Тақырып: Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде


-ші лекция тақырыбы. Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау



бет12/40
Дата29.12.2021
өлшемі173,31 Kb.
#106416
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Байланысты:
Әлеуметтану лекция

4-ші лекция тақырыбы. Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау.

Жоспары.


  1. Әлеуметтанулық зерттеулердегі ақпарат, дерек жинау әдістері.

  2. Сандық және сапалық әдістер. Анкета, бақылау, сүрау салу, құжаттарды талдау әдістері зерттеу түрі ретінде.

Әлеуметтік зерттеудегі гипотеза-әлеуметтік обьектілер туралы әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланыстардың сипаты мен мәні туралы ғылыми болжам.



  1. Эмпирикалық зерттеудің аса маңызды ерекшелігі қоғамдық топтар жағдайы, адамдардың қоғамдық, топтық саналарын ескере отырып, әлеуметтік мәселелерге сапалы талдау жасауға мүмкіндік беретін, ақпарат жинаудың өзіне тән әдістер қолданылуынан көрінеді. Эмпирикалық әлеуметтік зерттеудің төрт негізгі әдісі көрсетіледі: құжаттарды талдау, бақылау, сауалнама жұргізу және әлеуметтік тәжирибе.

Әлеуметтануда құжат деп ақпарат беру немесе сақтауға арналған, адам арнайы жасаған затты айтады. Сонымен, құжаттар мынандай топтарға бөлінеді:

1) акпараттың техникалық құралдарда белгіленуіне орай ерекшеленетін құжаттар.


Бұның өзі ұш тұрді қамтиды:

а) жазба түріндегі құжаттар, оған қолжазба мен баспасөз басылымдары жатады;

б) секенографиялық құжаттар, бұған кино, фото, бейнелеу, сурет түріндегі құжаттар саяды;

в) фонетикалық құжаттар, яғни дыбыспен берілетін магнитофон, кұйтабақ жазбалары жатады. Айта кететін бір жай, құжаттық ақпаратты сақтайтындардың жаңа түрлері мыналар: микрофильмдер, ЭВМ дискісі, т.б. Жазба құжаттардың кең тарағаны архив материалдары, статистикалық есептемелер, ғылыми жарияламалар, баспасоз басылымдары, т.б.;

2) құжаттың тұпнұсқасының статусына жатқызылғандар немесе авторына бөлініп берілгендер ресми және ресми емес құжаттарға ажыратылады. Ресми құжаттар деп лауазымды адамдардың, қызметкерлердің арнайы дайындаған құжаттарын айтады. Бұған мемлекеттік статистика мен мемлекеттік архив мәліметтері, жиналыс хаттамалары, т.б. жатады. Ал ресми емес құжаттарды жеке адамдар жасайды, яғни хаттар, кұнделіктер, т.б. ресми емес деп атауға болады;

3) акпараттың сақталу көзіне орай ол бастапқы және екінші рет жасалған құжаттар болып екіге бөлінеді. Бастапқы құжаттар — тікелей бақылаудың немесе сауалнама өткізудің негізіңде алынған мәліметтер, ал екінші қатардағы құжаттар бастапқы құжаттарды сипаттаушы немесе қорытындылаушы болып саналады;

4) мақсат-міндетке қарай ажыраған құжаттар, бұған зерттеу бағдарламасына сәйкес ғалымдардың кұшімен алынған материалдар, басқа да мақсаттар үшін жасалған қолдағы құжаттар жатады;

5) мазмұнына қарай бөлінген құжаттар. Бұлар экономикалық, құқықтық, тарихи, техникалық, т.б. болып топтасқан. Зерттеуші өз қызметінде көбіне-көп жазба құжаттармен, әсіресе әдебиеттермен, баспасөз басылымдарымен және машинкаға басылған материалдармен жұмыс істейді. Ол тұрақты тұрде статистикалық тұпнұсқалар, есеп беру баяндамалары, мақалалар, сондай-ақ қоғамдық пікірді білдіретін баспасөз және теледидар мәліметтеріне арқа сұйейді.

Құжаттармен жұмыс істегенде зерттеуші олардың сенімділігіне назар аударуы қажет. Осыған орай құжаттан алынар ақпараттың сенімділігін тексерістен өткізетін ережені білу шарт. Мұндай ережеге мыналар жатады:

1. Оқиғаларды суреттеуден оларға берілген бағаны ажырата білген дұрыс. Оқиғаларға берілген бағадан фактілер әлдеқайда сенімді болады. Кейде құжатгарға берілген баға болады, бірақ оларды суреттейтін жағдай толық берілмеген болып шығады. Әдетте мұндай құжаттарға кұмәндана қарау керек;

2. Құжатты құраушының оны дайындаудағы ниетін, мотивін анықтаған жөн. Өз жұмысы жөнінде есеп беріп отырған автор өзінің еңбегін асыра көрсетуге тырысады. Ал бақылаушы органдар, керісінше, жұмыстағы кемшіліктер мен қателіктерді теріп жазады;

3. Құжатты әзірлеуші адамның фактілерді, т.б. іріктеп алу әдісін де білген жөн. Бастапқы құжат екінші рет жасалған құжатка қарағанда әлдеқайда сенімді болады;

Құжатты дайындау кезіндегі елдің, ұжымның, т.б. жағдайын білу шарт. Сонда ғана құжаттың сол уақыттағы жағдайды обьективті беруі немесе бұрмалап отырғандығы анықталады.

Құжаттарды талдау дәстүрлі жолмен және формальды тұрде жұреді. Барлық құжаттар түрлерін оқып-пайымдау сын тұрғысынан қарауды талап етеді.

Құжаттарды дәстүрлі жолмен талдаудың (кейде сапалы талдау деп те атайды) мәні мен сыры - құжаттардың мазмұнын сұңғыла тұрде зерттеу, негізге алынған ой-пікірді игеру, негізгі идеяларын бөліп алу, логикалық жағынан терең зерттеу, олардың авторларының саяси, азаматтық бағытын қадағалау, кейбір "айта алмағандарын", бұркеме пікірлерін іздеп табу, автордың құжатты жазудағы тілі мен стиліне аса көңіл аудару болып табылады. Осындай сараптау жасағанда зерттеуші өзіне-өзі сүрақ қойып, айталық, құжаттың құндылығы неде, оны дайындаудағы мақсат не, ондағы фактілердің сенімділігі қандай деген сауалдарға жауап беруі керек.

Құжаттарды талдау әдісінің екі тобы бар: дәстүрлі және дәстүрлі емес. Дәстүрлі талдау деп зерттеушінің белгілі бір көзқарасы бойынша құжат құрамындағы мәліметтерді интерпретациялауға бағытталған барлық алуан түрлі ақыл-ой операцияларын айтады. Мұндай әдіс барлық жерде қолданылады, оның мәні қандай да бір зерттеушінің белгілі бір жағдайға қажетті мәліметті алуынан көрінеді.

Әдістің басты кемшіліктері – тенденциалық, субьектевизм. Қолданбалы әлеуметтануда дәстүрлі емес әдіс белсенді тұрде қолданылуда. Әдістің мәні тестілік ақпаратты сандық көрсетікшке аударуда, ол құжат мәтінінде оның мазмұнының маңызды жақтарын қажетті тұрде көрсететін жеңіл оқылатын белгілерді, қасиеттерді табу арқылы жүзеге асырылады.

Эмперикалық зерттеудің маңызды әдісі-бақылау. Адамдар бақылауға мақсат көзқарастарына қарай, обьект және оның маңыздылығы туралы барлық фактілерді тікелей қабылдайтын және тікелей тіркеп отыратын әлеуметтік ақпараттың маңызды қайнар көзі ретінде қарады. Бақылауға тән қасиеттер: жүйелілік, жоспарлылық және мақсатқа бағытталғандық.

Бақылаудың бірнеше түрлері бар. Оны жұргізу техникасына, кімді бақылау қажеттігіне орай бақылау — бақылаулық және бақылаусыздық, яғни спонтандық түрлерге бөлінеді. Бақылаулық түрі зерттеудің тиянақты жоспарына және реттілігіне сәйкес жұргізіледі.

Тұрақтылығына қарай бақылау жүйелі және кездейсоқ болып бөлінеді. Жүйелі бакылауда, айталық, айдың әр кұніндегі қимыл-әрекет құыпты тұрде кұнделікке тұсіріліп отырады, кездейсоқ бақылауда ақпарат жоспарсыз жұргізіледі.

Бақылаушының қолданатын әдісіне орай бақылауды іштен және сырттан бақылау деп те ажыратады. Бұлардың біріншісінде зерттеуші әлеуметтік ортаға енеді, соған бейімделеді, сөйтіп оқиғаны іштен талдайтын болады, соның негізінде объектінің сырт көзге тұсе бермейтін көптеген құпияларын білуге, ерекше ақпарат алуға мүмкіндік жасалады. Екінші жағдайда зерттеуші топтың арасына мүше болып енбейді, бақылау топтың сыртынан жұргізіледі. Сондықтан да бұдан алынған ақпарат тұсті, жеңіл-желпі болып шығады.
Сауатты жоспарланған таңдауға негізделген сауал жұргізу әдісі біршама сауал қойылған адамдар арқылы әлеуметтік ұрдістердің жағдайы мен даму тенденциялары туралы қорытындылауға мүмкіндік береді.

Сауал жұргізу әдісі негізі сауал қойылушыға ұсынылған сауалдардың жиынтығында, оның жауаптары зерттеушіге қажетті ақпаратты береді. Сауал жұргізу әдісінің екі әдісі бар: интервью және анкеталық әдіс.

Интервью-интервьюердің респондентпен тікелей байланыс орнатуды ұсынатын белгілі бір жоспар бойынша жұргізілетін сұхбат, мұнда жауаптарды интервьюер жазып алады немесе пленкаға жазылады.

Сауал жұргізудің екінші әдісі-анкеталық. Анкеталық сауал жұргізуде, сауал қойылушы адам өз жауабын өзі тіркеп отыруы керек. Анкеталық сауал жұргізудің бірнеше түрі бар: пошталық, баспасөздік, телефондық сауал жұргізу, тарату (анкета респонденттерге жеке беріледі).

Анкеталық сауал жұргізу - әлеуметтік сауал жұргізудің бір түрі, оның ерекшелігі- респондент толтыратын анкетаны пайдалану. Интервьюден оның айырмашылығы – респондент анкетаны өзі оқып, жауабын өзі белгілейді. Оның кұндізгі (кәдімгі) және сырттай (пошталық) түрі бар. Кұндізгі сауал жұргізуде зерттеуші респонденттерге анкета тарата алады, оны толтыру кезінде қатыспай-ақ, кейіннен оны жинап алады. Сауал жұргізудің мұндай түрі тарату тікелей деп аталады.

Анкета деген не? Анкета-сауал қойылушының өз бетімен сауал парағын толтыруы. Анкеталық сауалдар зерттелінуші нақты жағдай қандай екендігі туралы ақпарат алу үшін қолданылады. Респонденттердің ол обьект туралы бағасы, пікірі, көзқарасы пайдаланылады.

Телефон арқылы сауал жұргізу. Әлеуметтік зерттеуде қолданылатын сауал жұргізу әдістерінің бірі телефон арқылы сауал жұргізу тікелей интервьюерлеу мен пошталық және баспасөз сауалдары аралығында аралық орынды иеленеді.

Баспасөз арқылы сауал жұргізу – анкеталық сауал жұргізудің бір түрі. Мұнда анкета газетте, журналда жарияланады. Оның толтырылуы мен зерттеушіге қайтарылуы тек қана мерзімді басылым оқырмандары жиынтығымен шектеледі.

Баспасөз сауалының респонденттері – зерттеушінің кейбір мәселе бойынша өз пікірін білдіруге ұн қатушылар. Баспасөз сауалының жетістігі-нақты бір мәселе бойынша тұрғындардың белгілі бір бөлімінің қоғамдық пікірін жедел жинау мүмкіндігі.

Әлеуметтік зерттеуде «әлеуметтік эксперимент» деген ұғым бар. Әлеуметтік эксперимент деген не? Әлеуметтік эксперимент басқарылушы және бақылаушы факторлардың әсер етуінен әлеуметтік обьектінің қызметі мен әрекетінің сандық және сапалық өзгерісі туралы ақпарат алу тәсілі.

Эксперименттік тәсілдің (тәжірибе) бақылаудан айырмашылығы сонда, мұнда жасанды ғылыми тәжірибе жасалады, зерттелетін құбылыс қолдан ұйымдастырылып, жағдай қадағалауда болады. Айталық, ұзақ экспедициядағы адамдардың мінез-құлқын зерттеу үшін, оңашаланған кеңістікте ұзақ уақыт болуға келіскен өз еркімен жиналған топта эксперимент жасауға болады.

Әлеуметтік зерттеу қорытындылары есеп беру кезінде көрсетіледі. Әлеуметтік зерттеу туралы есеп беру-зерттеу нәтижелері жүйелі және көрнекі тұрде баяндалатын жазба құжат. Есеп беру құрылымы ұш бөлімнен құралады: зерттеу нәтижелері, қорытындылау және жұмыс жоспарынаң құрамды бөлімі- зерттеудің желілік кестесі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет