Тақырып ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік қызмет: ҰҒымдар, ҚҰҚЫҚТЫҚ-Ұйымдастыру негіздері дәріс жоспары


Кәсіпкерлік-ерекше экономикалық құбылыс



бет2/10
Дата31.12.2021
өлшемі56,26 Kb.
#107133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Lek 1 OPDSM 2020
Документ Microsoft Word (2), Вопросы экзамена, Әдебиет, Әдебиет, Әдебиет, Әдебиет, Презентация Тарих, Лабораторная работа 1, Заманауи психологияның салалары, docsity-diskretti-kezdeyso-shama-monte-karlo-disimen-modeldeu-1, Testy po oftalmologii 4 kursa rus-1, 14 лекция, 1 лаб, 002-Силлабус ОСТ 2022 каз — ИСТ-ПИ
1.1 Кәсіпкерлік-ерекше экономикалық құбылыс
Кәсіпкерлік дегеніміз – жеке және заңды тұлғалардың, тұтынушылардың қажеттілігін қаражаттандыру және пайда табу мақсатында атқаратын қызметін айтамыз.

Меншікке экономикалық және заңдық категория ретінде ғылыми тұрғыдан талдау жасау кәсіпкерлікті рыноктық шаруашылықтың ажырамас элементі екендігін дәлелдеп отыр. Жалпы кәсіпкерліктің тарихы талай ғасырларды қамтиды, дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді.

Буржуазиялық саяси экономияда “кәсіпкерлік” түсінігі XVIII ғасырда пайда болды да, “меншік иесі” деген түсінікпен қатар орын алады. Мысалы, А.Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипаттады. Ол өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен өзгереді. Кез келген коммерциялық банк айналысқа жіберген бүкіл капиталға иелік ете алмайды. Меншік иесінің үлесі тек жарғылық қорына ғана таралады, ал оның көлемі салыстырмалы алғанда шағын, әрі шектеулі.

Несиенің дамуымен байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан бөлінуі орын алды, ол өз кезегінде кәсіпкерлікке ірі қозғалыс берді. Сондықтан XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі француз экономисі Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама берді. К.Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық айтқан жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырды.

Әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік күптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқықтық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет