Тақырып: Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы. Қарастырылатын сұрақтар: ХIХ ғ. аяғындағы Қазақстандағы қоныстандыру саясаты. Экспедициялық зерттеу жұмыстары


Ресейлік кәсіпкерлер көбінесе өз капиталдарын



бет13/13
Дата25.06.2023
өлшемі91,69 Kb.
#179172
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Казак мемлекеттигинин эволюциясы

Ресейлік кәсіпкерлер көбінесе өз капиталдарын ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін фабрика-зауыттарға бағыттады. Ауыл шаруашылығы шикізатын пайдаланумен қатар алтын, тас көмір, мұнай сияқты пайдалы қазбаларды өндірумен айналысты. Қазақстанның табиғат байлықтарын игеру XIX ғасырдың 30—40-жылдарынан басталды. Бұл кезеңде Спасск зауыты, Успенск және Жезқазған кеніштері жұмыс істеп жатты.
Көптеген бай кен орындарын қазақтардың өздері тапты. Мысалы, 1833 жылы Апақ Байжанов деген кедей қазақ Қарағанды аймағында тас көмір кенін тапты. Бұл кен орыны Игілік Өтепов деген байдың жайылымында орналасқан еді. Әтепов бұл кен орнын 250 сомға Ушаков деген көпеске сатады. Екібастұз тac көмір кенін жұмысшы Қасымов ашты. Екібастұз көмірі Ертіс су кемелері мен Сібір темір жолында үлкен сұранысқа ие болды.
XIX ғасырдың соңында тау-кен өнеркәсібі шетелдіктердің қолына өте бастады. Австриялық ақсүйек Турн-Такме Риддер мен Алтай түсті кен орындарына қожалық етті. Атырау ауданындағы мұнай орындары француз Нобель дегеннің қол астына қарады. Шетелдіктер аса зор пайдаға кенеліп, арзан жұмыс көзі арқылы өлкенің қазба байлықтарын тонаумен айналысты.
Қазақстандағы өнеркәсіптердің дамуы экономикалық жағынан қазақ жерінің байлығына патшалық Ресей империясының монополиялық иелігін орнатты.

Негізгі әдебиеттер:



  • 1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 1-том. А., 1996.

  • 2.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін), 2 – 3 т., А ., 1998 – 2003;

  • 3.Сұлтанов Т, Қазақстан хандығының тарихы, А., 2003;

  • 4.Нүрпейісов К., Алаш һәм Алашорда, - А., 1995;

  • 5.Қазақстан мемлекеттілігінің тарихы (ежелгі және ортағасырлық кезең). Монографиялық зерттеу. - Алматы: 2007. - 432 б.

Қосымша әдебиеттер:

  • 1.Артықбаев Ж., Пірманов Ә., Қазақстан тарихы (энциклопедиялық басылым).- Алматы:Атамұра, 2008. – 544 б;

  • 2.«Көркемсуретті Қазақстан тарихы». Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін. 4 томдық. – Алматы, 2006. 2 – том. Қазақстан Алтын Орда дәуірінен он тоғызыншы ғасырдың ортасына дейін. – 2006. - 312 б;

  • 3.«Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал» 8(107) – 2001, тамыз;

  • 4.Назарбаев Н.А. «Тарих толқынында». - Алматы, 1999;

  • 5.Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. - 1 – 7 том, Алматы, 1998-2005;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет