Тақырып Азаматтық-саяси қарсылықтар Сұрақтар: 1



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата12.03.2022
өлшемі309,87 Kb.
#135359
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бекбулатова Азира КА-24 тарих 4-апта

3.
 
«Әскери коммунизм» саясаты 
Әскери коммунизм саясаты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес
одағының ішкі саясатының аты. Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан 
қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты Кеңес ӛкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі 
бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен, адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, 
қала­лар­ды, ӛнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азық-түлікпен 
қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри 
ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. Бұл тӛтен­ше са­ясат эко­номи­калық күй­зеліс, 
Кеңес мем­ле­кетін ше­тел ин­тервент­тері мен ішкі жа­улар­дан қорғаудың 
қажеттілігінен туған еді. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде азық-түлік 
мәсе­лесін ше­шу үшін тӛтен­ше ша­ра азық-түлік са­лғырты енгізілді. Ол бойын­ша 
ел­дегі бай­лар мен ку­лак­тардың қолын­дағы та­уар­лы ас­тықтың кӛп бӛлігі 
ешқан­дай қай­та­рым­сыз алын­ды, бұқара ха­лықты азық-түлікпен бір ор­та­лықтан 
қам­та­масыз ету кӛзделді, ауыл ша­ру­ашы­лық ӛнімдерін ӛз еркімен са­туға ти­ым 
са­лын­ды. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты бойын­ша ел­де жап­пай еңбек ету 
міндеттілігі та­лап етілді. Қазақстан­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде 
ӛнеркәсіпті кеңес ор­ганда­рының қолы­на шоғыр­ланды­ру, оны Қызыл Ар­ми­яны 
қару-жа­рақ және жаб­дықтар­мен қам­та­масыз ету­ге жұмыл­ды­ру ша­рала­ры 
жүргізілді. Бүкілре­сейлік Атқару Ко­митетінің 1918 жылғы ма­мыр­дағы 
жар­лығымен әскер­ге ӛз еркімен ба­ру ісі жал­пыға бірдей міндетті әске­ри 
бо­рыш­ты орын­да­умен ал­масты­рыл­ды. 1918 жыл­дың жа­зын­да ӛлке­де Қызыл 
Ар­ми­яның құра­мын­да ұлттық әске­ри бӛлімдер құры­ла бас­та­ды. 
Ӛнеркәсіптің национализациялауымен пайда болған басқару жүйесі бірден шамадан 
тыс орталықтанғандық белгілерге ие болып, бюрократизмге жол ашты. Маманданған 
жұмысшылар жеткіліксіз болды. Басқару аппаратының жеке буындары арасындағы 
үйлесімсіздік, шикізаттың тапшылығы, транспорттың берекесінің кетуі, кӛп жағдайда 
саяси және әскери органдардың ӛндірістік істерге кәсіби емес араласуымен ұштасып 
жатты. Тӛтенше шаралар қолдану, билікті шамадан тыс пайдалану әдеттегі іске 
айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет