Тақырып. Ақша қаражаттарының есебі және оның баламалары. Дәріс жоспары: Ақшалай қаражаттары және олардың элементтері



бет45/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#96730
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
6. Краткое содержание лекций по ФУ 1

Бухгалтерлік баланс (мың теңге)



Активтер

Бет коды

Есептік кезеңнің соңында

Есептік кезеңнің басында

I. Қысқа мерзімді активтер










Ақша қаражаты және олардың эквиваленттері

010







Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

011







Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

012







Қорлар

013







Ағымдағы салықтық активтер

014







Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

015







Өзге де қысқа мерзімді активтер

016







Қысқа мерзімді активтердің жиыны

100







II. Ұзақ мерзімді активтер










Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

020







Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

021







Үлес қосу әдісімен есептелінетін инвестициялар

022







Инвестициялық жылжымайтын мүлік

023







Негізгі қаражат

024







Биологиялық активтер

025







Барланатын және бағаланатын активтері

026







Материалдық емес активтер

027







Кейінге қалдырылған салықтық активтер

028







Өзге де ұзақ мерзімді активтер

029







Ұзақ мерзімді активтердің жиыны

200







Теңгерім (100 бет+ 200 бет)










Пассивтер

Бет коды

Есептік кезеңнің соңында

Есептік кезеңнің басында

III. Қысқа мерзімді міндеттемелер

030







Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

031







Салықтар бойынша міндеттемелер

032







Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер

033







Қысқа мерзімді кредиторлық берешек

034







Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері

035







Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер

036







Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиыны

300







IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер










Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер

040







Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

041







Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

042







Кейінге қалтырылған салықтық міндеттемелер

043







Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер

044







Ұзақ мерзімді міндеттемелердің жиыны

400







V. Капитал










Шығарылған капитал

050







Эмиссиялық кіріс

051







Сатып алынған меншік үлестік аспаптар

052







Резервтер

053







Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)

054







Аздық үлесі

055







Капитал жиыны

500







Теңгерім (300 бет+ 400 бет+ 500 бет)










3. Пайда мен зияндар туралы есеп. Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру – шаруашылық қызметтен түскен пайда мен зиянға қамтылуы тиіс есептік бағалаудағы өзгерістер. Сыртқы пайдаланушылар үшін кірістер мен шығыстар туралы есеп беру қысқа формада жасалады.
Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру есептеу жүйесінен шыға отырып жасалады, сондықтан ағымдағы қызметтің ақша құралдарына және олардың ликвидтілігіне әсер етуі есеп беруде көрсетіледі. Кірістер мен шығыстар ақша құралдарының кемуімен немесе көбеюімен ілесіп отырмайды. Ақша құралдары сомаларының кемуі немесе көбеюі активтердің бухгалтерлік шоттарының өзгеруіне әкеледі.
Кірістерді мойындау өнімді (қызметті) өткізуден түскен кірістерді бухгалтерлік есепке алуды тіркеудегі тиянақтылықты анықтайтын есептеу қағидасына сәйкес іске асырылады. Мойындау, сонымен қатар, тауардың сатылған күні заң күші бар төлем міндеттемелерін сатып алушының жеткізушіге ұсынған кезде орын алады. Мойындау мүмкіндігі тауарға немесе қызметке айырбастау кезінде алынған қаржылық емес активтердің сатушарттарына сәйкес белгілі бір ақшалай көлемге айналуы кезінде пайда болады.
Кіріс алынған кезде көрініс табады, яғни келісім-шартқа сәйкес ұйым кіріс алуға құқық беретін жұмыс көлемін орындаған кезде көрініс табады.
Сонымен, пайда – ұйымның капиталы мен пайдасының көбеюі негізін құрайтын қаржылық нәтиженің маңызды факторы. Қаржылық есеп беруді құру жөніндегі әдістемелік рекомендацияда кіріс деп сальдоланған қаржылық нәтиже мойындалады және кезеңнің жалпы кіріс және жалпы шығыстарының арасындағы әртүрлілік ретінде анықталады.
Кірістерді жіктеудің бірнеше түрі бар. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдістемелері Департементінің анықтамасы бойынша, ұйымның кірістері негізі қызмет және негізгі емес қызмет нәтижелерінде пайда болуы мүмкін.
Негізгі қызметтен түскен кіріс – дайын өнімдерді өткізуден қосымша құн салығын, акциздерді және басқа салық түрлерін, міндетті төлемдерді және қайтарылған тауарлар сомасын, сатудағы жеңілдіктер сомасын, бағадағы жеңілдіктер сомасын шегеріп тастағандағы ақша сомасы немесе құралдар.
Негізгі емес қызметтен түскен кіріс – бұл айналымнан тыс активтерді өткізу, құнды қағаздарды асыра бағалау және т.б.
Салық салуға дейінгі негзгі қызметін сальдоланған қаржылық нәтижесі көрсеткіштерді есептеу жолымен анықталады: негізгі қызметтен түскен кіріс (залал) және негізгі емес қызметтен кіріс (зиян).
Салық салынғаннан кейінгі негізгі қызметтен түскен кіріс табыс салығы мен негізг қызметтен түскен кіріс арасындағы айырмашылық түріндегі есептеу жолымен анықталады.
Төтенше жағдайлардан түскен кіріс (залал) табыс салығын шегеріп тастағандағы төтенше жағдайлар нәтижесінің сальдолануымен анықталады.
Төтенше өзгерістер деп мыналар саналады:
- алдын ала болжанбаған жағдайлар (апатты жағдайлар, өрт, т.б.) салдарынан түскен түсімдер;
- сақтындыру өтемақылары;
- қалпына келтіруге жарамсыз материалдық құндылықтар бағасы және т.б.;
Таза пайда - есеп беру кезеңіндегі заңды тұлғаның алатын сальдоланған нәтижесі.
Қазақстанның әдістемелік рекомендацияға сәйкес, егер ағымдағы есеп беру кезеңінде қаржылық есеп беруді құру кезінде өткен кезеңнің қателері табылса, онда бұл қателерді түзеу ағымдағы кезеңнің таза пайдасы намасе зиянын анықтауға қамтылады; егер қателер өткен кезеңнің қаржылқ есеп берулеріне айтарлықтай әсер етсе және бұл кезеңдердің қаржылық есеп берулері щынайы емес болса, онда мұндай қателер маңызды деп саналады; маңызды қателерді түзету сомасы үлестірілмеген пайданың бастапқы сальдосын өзгерту жолмен есеп беруде көрінс табады және есеп беру кезеңінің таза пайдасы мен залалдарын анықтау кезінде қамтылады.


Пайда мен зияндар туралы есеп
мың теңге

Көрсеткіштердің атауы



Бет коды

Есептік кезең үшін

Өткен кезең үшін

Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс

010







Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

020







Жалпы пайда (бет 010- бет 020)

030







Қаржыландырудан түскен кірістер

040







Өзге де кірістер

050







Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге арналған шығыстар

060







Әкімшілік шығыстар

070







Қаржыландыруға арналған шығыстар

080







Өзге де шығыстар

090







Үлес қосу әдісімен есептелетін ұйымдардың пайдасының/залалының үлесі

100







Жалғасатын қызмет кезеңіндегі пайда (залал) (бет 030+бет 040+бет 050- бет 060 – бет 070 – бет 080 - бет 090+/- бет 100)

110







Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал)

120







Салық салғанға дейінгі пайда (залал) (бет 110+/-бет 120)

130







Корпоративтік табыс салығы бойынша залалдар

140







Аздық үлесті шегергенге дейінгі кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 130- бет 140)

150







аздық үлесі

160







Кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 150- бет 160)

170







Акцияға арналған пайда

180









4. Ақшалардың қозғалысы туралы есеп. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру – бұл ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің келіп құйылуы мен шығысталуы. Ақша эквиваленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары және облигация, қазынашылық векселі және т.б. сияқты өтімді бағалы қағаздар жатады. Ақша түсімдері туралы ақпарат, біріншіден, ұйымның ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін табу қабілеті, сондай-ақ ақша түсімдерін пайдаланудағы ұйымның мұқтажын бағалауға көмектеседі. Екіншіден, ұйымның таза активтеріндегі өзгерісті, оның қаржы құрылымын, сондай-ақ өтімділік пен төлем қабілетін бағалауға көмектеседі. Үшіншіден, әр түрлі ұйымдардағы операциялық қызмет туралы есеп берулерді салыстыруға мүмкіндік береді.
«Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарлармен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруде 3 түрге бөлінетін ақша түсімдері көрсетіледі:
- негізгі қызметтен түскен ақша түсімдері;
- инвестициялық қызметтен түскен ақша түсімдері;
- қаржыландыру жөніндегі қызмет.
Операциядан түсетін ақша түсімдері негізінен кәсіпорынның табыс келтіретін негізгі қызметінің барысында пайда болады.
Негізгі қызмет жөнінде мысал болып табылатындар:
- тауар сатудан және қызмет көрсетуден түскен ақша түсімдері;
- сыйақылардың, комиссия ақысының және басқа табыстардың ақшалай түсімдері;
- тауарлар мен қызметтер үшін жеткізушілерге төленген ақша төлемдері;
- қызметкерлерге ақша төлемдері;
- ақша төлемдері немесе табыс салығын өтеу, егер олар қаржыландыру жөніндегі қызметпен және инвестициялық қызметпен байланыссыз болса;
- шарттар бойынша ақша түсімдері немесе төлемедер.
Инвестициялық қызмет – бұл ұзақ мерзімді активтердің және ақша эквиваленттеріне қатысы жоқ басқа инвестициялардың сатып алынуы немесе шығарылуы.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде туындаған ақша түсімдеріне мыналар мысал болып табылады:
- негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және өзге де ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, сату кезіндегі ақша төлемдері немесе түсімдері;
- меншікті капиталды немесе басқа ұйымдардың қарыз міндеттемелерін, сондай-ақ бірлескен ұйымдардағы қатысу үлесін сатып алу кезіндегі ақша төлемдері немесе түсімдері;
- басқа ұйымдарға аванстық төлемдер және берілетін қарыз:
- басқа ұйымдарға ұсынылған аванстық төлемдерді өтеуден алынған ақша түсімдері.
Қаржыландыру жөніндегі қызмет – бұл нәтижесі меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс болып табылатын қызмет.
Қаржыландыру жөніндегі қызметке мыналар мысал болып табылады:
- акциялар немесе меншікті капиталдың басқа элементін шығарудан түскен ақша түсімдері;
- акция сатып алған кездегі немесе меншікті акциялардың төлеп алған кездегі акционерлерге ақша төлемдері;
- қамтамасыз етілмеген қарыз міндеттемелерін, займдарды, векселдерді, облигацияларды, басқа да қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді займдарды шығарудан түскен ақша түсімдері;
- алынған займдарды өтеу есебіне ақша төлемдері;
- қаржыландырылатын жолмен, яғни ұзақ мерзімді жалмен байланысты ақша төлемдері мен түсімдері;
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру екі әдіспен жасалады: тікелей және жанама әдіс.
Тікелей әдіске басымдылық беріледі, өйткені ол болашақ ақша түсімдерін бағалауда тиімді болатын ақпаратпен қамтамасыз етеді, ал оны жанама әдіс бере алмайды.
Тікелей әдісті қолданған кезде ақша қаражаттарының барлық түрдегі түсімдері мен олардың төлемдері туралы ақпарат екі тәсілмен алынуы мүмкін:
біріншіден, журналдар, қосымша ведомостер бойынша ұйымның есептік жазуларынан;
екіншіден, сату көлемін, сатылған өнімнің өзіндік құнын және есепті кезең ішінде тауарлы-материалдық қорларды, дебиторлық және кредиторлық берешектердегі өзгерістерді ескеріп, шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп берудегі басқа баптарды түзету жолымен;
басқа да ақшалай емес баптардан;
инвестициялық қызметтен немесе қаржыландыру жөніндегі қызметтен болағн ақша қаражаты қозғалыстарының нәтижесінде ақша әсері туындайтын басқа баптардан. Жанама әдіс бойынша операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттарының таза түсімі таза пайданы немесе зиянды түзету жолымен анықталады. Мұндағы ескерілетіндер:
- есепті кезең ішінде тауарлы – материалдық қорлардағы және операциялық қызметтен алынған дебиторлық және кредиторлық берешектерде болған өзгерістер;

  • тозу, амортизация, резервтер, салықтар, бөлінбеген пайда сияқты ақшалай емес баптар;

  • инвестициялық қызметтен, сондай-ақ қаржыландыру жөніндегі қызметтен алынған ақша қаражаттарының қозғалысы нәтижесінде алынған ақша әсері туындайтын өзге де баптар.

Түсіндірме жазбада ұйымдағы ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің маңызды сомалары ашылып көрсетіледі.
Ұйымның қалауы бойынша өтімділіктің қаржы жағдайын анықтау үшін пайдаланушыларға қажетті болып табылатын қосымша ақпарат алынып көрсетіледі.


Ақша қозғалысы туралы есеп (тура әдіс), теңге



Көрсеткіштердің атауы



Бет коды

Есептік кезең үшін

Өткен кезең үшін

I. Операциялық қызметтен ақша қаражаттарының қозғалысы

1. Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы

010







оның ішінде:










тауарларды сату

011







қызметтер көрсету

012







алынған аванстар

013







дивидендтер

014







өзге де түсімдер

015







2. Ақша қаражаттарының істен шығуы, барлығы

020







оның ішінде:










тауарлар мен қызметтер үшін берушілердің төлемдері

021







берілген аванстар

022







жалақы бойынша төлемдер

023







қарыздар бойынша сыйақылар төлеу

024







корпоративтік табыс салығы

025







бюджетке төленетін басқа да төлемдер

026







өзге де төлемдер

027







3. Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы (бет 010 – бет 020)

030





II. Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы

1. Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы

040







оның ішінде:










негізгі қаражатты сату

041







материалдық емес активтерді сату

042







басқа ұзақ мерзімді активтерді сату

043







қаржы активтерін сату

044







берілген қарыздарды өтеу

045







фьючерстік және форвардтық келісімшарттар, опциондар мен своптар

046







өзге де түсімдер

047







2. Ақша қаражаты мен олардың эквиваленттерінің істен шығуы, барлығы

050







оның ішінде:










негізгі қаражатты сатып алу

051







материалдық емес активтерді сатып алу

052







басқа ұзақ мерзімді активтерді сатып алу

053







қаржы активтерін сатып алу

054







басқа ұйымдарға қарыздар беру

055







фьючерстік және форвардтық келісімшарттар, опциондар мен своптар

056







өзге де төлемдер

057







3. Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының таза сомасы (бет 040 – бет 050)

060







III. Қаржы қызметінен түскен ақша қаражаты мен олардың эквиваленттерінің қозғалысы

1. Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы

070







оның ішінде:










акциялардың және басқа да бағалы қағаздардың эмиссиясы

071







қарыздар алу

072







қаржыланатын жалгерлік бойынша сыйақы алу

073







өзге де түсімдер

074







2. Ақша қаражаттарының істен шығуы, барлығы

080







оның ішінде:










қарыздарды өтеу

081







меншік акцияларды сатып алу

082







дивидендтерді төлеу

083







өзгелер

084







3. Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы (бет 070 – бет 080)

090







Жиыны: Ақша қаражаттарының көбеюі (+)/-азаюы
(бет 030 +/- бет 060 +/- бет 090)










Есептік кезең басындағы ақша қаражаты мен олардың эквиваленттері










Есептік кезең соңындағы ақша қаражаты мен олардың эквиваленттері












5. Меншікті капиталдың құрамындағы өзгерістер туралы есеп. Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру ұйымның меншікті капиталының қозғалысы мен жағдайы туралы, жарияланған капиталдағы, төленбеген және қосымша төленген капиталдағы өзгерістер туралы, сонымен қатар резервтік капиталдағы және үлестірілмеген табыстың (залалдың) құрылуы туралы көрсеткіштерді қамтиды.
Резервтің немесе капиталдың әр түрі келесі баланстық теңдеу қағидасы бойынша құрылған:
Осн + По – Ио = Оск ,
Мұндағы, Оск – есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары;
По – капиталдың көбеюі (есеп беру кезеңінде түскен);
Ио – капиталдың кемуі (есеп беру кезеңінде жұмсалған);
Оск - есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары.
Құралдардың қалдығы туралы мәліметтер бухгалтерлік есепке алудың мәліметтерімен анықталады. Жалпы жағдайдағы кему мен көбеюдің жеке түрлері бойынша меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру мәліметтерін нақтылау қаржылық есеп беруді құру жөніндегі Әдістемелік рекомендацияда көрсетілген.
Көпшілігінде, капиталдың көбеюі (По көрсеткіші) заң орындарымен бекітілген жарияланған капиталдың, резервтік капиталдың есебінен және негізгі құралдарды, инвестицияларды және үлестірілмеген табысты (залалды) қайта бағалау есебінен пайда болады. Есеп беру жылындағы капиталдың шығындалуы (Ио көрсеткіші) сипаты кезінде төленбеген капитал есебінен болған төмендеуді және есеп беру кезеңіндегі залалдарды жеке-жеке қарастыру керек. Сонымен қатар, акция көлемінің төмендеуінен, акция номиналының азаюынан болған кемуді де жеке-жеке қарастыру керек.
Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру ұйым активтерінің ұйымның өз меншігін құрайтын бөлігін сипаттайды.
Меншікті капиталдың бухгалтерлік есебі, оның ұсынылуы және жіктелуі, осымен байланысты құжаттарға сілтеме белгілі бір негізгі мақсаттарға ие. Солардың аса маңыздылары:
- ұйымға салынған капиталдың негізгі қайнар көздері арасындағы айырмашылықтарды көрсету және жіктеу;
- толық немесе біртіндеп жою кезіндегі үлес құнына беретін әдістерді және акционерлер приоритеттеріне құқықты анықтау;
- қандай да бір себептермен капиталдың үлестірілуі кездесетін заңнамалық шектеулерді анықтау;
- есеп беру кезеңінің үлестірілмеген табысын үлестіру реті кездесетін қаржылық, әкімшілік, заңнамалық, келісімдік (құрылтайшылардың келісімдері) шектеулерді анықтау;
- акционерлер құрамын қамти отырып, конвертирленетін құнды қағаздардың, акционерлік және басқа да келісімдердің шарты мен кепілдемесін ашу;
Есеп беруді құрудың кез-келген әдістемесі сату көрсеткіштерінің, қаржылық нәтижелердің және қорытынды бухгалтерлік баланстардың қосымша байланыстарынан тұрады.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
1. Есеп беру дегеніміз не?
2. Қаржылық есеп берудің қандай нысандары бар?
3. Ақшаның қозғалысы туралы есепті қандай әдістер негізінде жүргізуге болады?
4. Баланстың құрылымын айтыңыз.
5. Меншікті капиталдың құрамындағы өзгерістер туралы есепте не көрсетіледі?
6. Қаржылық есеп берудің қандай элементтері бар?
7. Табыстар мен шығыстар туралы есеп қалай жасалады?

Әдебиеттер тізімі:


негізгі (1- 10);
қосымша (1-7).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет