Тақырып: Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде


А.Байтұрсыновтың әлеуметтану жөніндегі көз қарастары



бет7/40
Дата29.12.2021
өлшемі173,31 Kb.
#106416
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40
Байланысты:
Әлеуметтану лекция
Әлеуметтану лекция, Математика 7
4. А.Байтұрсыновтың әлеуметтану жөніндегі көз қарастары

Ғасырлар тоғысында және CC ғасырдың бірінші жартысында ұлттық –демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялылары шықты. М.Дулатов, М.Шоқаев, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Х.Ғаппасов, т.б. қоғамдық ғылымда бірегей туындыларымен өшпес із қалдырды.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) - Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің даму тарихында өзіндік орны бар біртума алып тұлға.Қазақ халқының, әсіресе «оқыған азаматтардың тұңғыш... көсемі» болған А.Байтұрсыновтың саяси іске арласуы Ресей ішіндегі саяси-әлеуметтік құбылыстармен тікелей байланысты болды: түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың құрылып, олардың қызметтерінің жанданған кезеңіне, бірінші орыс ревалюциясының өршіген тұсына сәйкес келді. Бұл кезеңде ол Қарқаралы қаласында қызмет істейтін еді. Өз халқының мұдесін, болашағын ойлаған А.Байтұрсынов осы кезеңде саясатқа белсене арласты. Осы мәселені М.Әуезов «Қарқаралыда тұрғандағы соңғы төрт жыл Ақаңның саясат ісіне белсене кірісіп, жазумен де, ісімен де бой көрсеткен кезі, сол мезгілде 1905 жылдың өзгерісі болған. Қазақтың Мәскеуден келген бірен-саран студенттері, басқа қалаларда оқып жұрген жастары һәм ескіліктен келе жатқан пікірі тұзу үлкендердің арасында өзгеріс рухы жайылып, қазақтың елдігін сөйлей бастаған кездері болатын» деп атап көрсетті.

А.Байтұрсынов өзінің әлеуметтік-саяси көзқарастарын бірнеше еңбектерінде баяндады, атап айтқанда, «Тағыда народный сот хақында», «Қазақтың өкпесін», «Қазақ һәм 4-ші Дума»,»Қазақ жерін алу тұрғысындағы низам», «Қазақша оқу жайынан», «Оқу жайы», «Мектеп керектері», «Соғысушы патшалар», «Қазақ халқын билеу туралы 1868 жылы шыққан уақытша положение», «1891 жылы 25-ші мартта шыққан степной положение, яғни осы кұнгі положение. Сайлау һәм партия пәлесі», «Осы кұнге соттың тәртібіндегі кемшіліктер» және т.б. Реформатор ретінде демократиялық ой-пікірлерін А.Байтұрсынов оқу ісі, мектеп жұмысымен байланыстырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет