Тақырып: Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде


-ші лекция тақырыбы. Экономикалық әлеуметтану



бет31/40
Дата29.12.2021
өлшемі173,31 Kb.
#106416
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Байланысты:
Әлеуметтану лекция

13-ші лекция тақырыбы. Экономикалық әлеуметтану.

Жоспары.


1. Экономикалық әлеуметтанудың әлемдік ғылымда қалыптасуы. Экономикалық әлеуметтанудың мәртебесі мен ерекшелігі.

2. Экономикалық білімнің құрылымы. Экономикалық әлеуметтану бойынша зерттеудің өзекті мәселелері мен бағыттары.

3. Экономикалық жүйенің әлеуметтанулық талдауы. Экономикалық жүйенің типтері. Нарықтық экономиканың әлеуметтік мәселелері.

Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады. Бұл арнаулы теория жалпы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды. Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық әлеуметтанудың пәніне қоғамның экономикалық және әлеуметтік тұрғыда бір- бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады. Ал, экономикалық әлеуметтанудың пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады. Бұған экономиканың алуан түрлі салалары, әлеуметтік институттар ( фирмалар, акционерлік қоғамдар ( АО ), корпорациялар, банктер, т.б. ), алуан түрлі адамдар бірлігі ( мысалы, өндіріс, еңбек ұжымдары, өндірістік бірлестіктер, топтар, бригадалар, т.б.); экономикалық процестер, өндіріс саласындағы әлеуметтік қатынастар ( үстемдік ету – бағыну, басқару – орындау ), еңбеклердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы, миграция, мамандықты іріктеп алу, еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс - әрекеттің себеп – дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау, экономикалық – материалдық жағдайы, көңіл – күй, мұқтаждық талап – тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапасының артуына әсері, т.б. жатады.

Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс - әрекеті, қызметінің жемісі ретінде қарайды. Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждығы, талап – тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі ролдер, яғни қызмет атқарады, осыған сәйкес олар қоғамда әр түрлі орында, жағдайда, беделде, т.б. болады. Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретінде экономиканы өз алдына жүйе деп қарайды. Ал, экономикалық жүйеде - өндіріс – бөлу айырбастау – тұтыну жүзеге асырылады. Ал, бұл процестің нарықтық түрі: « Сүраныс және ұсыныс ». Нарық дегеніміз, тар мағынада – азық – түлік және басқа өндіріс бұйымдарын, тауарларды сататын сауда орны. Ғылыми тілмен айтқанда, ол тауар айналымының өрісі, сатып алу мен сату ісінің жиынтығы. Тауарларды ұсыну және оған деген төлеу қабілеті бар сүраныс. Нарық теориясы ұдайы өндіріс ( воспроизводство ) теориясының құрамды бір бөлігі. Нарық тауар өндірісі туып, өсуімен қатар пайда болып, дами бастайды, әсіресе, ол қала мен ауылда натуральдық шаруашлық ыдырап, қоғамдық еңбек бөлініс тереңдей түскен кезде етек алып кеңейеді.

Әлеуметтік зерттеуде бұл екі процесс, яғни сүраныс пен ұсыныс қатар қолданылады, өйткені, зерттеуші әлеуметтанушының басты назары ең алдымен мұндағы алуан түрлі адамдардың, олардың топтарының мінез – құлқына аударылады. Адам және оның топтары – жұмысшы, қызметкер, тұтынушы, айырбастаушы, сатушы, сатып алушы, т.б. ретінде қарастырылады. Экономикалық дамудың әлеуметтік аспектілерін жан – жақты ескеріп, талдап отыру керек. Мысалы, әлеуметтік, рухани құндылықтары бойынша адамның ең жоғары қасиеттері – инабаттылығы, еңбек сүйгіштігі, оған қатынасы, ынталығы, ұқыптылығы, оның қайырымдылығы, әділеттілігі, жауапкершілігі, белсенділігі, шаруа – қорлығы, т.б. қоғамдық өндірісті дамытып, оның өнімін көбейтуге, сапалы тауарларды көп өндіруге тікелей әсерін тигізіп отырады.

Осыларға орай, экономикалық әлеуметтану еңбектің мазмұны мен түрлерін, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің білім деңгейі мен мамандығы, саналылығы, әділеттілігі, белсенділігі, жауапкершілігі, т.б. қасиеттері еңбек процесіне қалай әсер ететінін де зерттейді.

Экономикалық әлеуметтанудың бір ерекшелігі сол, ол экономикалық құбылыстар мен процестерді жеке адамның, оның ішінде жіктің экономикалық жағдайы, материалдық әл – ауқаты, одан туатын сана, ойлау және мінез – құлқымен тығыз байланысты. Сөйтіп ол экономиканы реттеудің, басқарудың әлеуметтік механизмдерін ашады да, экономикалық сананы, экономикалық ойлауды, экономикалық ынта, ықылас, мәдениет, т.б. мәселелерді зерттейді. Міне, осылардың бәрі экономиканы әлеуметтік тұрғыдан зерттеудің ең басты мәселелері.

Қазіргі уақытта біздің еліміз нарықтық экономикаға өтуде. Ал, нарықтық экономика деп нарықтық қатынсатарға негізделген шаруашылық өнімдерін негіздеу, оның белгілі бір деңгейдегі құрылымы мен шартты жағдайын айтамыз. Нарықтық қатынастар – бұл экономикалық қатынастар. Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты жаңа экономикалық құбылыстар мен процестер ( жекешелендіру, акционерлендіру, аренда, фирма, кооперация, аукцион, биржа, т.б. ) өмірге келіп, жаңа ұғымдар, түсініктерді туғызды. Бұл құбылыстарды, оларды бейнелейтін ұғымдарды экономикалық теория тікелей зерттейді. Ал, әлеуметтану осындай экономикалық мәселелерді қарастырғанда, ең алдымен, адамны, әлеуметтік топтардың, жіктің экономикалық мінез – құлқын қарайды. Сондықтан экономикалық құбылыс, процесс болмасын, оларды талдау, анықтауда әр уақытта нақтылы жеке адамнан, оның топ – жіктерінен, олардың өмір тіршілік ерекшеліктерінен, жағдайынан бастайды.

Сонымен, экономикалық жүйедегі адам, оның нысана бағыттары, тәртібі – міне экономикалық әлеуметтанудың экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің басты бағыттары мен мәселелері. Дәлірегі, адамның өмір сүріп отырған ортасы – қазіргі экономикалық жүйеге қатынасы, ондағы алуан түрлі жүріп жатқан өзгерістерге ( ой – пікірлері, көзқарастары ), нарықтық қатынастарға, ондағы экономикалық реформаларға қатынасын зерттейті. Алғашқы кезде көпшілік халық нарықтық қатынастарға, экономикаға көшкісі келмей оған бөгет жасады. Елде мұндай жағдайдың болуы ескі стереотипті ойлаудың, болып жатқан іс - әрекеттің сол уақыттағы керттартпалылығымен түсіндіруге болады. Тек қана кейінгі 2 – 3 жылдарда ғана халық нарықтық экономиканың қай жағынан болсын, пайдалы, тиімді екенін түсініп, мойындайды. Сөйтіп қазіргі халықтың басым көпшілігі нарықтық экономикалық қатынастарды жақтап, оның ілгері дамуына күш салуда. Экономикалық әлеуметтану экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттегенде белгілі бір әдістемелік қағидаларға сұйенеді. Олар:



  1. Қандай да бір экономикалық пороцестерді зерттеу объектісіне айналдырғанда

экономикалық әлеуметтану өндірістегі әрбір таптың оның ішінде топтың, жіктің, мұң – мұқтажы, мұдде, талап – тілегі тұрғысынан зерттейді.

  1. Қандай да бір әлеуметтік талдау жұргізбесін, экономикалық әлеуметтану өндірістегі

әлеуметтік топтардың, оның жіктерінің меншік формасына қатынасын, әл – ауқатының дәрежесін, өмір сүру жағдайларын нақтылы еске алып отырады.

  1. Экономиканы, ондағы қатынастарды дамытуға әлеуметтік факторлардың тигізетін

әсерін және экономикалық қатынастардың әлеуметтік қатынастарға, процестерге тигізетін әсерін ескереді.

  1. Әлеуметтік – экономикалық міндеттерді шешуде әлеуметтік, яғни, адам факторына

басты назар аударады.

  1. Экономикалық және әлеуметтік мәселелерді тығыз байланыста қарап, шешілетін

практикалық мәселелерді де бірыңғай қарауға бағыттап отырады.

  1. Шаруашылық тетігімен салыстырғанда әлеуметтік тетіктің ықпалы басым әр уақытта

ескеруді қажет етеді;

  1. Экономикалық және әлеуметтік саясаттың тығыз байланыста болатынын есте ұстау.

Айта кететін бір жайт, экономикалық әлеуметтану жеке – дара әлеуметтану

теорияларымен, мысалы, еңбек әлеуметтануы ұйым және басқару әлеуметтануымен де айналысады. Экономикалық әлеуметтанудың зерттеуіндегі басты айырмашылық – ол жалпы экономикалық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің даму заңдылығын зерттейді. Ал, заңдылықтар деген не? Олар осы байланыс, қатынастардың ең тұрақты, қайталанатын, қажетті, мәнді, басты жақтарының жиынтығы. Әлеуметтануда заңдылықтарды даму тенденциялары деп те атайды.

Өндірістегі әлеуметтік реттеу, басқару құралдары деп ондағы экономикалық тұрақты тәртіп жүйесі мен алуан түрлі әлеуметтік топтардың өзара байланысын, әлеуметтік факторлардың іс - әрекетін реттеуді айтады. Сөйтіп бұл механизм әлеуметтік – экономикалық объектілердің іштей бірлігін, өндіргіш кұштер мен өндірістік қатынастардың дамуын сәйкестендіріп отырады.

Еңбекті, өндіріс ұжымдарын әлеуметтік құралдар арқылы басқару, реттеудің

негізінде қызметкерлердің белгілі бір типі қалыптасады. Қалыптасқан бұл тип, бір жағынан, олардың ең жоғары адамгершілік қасиеттерін танытса, екінші жағынан, олардың кейбір жағымсыз қылықтарын да ашады. Адамзат қоғамының әрбір адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді, ұйымдармен дұниеге келеді, тәрбиеленеді, өзінің мұқтажын қанағаттандырады, оны соңғы сапарға ұйым шығарып салады деген пікірлерде әділдік бар сияқты.

Ұйымдар өте күрделі және сарқылмайтын таным обьектісі. Олардың мұндай алуан түрлілігі ұйымдар үшін адамзат қоғамының барлық негізгі белгілері тәндігімен түсіндіріледі. Мысалы, ұйымның да нақты шекарасы, әлеуметтік жіктелісі мен статустар иерархиясы, орталық билігі, мақсатқа бағытталған қызметі, ұйым мүшелері арасында бүкіл қарым-қатынастар жиынтығы бар. Демек, ұйым күрделі әлеуметтік организм іспетті. Сондықтан да ұйымның көпжақтылығы оларды зерттеуге көптеген ғылымдар өкілдерінің – психологтардың, экономистердің, әлеуметтанушылардың, инженерлердің көңілін аударып келді.

Адамдардың ұйымдасқан қызметі- олардың өмір сүруінің маңызды алғышарты. Бастапқыда адамдар өз өмірін ұтымды, яғни алға қойған мақсатына сәйкес ұйымдастырады. Көптеген жағдайда мақсатқа жетудің тәсілдері бірнеше немесе көптеген адамдардың кұштерін біріктіріп қолдануға негізделген, өйткені көптеген қажеттіліктерді бір адамның өзі әрекет етуші өзге де индивидтердің қатысуынсыз жүзеге асыра алмайтын еді.

Ұйым ұғымы әлеуметтік обьектілерде үш мағынада қолданылады:



  1. Қоғамда белгілі бір орны бар және шектелген қызмет түрлерін атқаруға арналған институттық сипатта қолдан жасалған ұйымдар. Бұл тұрғыдан алған «ұйым» белгілі статусы бар әлеуметтік институт ретінде көрінеді және автономды обьект ретінде қарастырылады, яғни кәсіпорындар, өкімет билігіне ие болған органдар, ерікті одақтар және т.б. ұйым мағынасында жеке атауларға ие болады.

  2. «Ұйым» ұғымы белгілі бір ұйымдастыру қызметін білдіру де мүмкін, мұндайда қызмет түрлерін бөлу, тұрақты байланыстар орнату, ұйлестіру және т.б. жұмыстар ұйымдастырылып, қолға алынады. Мұндай ұйым белгілі бір обьектіге мақсатты тұрде ықпал етеді. Демек, ұйымдастырушы адам мен ұйымдастырылатын контингент бола алатындар процесс ретінде байқалады. Осыған орай «ұйым» термині «басқару» ұғымына сәйкес келеді.

  3. «Ұйым» ұғымы сонымен бірге қайсыбір обьектінің реттелу деңгейін сипаттайды. Осы ұғым арқылы әр обьектіге қажетті ерекшелік болып саналатын бөлімдерді бөлімдерді бір тұтас орталыққа шоғырландыратын тәсіл ретіндегі белгілі бір құрылым, құрылыс және байланыс типі белгіленеді.

Әлеуметтік объект ретінде ұйым қандай жағдайда пайда болады? Әлеуметтік қауымдастықтың формасы ретіндегі ұйымдардың құрылуының екі механизмі бар: олар қайсібір ортақ мақсаттарға көп жағдайда тек индивидуалдық мүдделер арқылы жетудің мүмкін екендігін мойындағанда немесе индивидуалдық мүдделер арқылы жетудің мүмкін екендігін мойындағанда немесе индивидуалдық мақсаттарға тек ортақ мақсаттарды алға тартып, ұсыну мен соған жетудің мүмкіндігі анықталғанда ғана нақты белгілі болады, қалыптасады.

Ұйымдардың әлеуметтік қасиеттері мыналар:

-ұйымдар қоғамдық міндеттерді шешу, мақсатқа жету құралы ретінде құралады, сондықтан оларды зерттегенде мынадай проблемалар бірінші қатарға қойылып, баса назар аударылуы тиіс. Атап айтқанда, олардың мақсаттары мен қызмет түрлері, жұмыс нәтижелерінің тиімділікке жеткізуі, қызмет көрсетішілердің дәлелді себептері мен ынталандырылуы анықталуы керек.

-ұйымдар адамдар қауымдастығы, ерекше әлеуметтік құрылым ретінде, яғни әлеуметтік топтардың, статустардың, нормалардың, лидерлік қатынастардың жиынтығы ретінде қалыптасады.

Әлеуметтік ұйымдар энергиясының арту процесі бірнеше сатыдан тұрады. Қалың бұқараның, яғни аса көп кұштің бір мезгілде, бір бағытта жұмыс істеуі елеулі тиімділікке жеткізеді. Бұл дегеніміз-адамдардың жұмыста бірлесіп кұш жұмсауының тиімді екендігінің айғағы. Осы жерде адамдар бірлесуінің екінші тиімдісі деп аталатын- қатысушылардың психологиялық өзара әрекеті, «бізді» сезінуі, өзара салыстыру, жарысу, топтық бақылау пайда болады.

Ұйымдар сонымен бірге көп өлшемдегі жоғары дәрежелі жұмыс деңгейі және құрылысының әлі де жеке-дара анықталмауы және қаншалықты өміршеңдігі екендігі арқылы ерекшелінеді. Бұлар өте күрделі жүйелер қатарына жатады Олардың күрделілігі соншалық, тіпті ол ұйымдық процестерге бақылауды басқару мүмкіндігінен де асып тұсуі ықтимал. Жалпы алғанда ұйымның құрылымы сол ұжымның тыныс-тіршілігінің бірден бір негізі бола отырып, ұйымның типтерін де анықтайды.

Еңбек ұйымдарының тыныс – тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі- басқару. Басқаруға әлеуметтану тұрғысынан қарасақ, онда мән-мағынасы жөнінен мақсатқа бағытталған басқару ықпалын айтуға болады.

Әлеуметтануда басқару шешімдерін типтеудің негізіне шешімдерін типтеудің негізіне шешімнің терең мазмұнды болуы, субьектінің қаншалықты жеке ұлес қосқандығының дәрежесі мен оны жүзеге асырудағы мүмкіндігі алынады. Бұл басшының жалпы ұйымға ықпал жасау дәрежесін көрсетеді. Бұл басшының жалпы ұйымға ықпал жасау дәрежесін көрсетеді. Басқару шешімдерінің мән-мағынасына басқа тұрғыдан қарайтын болсақ, онда титпеудің негізіне қайсібір ұйымдық жағдай мен осы шешімнің мазмұнын алдын ала анықтау дәрежесі алынуы мүмкін. Бұл басшының ұйымға ықпал етуінің кейбір басқару шеңбері мен шекаралары туралы түсінік береді. Осы негізде басқару түрлерінің келесі түрлері ерекшелінеді:

1. Қатаң детерминдендірілген шешімдер, мұның мазмұны басшының басшылық етудегі жеке ерекшеліктері жалпы ықпал етпейді немесе болар-болмас қана әсер етеді. Мұндай жағдайда шешімнің субъекті тұлғасы шешімнің қабылдану процесін қатыстырылмайды, өйткені шешімнің мазмұны ұйымдық жағдайлармен (заңмен, нұсқаулармен, жоғары органдар шешімдерімен т.б.) алдын ала анықталған.

2. «Инициативалық» шешімдер (яғни қатаң детерминдендірілмеген), олардың мазмұны шешім субъектілерінің жеке ұлес қосуын қажет етеді. Мұнда ауытқу ауқымы аса үлкен болуы мүмкін, ұйым үшін оның маңызды салдары болады.

Басқаруды зерттеу кезінде анықталғандай, басқару шешімдернің соңғы тобы- 26 типінен тұратын қайта ұйымдастыру шешімдері үлкен қызығушылық тудырады, өйткені бұл шешімдер ұйымдастыру жобаларын қамтиды және көп жағдайда басшының істі ілгері бастыруға қосқан жеке ұлесімен тікелей байланысты болады.

Шешімдердің ұйымдық әртіпті қолдауға немесе оны дамытуға, өзгертуге бағытталуы шешімдерді типтеуде аса зор маңызға ие болады және соның негізіне айналады.

Әр түрлі ұйымдық тұзілімдер – кез- келген қоғамда жан- жақты дамып тараған құбылыс. Мысалы, ұйымның кейбір белгілерін өз иелігіне алған әлеуметтік қауымдастықтар жиі кезедседі.Ұйымның өзіндік белгілерінің болуына қарамаатан таптар, ұлттар соларға ұқсас әлеуметтік қауымдастықтардан өзгешеленіп, ерекшелінеді.

Қоғамда келесі ұйымдық формалар қалыптасады:

1. Іскерлік ұйымдар – коммерциалық мақсаттар үшін өз беттерінше ұжымдасатын және жекелеген міндеттерді шешеу мақсатында кең көлемді ұйымдық жүйелер арқылы құралатын фирмалар мен мекемелер. Жалдамалы қызметкерлердің мақсаттары қожайындардың немесе мемелкеттің мақсаттарымен кез- келген уақытта ұштаса бермейді. Оларға мүше болудың мақсаты- қызметкерлерді өмір сүрулеріне қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуі. Бұл ұйымдардың ішкі реттеушілік негізі-әкімшілік тәртіп ережелері, дара басшылық принциптері, тағайындау, коммерциалық мақсатқа сәйкестіктерден тұрады.

2. Қоғамдық одақтар, бұқаралық ұйымдар. Бұлардың мақсаттары өз «ішінен» дайындалады және оған қатысушылардың әрқайсысының жеке мақсаттары бір жерге, орталыққа жинақталады. Реттеу қабылданған жарғы, сайлау принциптерімен қамтамасыз етіледі, яғни басшы қол астындағыларға тәуелді болады. Бұларға мүше болу саяси, экономикалық, әуесқой қажеттіліктерді қанағаттандырады.

3. Ұйымдардың аралық формалары да бар, мысалы, кооперативтер (ауыл шаруашылық, балықшы колхоздары т.б.). Кооперативтер өздеріне одақтастардың, мұдделілестердің негізгі блгілерін қосып алғанмен, тұптеп келгенде, кәсіпкерлік функциялрды орындайды.

4. Тағы бір ұйымдық форманы ассоциативтік ұйымдар- отбасы, ғылыми мектеп, биресми топ құрайды. Бұларда әлеуметтік ортаға қарағанда бірсыпыра автономдылығы, құрамының салыстырмалы тұрде тұрақтылығы, иерархия, салыстырмалы тұрде қатысушылардың тұрақты бөлінуі (рөлдер, мәртебелер бойынша), ортақ шешімдер қабылдауы жөніндегі ерекшеліктері анық байқалады. Бұдан бұрын айтылған ұйымдардың екі типінен маңызды тұрдегі өзгешелігі сонда, ұлардың мақсатты тұрде алға қойылған өзіндік ерекшелігі болады. Олар мұдделерді өзара қанағаттандыру арқылы құрылады, мұнда ортақ мақсат біріктірудің факторы болмайды, оған қатысушы бір адамның мақсаты сол адамның мақсатқа жетуінің құралы қызметін атқарады.

Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың формалары өзара байланысады және бір-бірімен өзара қиысады. Көптеген елді мекендердің аумақтарында әкімшілік ұйымдар орналасқан (полиция т.б), көбінің өз аппараты және кәсіпорындары бар. Кейде оларды біріктіру тиімді болдаы, мәселен, ғылымит мектеп негізінде зерттеу институты құрылады немесе жеке ауа райы станциасының қызметкерлері бір отбасның мүшелерінен құралады.

Ұйымның типтері әлеуметтік басқарудың мазмұнымен, заңдары және принциптерімен тығыз байланысты.

Кез-келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Жалпы басқару дегеніміз не? БҰл жөнінде көптеген анықтамлар қарастырылған. Жүйеге келтіріп қарасақ, бұл анықтамалардың мәні- басқару бір жүйенің екінші бір жүйеге мақсатты тұрде бағытталған ықпалы, сөйтіп, ол мақсат пен қызметтің белгілерін қанағаттандыру үшін екінші жүйенің бағытын өзгертеді.

Қоғамда басқарудың мазмұны, мақсаты мен мүмкіндіктері ең алдымен қоғамдық құрылысқа байланысты болып келеді. Қоғамды басқару дегеніміз- қоғамды реттеу, тәртіпте, жетілдіру мен дамыту мақсатында қоғамда жасалған ықпал.

Әлеуметтік басқару қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік процестерді саналы тұрде, ғылыми тұрғыда реттеу болып табылады. Басқару әлеуметтануы әлеуметтану ғылымының бірден-бір жетекші саласы болып саналады, оның мәні қоғамды, еңбек ұйымдарын басқару барысында болатын заңдылықтар мен тенденцияларды зерттеу. Өйткені басқарудың көмегінсіз еңбекті, материалдық және рухани өдірісті, бөлу мен тұтынуды, тәртіпті, еңбек бөлінісін ұйымдастыруды, адамның ұжымдағы орны мен атқаратын міндеттерін анықтауды іске асыру мүмкін емес.

Әлеуметтік басқарудың принциптеріне келер болсақ, олар: демократиялық централизм, объективтілік, іскерлік, ұйымшылдық, лездемелік, нақтылық, заңдылық, дара басшылық, кешендік жүйелік т.б. жатады.

Демократиялық централизм принципі - әлеуметтік басқарудың ең маңыздысы, ол бүкіл басқарушы органдардың, басшылардың және басқару жүйесінің барлық деңгейіндегі атқарушылар қызметтерінің мазмұны мен әдістерін анықтайды.

Жариялылық принципі- еңбекшілердің басқару шешімдерін қабылдау кезінде қоғамдық пікірлерден кең көлемді ақпараттар алуы, оларды игеріп, есепке алу негізінде шешімдер қабылдауға қатысу.

Кешендік принципте әрбір әлеуметтік құбылыс кезінде оның экономикалық, идеологиялық, психологиялық ұйымдық секілді бүкіл аспектілерін есте ұстау қажет. Жүйелілік принципінің мәні- нақты мақсатты жүзеге асыруға қажетті жекелеген, өзара бірін-бірі толықтыратын қызметтің түрлерін біріктіру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет