Тақырып: Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде



бет38/40
Дата29.12.2021
өлшемі173,31 Kb.
#106416
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Әлеуметтану лекция

Саяси жарнама. Саяси жарнама ақпараттағы бәсекелесті жэне тәуелсіз таңдаудың позитивті образын қалыптастыруға бағытталып қажетті сұйенішке қол жеткізу үшін сол товарды барынша жарнамалау болып табылады. Маркетингтік типтерге ақпараттық технологиялардың бір түрі ретінде саяси жарнамада, жарнама берушіні азаматтардың ақпараттандыруды ғана емес, сонымен қатар олардың ойы да қызықтырады. Ақпараттық нарыққа белгілі бір товарды шығара отырып жарнама саяси позицияларды адамдардың еркін және ойланып таңдауын ынталандырады. Жалпы тұрде жоғарғылық технологияларды былай жіктеуге бөлінеді

1. Аудиорадио репортаждар және визуалды (видео, бейне роликтер)

2. Жарнамалы хабарларды жеткізудің бастылық әдістері.

3. Сыртқы жарнама әдістері (жарнамалық қалқаншалар, афишалар т.б.)

4. Баспа жарнаманың әдістері (плакаттар, кұнтізбелер т.б.)

5. Тікелей пошталық жарнама әдісі (пошталық хабарларды нақты сайлаушыға)



6. Жарнаманың компютерлік формасы (интернет)

7. Қоғаммен байланыс бойынша іс-шараларды жұргізу (кандидаттық жеке тұлғаларды негізіндегі митингтерде сөз сөйлеуі).

Жарнаманың саяси арсеналында қоғамдық танылған этикалық тұрақты әдістерімен қатар, моральдің жалпыға танылған нормаларын бұзып, көп жағдайда құқықтық штаттағы қажеттіліктерге жол беретін „қара", „лас" тұрдегі технологияда бар.

Негізінен алғанда мемлекет ақпараттық нарықтық кұзетінде тұрып саяси жарлықтың таралуын қарастыру қажет. Қазақтың саяси дәстүрінде сайлаумен қатар, биліктің мұраға берілуі, сондай-ақ лауазымды тұлғаны жәй ғана тағайындау да болған. Хандар шыңғыстық-төре тұқымынан сайланып отырған. Сұлтан болып тек Шыңғыстың тұқымы, яғни «ақсүйектер» тағайындалды. Ханды сайлау кезінде қарапайым халық дауыс беру үрдісіне қатыспағанын айта кету керек. Ханды шектелген жақын орта ғана, ал көбінесе оның тек жақын туыстары сайлаған. Сондықтан, қазіргі заманғы демократиялық түсінік бойынша, бұл үрдісті сайлау деп атау қиын.

Кейбір басқару және сот қызметтерін атқарған билер де сайланбаған, олар тіпті тағайындалмаған да. Олар - жоғары беделге ие болған адамдар. «Би атағын алу қазақтарда қандай да бір үрдістерді өткізудің нәтижесі емес, ол кең көлемді қоғамдық қалаудың нәтижесі еді. Би болу үшін құқық туралы білімі болуы тиіс және шешендік қабілетін халық алдында көрсетуі керек. Мұндай адамдар жайлы қауесет ұланғайыр далаға бір-бірінен тез тарап, барлығына мәлім болып кететін. Сөйте отыра, би атағы қызметтік және қорғаушылық тәжірибенің патенті болып табылады».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет