Тақырып ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік қызмет: ҰҒымдар, ҚҰҚЫҚТЫҚ-Ұйымдастыру негіздері дәріс жоспары



бет8/10
Дата31.12.2021
өлшемі56,26 Kb.
#107133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Lek 1 OPDSM 2020
Документ Microsoft Word (2), Вопросы экзамена, Әдебиет, Әдебиет, Әдебиет, Әдебиет, Презентация Тарих, Лабораторная работа 1, Заманауи психологияның салалары, docsity-diskretti-kezdeyso-shama-monte-karlo-disimen-modeldeu-1, Testy po oftalmologii 4 kursa rus-1, 14 лекция, 1 лаб, 002-Силлабус ОСТ 2022 каз — ИСТ-ПИ
3. Акционерлік қоғам

Акционерлік қоғам белгілі бір мағынада, үлестік негіздегі капиталистік бірлестіктер дамуының шарықтау шегі. Бұған жету барысында бірлестік мүшелерінің жауапкершілігі барынша тежеледі, серіктестікке кіру мен шығу тәсілдері жеңілдетіледі.

Акционерлік қоғам - акцияларды сату арқылы ақша қаржыларын орталықтандыру негіздегі өндірісті ұйымдастыру түрі. Нарық экономикасы дамыған елдерде корпорация қанат жайды. Акционерлік қоғамдардың еншілес және тәуелді түрлері белгілі.

Акционерлік қоғамның негізгі принципі - акционерлер әкімішілік тұтқаларына қолдары жетіп, бақылай алады: экономикалық жағынан (капитал нарығы) және заң, жағынан да (“даусы бар” акциялар арқылы директорлар кеңесін сайлау). Бірақ кез келген акционер қоғамның мүлкін бөлу мен басқару ісіне нақты араласа алмайды. Ол үшін акцияның бақылау пакетін иемдену керек (теориялық жағынан ол акциялар сомасының 50% артығын қамтиды).

Акционерлік қоғам - заңды ұйым. Бұл қоғамның ең жоғарғы органы — акционерлердің жалпы жиналысы, ол жылына бір рет шақырылады. Акционерлер жиналысы арасындағы кезеңде оны басқарма немесе директорлер кеңесі басқарады. Акционерлік қоғамның ең басты артықшылығы - сол қоғамның міндеттемелері жөнінде жауапкерлігінің болмауы, яғни жауапкершілігі шектелген.

Қазіргі кезеңде нарықтық экономикадағы меншік құқығын жүзеге асырудың ең тиімді және кең жайылған түрі - акционерлік қоғам. Қазақстан Республикасы жағдайында акционерлеу экономиканың бүгінгі ахуалымен сипатталады: экономикалық байланыстардың бұзылуы, инфляциялық процестер және т.б. Мұндай жағдайларда акционерлік қоғамдарды кұру-акцияларды жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасында орналастырып, үзілген байланыстарды қайтадан қалпына келтіру. Дефицитті (тапшы) өнімдер өндіретін компаниялардың акцияларын сатып алу арқылы оларға қол жеткізуге болады. (акционерлік қоғамдар жарғысында компаниялардың шығарған акцияларын сатып алғандар өнімдерді жеңілдікпен алу жағдайы қарастырылған). Ең ақтығында, дивиденд (пайда) және акцияның нарықтық бағасының өсуі-ақша қаржыларының бір бөлегін инфляциядан қорғауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорындарды ұйымдастырудың жаңа түрлерінің көбеюінің басты себебі - қазіргі экономикалық жағдайлардың сипатынан емес, ол түрлердің ішкі мүмкіндіктерінде әсіресе акционерлік қоғам түрлеріне жатыр.

Акционерлік қоғамдардың тағы бір ерекшелігі мынада: қоғамдық кәсіпорындарда істейтін жұмысшылардың аз да болса компания акциясының пакетін иемденуі оның бойында “қожайындық” сезім ұялатады, әрине қоғам ісін басқаруға аз қатыстырды. Нәтижесінде әкімшілдікпен жұмыскерлер арасындағы қайшылық жұмсарып, еңбек өнімділігі артады. Соңғы онжылдықта акционерлік түрді кеңінен пайдалану акционерлік қоғам қызметкерлерін, әсіресе төменгі және орта буындағы меншік иелеріне айналдыру үшін қолданылды. Еңбек пен меншікті жақындатудың мұндай мүмкіндігі біз үшін үлкен маңызы бар, өйткені ол нарық жағдайында тиімді қызмет атқаратын шаруашылық түрінде көшіреді және әлеуметтік жікке бөліну тенденциясы болмайды (болса да аз дәрежеде).

Акционерлік түрдің мына белгісінің үлкен мәні бар: күрделі қаржы ресурстарын тез шоғырландыруға әсіресе, басымырақ дамуды талап ететін салаларда жинақтауға мүмкіндік береді. Біздің экономика үшін мұның маңызы бөлек: халық шаруашылығы құрылымындағы қазіргі қайшылықтар-нарықтық механизмнің қызметінің тиімділігіне кедергі жасайтын басты факторлар.

Басқаша айтқанда, акционерлік қоғамдарды шаруашылықтың басымырақ дамитын салаларында кұру мемлекет мойнынан біраз инвестициялық жүкті, салмақты алады, ал бұл бүгінгі бюджеттің қиын жағдайын жеңілдетеді. Нарыққа көшу барысында ғылымды көп керек ететін салаларды мемлекет бюджетінен қаржыландыру мүмкін болмағанда олар керекті капиталды акционерлік түрде колданады.

Қазіргі акционерлеу тәжірибесі көрсеткеніндей, оның көптеген проблемалары бұл қоғамдарды дамытуға, олардың экономикалық процестерге оңды әсер етуіне кедергі жасайды. Оларға алдымен жабық қоғамдардың көптігін, акция номиналдарының жоғары болуын атау керек. Нәтижесінде акционерлік қоғамдарға қалың бұқараны қатыстыру тежеледі. Бағалы қағаздар нарығының әлсіздігі, ақпарат нарығының жоқтығы да қиындық келтіруде. Көрсетілген күрделі проблемаларды шешудің мынадай жолдары бар:


  • ашық қоғамдарды басымырақ дамыту, әсіресе материалдық өндіріс саласында;

  • акция номиналының көлемін тежеу;

  • инвестициялық компанияларды құруды ынталандыру.

Біздің республикада инвестициялық компанияларды кұру тиімді. Бір жағынан, жоғарыда көрсеткеніміздей жоғары акция номиналын шығаратын акционерлік қоғамдар пайда болды, өйткені олар капиталдың ұсақ акциялар ұстайтындар арасында тарауынан қорқады. Бұдан басқа акционерлік қоғамдар бізде әлі аз. Екінші жағынан, халықтың бытыраңқы, көлемі үлкен қаржылары бар (солардың ішінде купондарда жүр). Халықтың акционерлік қоғамның қызметі туралы хабары мен түсінігі тым тайыз. Болашақта акционерлік коғамдардың күрт көбеюі, олардың ішінде “көбік” сияқты алдамшыларының да болатыны, банкротқа ұшырап, оны құруға көп қаржы қосқан адамдардың зиян шегетініне ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан инвестициялық қорлар-капиталды шоғырландырудың үлкен көзі, көптеген адамдардың жинақтарын акцияның диверсификация пакетіне айналдырады. Мұның ерекшелігі мынада: жеке инвестордың қорда ерекше активі болмайды, инвестициялық қордың белгілі акция санын сатып алып, қордың акция пакетінен процент иемденеді.

Сонымен, Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің белсенділігін көтеру үшін бизнесті ұйымдастырудың жоғарыда көрсетілген түрлерін дамыту керек, бар тәжірибені бақылау олардың бизнесті жандандыруға игі әсерін көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет