологиялық ескерткіштердің ортақтығын айтады. Археологиялық мәдениет көбіне ежелгі тайпалар мен халықтардың оқшауланып тіршілік етуін керсетеді. Археологиялық мәдениет туралы ұғым мен оның пайда болып, таралуын және құрып кетуін зерттеу жазба дерек-төркіндер пайда болудың алдындағы кезеңдердегі тайпалар мен халықтардың тарихын реконструкциялауға мумкіндік береді.
2
2)Этнография деректері Тарих ғылымы салаларының бірі—жер шары халықтарының мәдениеті мен тұрмысын зерттейтін этнография осы тайпалар мен халық топтарын, сондай-ақ неғұрлым дамыған халықтардың тұрмысында сақталған алғашқы тұрмыс сарқыншақтарын ақтарып тексерумен шұғылданады. Этнографиялық төркіндердің арқасында өткен шақтағы қоғамдық дамудың әр түрлі сатылары туралы анағұрлым толық ұғым алуға қол жетті. Алғашқы тұрмыс қауымдық құрылыстын қайсы бір дәрежеде сипаттарын сақтаған тайпалар мен халық топтары жер шарының түрлі жерлерінде қазірде де өмір сүреді немесе осы таяудағы өткен шақта өмір сүрді. Олар түрлі сатыларда тұрады және дамудың әр түрлі кезеңдерінде болып саналады.
Бұлардың кейбіреулері, әлі мүлде металдарды білмейді және тас ғасырында өмір сүреді, екіншілері осы заманғы капиталистік дүниенің күшті ықпалына ұшыраған, бірақ қалайда өмірдің көне сиқының элементтерін сақтап қалған. Осы алыстағы өткен шақты реконструкциялау үшін, жоғарыда айтылып өткендей, сарқыншақтарды, яғни ең кейінгі қоғамдардағы сақталған өткеннің іздері мен қалдықтарын зерттеудің зор маңызы бар. Мұндай сарқыншақтар салт-саналарда ерекше айқын байқалады (құда түсу, той-думан, жерлеу салттарында), кейде бұлар киім-кешекте, әшекейлерде, үй құрылысында т. б. сақтала береді. Алғашқы тұрмыстық табыну және алғашқы тұрмыстық тіршіліктің басқа да көріністері фольклорда-әңгімелерде, өлең-жыр, толғау, жұмбақ, аяттарда, тағы басқаларда бейнеленіп қалған.