Қолданылуы
- артериялық гипертензияда
- гипертониялық кризде
- апиындық тәуелділіктің абстинентті синдромында (кешенді ем құрамында)
7.β-адреноблокатор тобы дәрілері,қолдану көрсеткіші.
Anaprillinum - анаприлин (Б): 0,01 және 0,04 таб., 1-4 таб. тәулігіне 3-4 рет; 0,1% 1 жәнё 5 мл еріт. амп. шығарылып, көк тамырға енгізіледі. β1 - адренорецепторларды тежеу нәтижесінде, жүректің жиырылу күші мен жиілігін төмендетіп, жүрек бұлшық етінің қозуын, автоматизмі мен өткізгіштігін және жүрекке оттегінің қажеттілігін төмендетеді. Колданылуы: стенокардия, тахиаритмия, инфаркттан кейінгі жағдай.
Бүйректегі ренин синтезінің тежелуі мен жүректің минуттық көлемі төмендеуімен байланысты гипотензивті әсері байқалады. Жанама әсері: брадикардия, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің қиындауы, жүрек жетіспеушілігі, гипотензия, β2-адренорецепторларды тежеу нәтижесімен байланысты бронх тонусының жоғарылауы (бронхспазм), ұйқы келуі, депрессия, аяқ-қол тамырларының түйілуі мен диспепсиялық жағдайлар байқалуы мүмкін.
Oxprenololum - окспренолол (Б): 0,02 таб., 1-2 таб. тәулігіне 3 рет.
б) Кардиоселективтій-адреноблокаторларβ1 -адренорецепторларды тежейді, бірақ бронх тонусына әлсіз әсер етеді. Әсері орташа (6-8сағ): талинолол (корданум), метопролол (беталок, спесикор); әсері ұзақ (24 сағ. дейін):атенолол (тенормин), бисопролол (конкор), ацебутолол (сектраль).
Talinololum - талинолол (Б): 0,05 драже-1-2 дражеден тәулігіне 3 рет; 0,2% 5 мл еріт. амп. шығарылып, к/т (өте баяу) енгізіледі.
Atenololum - атенолол (5): 0,025; 0,05; 0,1 таб.;1 таб. тәулігіне 1 рет тағайындалады.
Bisoprololum - бисопролол (Б): 0,005 таб.; 1 таб. тәулігіне 1 рет.
в) Ішкі симпатомиметикалык, белсенділігі барβ- адреноблокаторлар жүрек соғуының жиілігіне айқын әсер етпей, жүректің қызметін жақсартады: окспреналол, альпренолол, пиндолол, бопиндолол, талинолол, ацебутолол.
г) (β + α) - адреноблокаторлар: лабеталол α1- адренорецепторларды тежейді, басқа β-адреноблокаторлардан айырмашылығы айрықша гипотензивті әсері байқалады. Гипертониялық ауруларда және гипертензивті кризде қолданылады.
Labetalol - лабеталол (Б): 0,1 және 0,2 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 2-3 рет тамақ үстінде; 1% 5 мл еріт. амп. шығарылып, стационар жағдайында к/т (тез және күшті әсерімен байланысты ортостатикалық гипотензия байқалуы мүмкін) енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |