3. Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлер
Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларының еңбектері ықпал етті. Абай Г.Спенсердің орыс тіліне аударылған әлеуметтанулық туындыларымен танысып, оның эвалюциялық теориясын қабылдайды. Бүкіл тіршілік атаулының өзгермелігі туралы ой Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде жиі ұшырасады. “Жиырмасыншы қара сөзінде”: “Дұние бірқалыпты тұрмайды” десе, өлеңінде: “Адамзат кұнде өзгерер” дей келіп, патриархалды-феодалдық құрылысты басынан өткізіп жатқан қазақтардың жаңа қоғамға өтеріне зор сеніммен қарайды.
Ресей бодандығынан босау қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы екенін білетін Абай бұғаудағы қазақтардың жағдайын “Осы мен өзім-қазақпын” деп басталатын “Тоғызыншы қара сөзінде” баяндайды: “Мен өзім тірі болсам да, анық тірі емеспін... Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам – ызалана алмаймын. Кұлсем – қуана алмаймын. Сөйлегенім өз сөзім емес, кұлгенім өз кұлкім емес, бәрі де әлдекімдікі. Сол себептен бір жұрген қуыс кеудемін...” Ол патриархалдық-рулық құрылыстың сақталуына қынжылды. Өйткені патша ұкіметі ру басыларын бір-біріне айдап салып, өзінің отарлау саясатын тоқтаусыз жұргізіп жатқан еді. Бодандықтан құтылудың жолын надандықты жоюдан көрді. Ол үшін халқын оқу, білім, ғылымды меңгеруге шақырды. Ғылымды үйренгенде қазақтарды бақастыққа жол беруден сақтандырады. Оның пікірінше, бақастық адамды тұземейтін, керісінше, оны бұзатын нәрсе, әсіресе ол адамгершілікті азайтатын құбылыс екенін ескертеді.
Қазақ қоғамы тек байлар мен кедейлерден ғана тұрмады. Ел билеу жүйесінде жаңа әлеуметтік топтар пайда болып, халыққа әкімшілік жасау болыстардың, т.б.билігіне өтті. Атқамінерлер көбейді. Патша өкіметі осы топ арқылы еңбекші халықты қанап, тонап отырды, олар қоғамның әлеуметтік дамуына тұсау болды.
Абай жеке адам мен қоғам арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынастың мазмұнына ұңіліп, оған әлеуметтік прогресс ізпетті қарады. Данышпан Абайдың шығармаларын жарыққа шығаруда А.Байтұрсынов елеулі еңбек сіңірді.
Достарыңызбен бөлісу: |