Тақырып Азаматтық-саяси қарсылықтар Сұрақтар: 1


Қазақстандағы ЖЭС. Жер-су реформасы



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата12.03.2022
өлшемі309,87 Kb.
#135359
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бекбулатова Азира КА-24 тарих 4-апта

4. Қазақстандағы ЖЭС. Жер-су реформасы
Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілгеншаралардың бірі жер-су 
реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің 
аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты 
нәтижесінде Қазақстанда жер мәселесі ӛте күрделі мәселелердің біріне айналған eді. 


Ресейдің орталық аудандарынан, әсіресе сталиндік реформа кезеңінде шаруалардың қоныс 
аударуы Орта Азия мен Қазақстанда отарлаудың құрамды шарттарының бірі болды. 
Патша ӛкіметінің қоныстандыру саясаты барысында келімсек орыс шаруалары жергілікті 
тұрғындардан орасан зор егістік жерлерді басып алды. Тек 1916 ж. ӛзінде Жетісу мен 
Сырдария облыстарында қоныстанушы шаруалардың қолында 2659 млн. десятина жер 
болды. Жергілікті тұрғындардың жерін тартып алу 1916 жылғы ұлт-азаттық кӛтерілісті 
басып-жаншу барысында ерекше жыртқыштықпен жүргізілді. Жазалаушылардан қашқан 
тұтқындардың иесіз қалған жерін иемденумен бірге, шұрайлы егістік жерлерді жазалау 
шараларын қолданып, қорқытып - үркіту тәсілдері арқылы да иелену кең ӛріс алды. 
Осылайша жерді басып алу келімсек шаруалар тарапынан 1920 жылға дейін жалғасып 
келді. Патша әкімшілігінің тікелей қамқорлық жасауы нәтижесінде орыс және жергілікті 
шаруаның жер иеленуге деген құқында теңсіздік кӛзге ұрып тұрды. Жер-су реформасы 
қарсаңында орыс шаруалары барлық дақылдар егістігінің тең жартысын иемденді және 
жергілікті тұрғындармен салыстырғанда жермен 15 есе артық қамтамасыз етілді. 
Міне, осындай теңсіздік жағдай Түркістанның егінші дихандарын бұрынғы тартып 
алынған жерлерді қайтаруды талап етуге итермеледі. Басшы органдар кеңес үкіметінің 
беделін кӛтеру мақсатында бұл талаптарды түсіністікпен қабылдады. Біріншіден
отаршылдықтың қалдығын жойып, жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болса, екіншіден 
―ауылшаруашылығы пролетариатының‖ мүддесіне қызмет жасаған болып, тап күресінің 
ӛртін тұтатып жіберу еді. Реформа барысында Кеңес ӛкіметінің жергілікті органдары бұл 
міндеттерді іске асыра алды. Азамат соғысы - мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен 
таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы ӛкімет билігі жолында жүргізетін қарулы 
күрес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет