Тақырып ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік қызмет: ҰҒымдар, ҚҰҚЫҚТЫҚ-Ұйымдастыру негіздері дәріс жоспары


Кәсіпкерлік-ерекше экономикалық құбылыс



бет3/10
Дата31.12.2021
өлшемі56,26 Kb.
#107133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Lek 1 OPDSM 2020

Кәсіпкерлік-ерекше экономикалық құбылыс

Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау-оның жалпы экономикалық ой-пікір сияқты ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетеді. Орта ғасырларда “кәсіпкер” деген термин, одан да бұрынғы “антрепренер” (“антрепренер” — француз сөзі “делдалдық” дегенді білдіреді) екі мағынада қолданылды — түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы және ірі өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсіпкерлік туралы оның индустриялық кезіне дейін қалай аталатынына қарамастан, ерекше ой-пікір болған. Алайда батыстың экономикалық теориясында “кәсіпкерлік” мәселелеріне назар аудару XVIII ғасырдан басталды. Оны атақты ғалымдар Р. Кантилонаның, Л. Тюргоның, Ф. Кенэнің, А. Смиттің, Ж.Сэйдің есімдерімен байланыстырады. “Кәсіпкер” терминінің атасы белгілі ағылшын экономисі Ричард Кантилон (XVII ғас. басы). Ол “кәсіпкер” деп нарық жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.

Әлеуметтік-экономикалық кұбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқылық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр. Кәсіпкерлік қатынастарды караудың алғашқы нүктесі-олардың субъектісі мен объектісін анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет