ЛИФО әдісі бойынша: Соңғы кіріс етілгендер, соның ішінде: бесінші топтамада кіріске алынғаны 70 дана, сомасы 10500 теңге, төртінші топтамада кіріске алынғаны 100 дана, сомасы 14000 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған 90 дана материалдардың сомасы 11700 теңге, 80 данасы сомасы 10400 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250 (70+100+80) дана сомасы 34900 (10500+14000+10400) теңгенің материалдары.
Материалдық қорларды ФИФО және ЛИФО әдістерімен бағалау барысында материалдардың талдамалық (аналитикалық) есебін олардың түрлері бойынша ғана жүргізіп қоймай, егер олар әр түрлі бағамен сатылып алынған болса, онда келіп түскен материалдарды олардың топтамасы бойынша есептеу керек.
Материалдар баланста нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар материалдар өздерінің топтамалық (синтетикалық) есебінде нақты өзіндік құнымен көрсетіледі де, ал талдамалық есебінде жоспарлы есептуе бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорын материалдардың талдамалық есебін келісілген бағасы бойынша есептейтін болса, онда олардың нақты құны материалдық қордың сатып алынған құны мен дайындау-тасымалдауы шығындарының қосындысынан тұрады.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
1. Қорлардың анықтамасы және жіктелуі.
2. Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалау.
3. Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалау әдістері.
Әдебиеттер тізімі:
негізгі (1- 10);
қосымша (1-7).
Достарыңызбен бөлісу: |