Тақырып: Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары



бет3/7
Дата13.09.2022
өлшемі4,76 Mb.
#149329
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2-дәріс меж.фак ҚТ

Жерлеу ғұрыпы

  • Жерлеу ғұрпы мен басқа да белгілер энеолит тұрғындарында тотемизмнің, бабалар әруағына табынудың болғандығын көрсетеді. Адамдарды қоныстағы ескі тұрғын-жайларға жерлеп, қабірлерін айналдыра жылқының бас сүйектерін қойған. Тұрғын үйлердің бірінен, қабырғадағы сөреден ер адамның саз балшықпен мумияланған бас сүйегі табылған. Тұрғын үйлердің табалдырығы астына иттің көмілуі де жиі кездеседі, бұл да сол кезеңдегі рәсімдік сипат болып табылған. Жылқы бас сүйектерінің қойылуы жылқы тотемін, яғни жылқыға табынуды білдіруі мүмкін.
  • Энеолит дәуірінің жекелеген ескерткіштері Маңғыстаудан да табылған.

Қола дәуірі

  • Тарихи үдерістің дамуында энеолиттен кейінгі жалғасатын қола кезеңі Қазақстан тарихында орын алған көптеген ерекшеліктерімен сипатталады.
  • Қола дәуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды. Қола дәуірінің хронологиясы - б.з.б. ІІ-І мың жылдықтар. Мысты-тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Еуразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болды.
  • Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды. Алдымен бұл ерекшелік қола металлургиясымен байланысты. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металургияның мықты ошағы шығуынын бір себебі болды. Қазақстанның бірнеше өңірлерінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады.
  • Кейінгі ерекшелік шаруашылықты қамтиды. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Еуразия халықтарының шаруашылығында мал өсіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Б.з.б. II мың жылдықтың аяғында –I мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығына көшеді.
  • Егіншілік орташа дәрежеде дамыды. Қола дәуіріндегі экономиканың басты – екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай-ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті, мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың рөлін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады.
  • Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндіргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты болды. Жеке семьялар оқшауланды, семьялық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет