Тақырып: Ежелгі Қытай философиясы


Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер



бет3/5
Дата15.02.2022
өлшемі17,73 Kb.
#131867
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ежелгі Қытай философиясы
vs, Интересные факты о странах
Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер
Екінші мектеп Конфуцийдің атымен тығыз байланысты. Конфуций (қытайша Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кун-цзы, ұстаз Кун деген атпен белгілі) б.ж.с.д. 551 79 жылдары Лу патшалығында өмір сүрген. Ол кедейленіп қалған ақсүйек әскери отбасынында дүниеге келді. 22 жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар – тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу жасында Лу патшалығында көрнекті саяси қайраткерге айналды. Алайда, сарай төңірегіндегі саясатшылардың жаласынан он үш жыл бойы ел аралап қаңғырып кетуге мәжбүр болды. Бірақ та басқа Қытай мемлекеттерінде оның жаңа ілімі ешқандай қолдау таппады да, 484 жылы туған Отанына қайта оралған еді. Конфуцийдің ілімі туралы оның шәкірттері жазып қалдырған «Лунь юй» («Сұхбаттар мен пікірлер») атты еңбектен мағлұмат аламыз. Онда Конфуцийдің ойлары мен тұжырымдары, қағидалары мен пікірлері жинақталған. «Лунь юй» - біздің заманымызға дейін сақталған бірден-бір мәдени ескерткіш.
Конфуций өзіне, ұрпақтарына және шәкірттеріне арнайы бөлінген қорымға жерленген, оның тұрған үйі қазіргі кезде атақты ғибадатханаға айналған. Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы. Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы.
Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді. Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-цзы мектебі. Бұл екі бағыт та Конфуцийдің шәкірттері Мэн және Сюньнің аттарымен аталады


Моистер мектебі
Моизм мектебінің негізін салушы Мо Дидің (б.ж.с.д. 479-391 ж.) баса көңіл аударған негізгі мәселесі әлеуметтік ахлақ болып табылады. Бұл мектептің ілімі Конфуцийге мүлдем қайшы келетін. Өйткені, оның негізінде дерексізденген жалпы сүйіспеншілік жататын. Теориялық іспен айналысу - бос уақыт өткізумен бірдей. Адамдарға керегі нақтылы дене еңбегі, оның пайдалы нәтижесін, өмір үйлесімділігін көкке тән жігер реттеп тұрады-мыс. Кейіннен Мо Дидің ізбасарлары таным мәселелеріне көңіл бөліп, ұстаздарының қош көрмеген онтологиялық сұрақтарға жауап іздеген көрінеді.


Атаулар мектебі
Атаулар мектебі заттар мен құбылыстардың тілде бейнелену сәйкестілігіне баса назар аударды. (Мұндай мәселе Еуропалық философияда, яғни ортағасырлық схоластикада ондаған ғасырдан кейін ғана қарастырылған - автор).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет