Тақырып: Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет18/37
Дата20.02.2022
өлшемі223,54 Kb.
#132565
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
Байланысты:
лекциялар 2

Бақылау сұрақтары: Бұқаралық сана мен цифровизация.Технологиялық теңсіздік. Киберлаңкестік.


Тақырып:Экономика, жаһандану және еңбек


Тарихи перспективадағы экономикалық даму. Экономикалық жүйелерді компаративистік талдау. Еңбек нарығы мен жұмысбастылық құрылымы. Экономиканың негізгі секторлары. Жаһандық қоғамда еңбек рөлінің өзгеруі. Еңбектің жаһандық бөлінісі. Қазақстан жаһандық әлеуметтік-экономикалық жүйеде. Рационалдылық мәдениеті. Прагматизм мен жоспарлау.


Басты терминдер: экономикалық әлеуметтану, экономикалық мәдениет, экономикалық мінез-құлық

Адамдардың өмір сүруі өндірістің жүйесіне байланысты. Бізде тамақ пен тұрғын-жай болмаса өмір сүре алмас едік. Қандай да болсын қоғамда адамдардың басым көпшілігі үшін өндірістік іс-әрекет немесе жұмыс іс-әрекеттің басқа қандай түріне қарағанда, өмірдің үлкен бөлігін қамтиды. Индустральды қоғамда өмір сүре отырып, біз адамдардың көптеген кәсіби салаларда жұмыс атқаратыны на үйреніп кеттік. Бірақ мұндай жағдай индустриальдық даму дәуірінде ғана қалыптасты. Дәстүрлі мәдениеттерде халықтың үлкен бөлігі тағам жинаумен немесе оның өндірісімен айналысты.


Экономикалық жүйелердің үш түрі бар: дәстүрлі, жоспарлы және нарықтық.
Дәстүрлі экономикалық жүйе ең ежелгі экономикалық жүйе болып табылады. Ол алғашқы қауымдық қоғамда және ресурстардың шектеулі болуы жағдайларында орын алды. Қазіргі уақытта дәстүрлі экономикалық жүйе Оңтүстік Американың, Азияның және Африканың ауылшаруашылық аумақтарында және әлемнің басқа да аймақтарында өмір сүруде. Дәстүрлі экономикалық жүйе қол еңбегінің кең түрде таралуына және экономиканың көпсалалығына негізделген. Ол үшін табиғи (натуральды) шаруашылық тән болып келеді. Дәстүрлі экономикалық жүйе үшін төмен өндірілістегі фермерлік, аңшылық және терімшілік тән болып келеді. Мұндай жүйенің болуы кезінде қоректенудің тұрақты түрдегі артықшылығы болмайды және сондықтан да сауда тұрақты сипатта болмайды. Дәстүрлі жүйелер үшін мемлекеттің белсенді рөлі сияқты ерекшелік тән. Дәстүрлі экономика ұрпақтан ұрпаққа берілетін салт-дәстүрлерге негізделген. Дәстүрлі экономикалық жүйелердің ерекшелік белгілері: шекті түрдегі қарапайым технологиялар; қол еңбегінің басым болуы; тауар алмасушылықтың төменгі деңгейі; барлық басты экономикалық проблемалар салт-дәстүрлермен сәйкестілікте шешіліп отырады.
Жоспарлы экономика бұрын КСРО-да, Шығыс Еуропа елдерінде және бірқатар азиялық елдерде орын алған болатын. Оның ерекшелік белгілері: мемлекеттік меншік іс жүзінде барлық экономикалық ресурстарда болады, орталықтанған экономикалық жоспарлау. Жоспарлы экономиканың негізгі белгілері: барлық кәсіпорындарды басқару тікелей бірыңғай орталықтан басқарылды; мемлекет өндірісті және өнімді бөлуді толық бақылайды; мемлекеттік аппарат басым түрдегі әкімшіліктік-бұйрықтық әдістердің көмегімен шаруашылық іс-әрекетті басқарады.
Нарықтық экономикалық жүйе ең күрделі жүйе болып табылады. Ерекшелік белгілері: меншік формаларының әр алуандылығы, олардың арасында бұрынғыдай жетекші орынды әр алуан түрдегі жеке меншік алады; қуатты өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды құруды жеделдеткен ғылыми-техникалық революцияның өрістеуі; мемлекеттің экономикаға деген шектеулі араласушылығы, бірақ та әлеуметтік саладағы үкіметтің рөлі бұрынғысынша ауқымды; өндірістің және тұтынушылықтың (қызмет көрсету саласы рөлінің өсе түсуі) салаларының өзгеруі; білім беру деңгейінің өсуі; еңбекке деген жаңа қатынас; қоршаған ортаға деген көңіл бөлушіліктің өсуі; экономиканың гуманизациялануы; босатылған өнімдердің жылдам түрде жаңартылуы және жоғары дифференциялануы; шаруашылық іс-әрекетінің ауқымдалуы [1].
Карл Маркс – ХІХ ғасыр ойшылдарының ең ықпалдыларының бірі. К.Маркстің ғылыми қызметінің ең биік шыңы – оның атақты шығармасы – «Капитал» болды (1867 ж). Оның пікірінше, тарихи үдерістің мәні – бұл жеке меншік пен байлыққа бақылау жасау үшін болатын күрес. «Неміс идеологиясы» еңбегінде (1846 ж). Карл Маркс «өндірістік күштер», «өндірістік қатынастар», «еңбек бөлінісі» терминдерін қолданды. Ол барлық адамзат тарихын қамтыған әр түрлі төрт формацияны бөліп көрсетті: қарапайым коммунизм, антикалық қоғам, феодизм және капитализм.
Карл Маркс қазіргі заманғы өнеркәсіптің дамуы жұмыстың бір бейнелік, қызықты емес тапсырмаларға дейінгі көптеген түрлерін көмескілейтінін пайымдаған авторлардың бірі болып табылады. К. Маркс бойынша еңбектің бөлінісі адамдарды олардың жұмысынан шеттеді. Дәстүрлі қоғамдарда жұмыс сирек түрде қалжырататын болады: шаруалар өз егістіктерін өңдейді, би шешпей, таңертеңнен кешке дейін жиі еңбектенеді, - деп атап көрсетті ол. Дегенмен де олар орындалуы үшін көптеген білімдер мен дағдылар талап етілетін өз еңбектерін өздері ұйымдастыра алды. Керісінше, көптеген өнеркәсіп жұмысшылары іс жүзінде бүтін өнімді даярлау үдерісінде аздаған бөлігін ғана енгізе отырып, орындалатын тапсырмалардың сипатына еш ықпал ете алмайды және оның ең соңында кімге және қалай сатылатынына да, ықпал ете алмайды. Жұмыс, осындай көрініспен, жұмысшы өз мәнінде оларды тіпті де тартымды ете алмайтын мадақтау алу үшін орындауға тиісті болатын бөтен тапсырма болып шығады [2, 457 б].
Макс Вебер – неміс экономикалық тарихшысы және әлеуметтанушысы, әлеуметтік теорияның дамуына ауқымды үлес қосқан көрнекті зерттеуші. Ол діни идеалдар мен экономикалық дамудың арасындағы қарым – қатынасты қадағалау үшін, әлемдік діндердің көлемді түрдегі салыстырмалы зерттелуін қабылдады. Ол жауап беруге тырысқан басты мәселе – діни – этикалық қондырмалар қондырмалар экономикалық іс – әрекеттің мотивациясының сипаты мен формасына қалай ықпал етеді? Оның ең танымал шығармасы – «Протестанттық этика және капитализмнің рухы» (1905 ж. ).М. Вебер батыс еуропалық капиталисттік рухтың қалыптасуындағы басты рөлді протестанттық еңбек этикасына (еңбек сүйгіштік және жұмыс, моральдық тәртіп және т.б.) берді.
Қазіргі қоғамдардың экономикалық жүйелерінің мәнді сипаттамаларының бірі – төтенше күрделі және алуан бейнесі еңбек бөлінісінің дамуы болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, жұмыс әр түрлі тектегі ауқымды сандағы жұмыстарға бөлінеді, олардың әр қайсысында адамдар маманданады. Дәстүрлі және қазіргі заманғы қоғамдардағы еңбек бөлінісі арасындағы контраст, (қарама - қарсылық) іс жүзінде өте үлкен. Тіпті ірі дәстүрлі қоғамдарда әдетте жиырма – отыздан аспайтын толыққанды қолөнер шеберханалары болады. Қазіргі заманғы индустриалдық жүйеде көп мыңдаған әр түрлі кәсіптер болады. Қазіргі заманғы қоғамадардың негізгі белгілерінің бірі – экономикалық өзара байланыстылықтың екпінді түрдегі өсуі болып табылады.
Индустриялдық экономикада жұмысты үш секторға: бастапқы, қосалқы және үшіншілік деп бөлуге болады. Осы үш секторлардағы жұмыспен қамтылған жұмысшы күшінің пропорцияналды құрамы индустриализацияның әр түрлі деңгейлері үшін де әр алуан. Бастапқы салалар табиғи ресурстарды жинаумен және өңдеумен байланысты болады. Экономикалық бастапқы секторы өзіне ауыл шаруашылығын, кен өндіруші және орман шаруашылығын, балық аулауды және басқаларды қосады. Индустриалдық дамудың бірінші деңгейлерінде жұмысшылардың басым бөлігі бастапқы секторда жұмыспен айналысты. Осы өлшемнен машиналарды қолдану қалай өсетініне және фабрикалардың саны қалай көбейетініне байланысты жұмысшы күшінің үлкен бір бөлігі екінші секторға ауысады. Қосалқылық салалар өнеркәсіптік тауарлардағы шикізаттан асып түседі. Үшіншілік сектор материалдық игіліктерді тікелей шығармастан, қалғандарына қандай да болсын қызмет көрсетушілікті ұсынатын іс – әрекеттің осы қызметтеріндегі қызмет көрсетулер индустриясымен байланысты болады. Медиктер, оқытушылар, басқарушылар мен клеристер – әдетте қызмет көрсету саласына жататын іс – әрекеттің түрлік мысалдары [2, 453 б].
ХІХ – ғасырдың өзінде – ақ пайда болған, еңбектің «ескі» халықаралық бөлінісі өнеркәсіптік елдер тауарлар мен қызмет көрсетулер өндірісінде экспорттауға мамандануын жөн санады, ал осы уақытта Африканың, Азияның және Латын Америкасы елдері елдің дамуын шикізатпен және азық-түлікпен (бастапқы өнімдермен) қамтамасыз етеді. Жаңа халықаралық еңбек бөлінісіне сәйкес, дамыған өнеркәсіптік елдер капитал мен ақпаратты экспорттайды, ал аса кедей елдер оларды арзан жұмыс күшімен өндірістің қажеттілігі үшін де қамтамасыз етіп отырады.
Халықаралық жаңа еңбек бөлінісінің көрініс беруінің бірі – еркін экономикалық аймақтардың (экспорттық аймақтардың) ұйымдастырылуы болып табылады. Практика көрсеткеніндей, кедей елдердегі арзан еңбекті қанаушылық әйелдер мен балалардың жұмыспен қамтуының ұлғаюына алып келеді.
Қазіргі кезеңде жаһандану дамыған және дамушы елдердің арасындағы теңсіздікті күшейте отырып, аз санды мемлекеттердің қолына табыстардың, байлықтардың және ресурстардың шоғырлануына мүмкіндік береді.
Әлемдік экономикалық үдерістер жүйесіндегі Қазақстанның орны туралы мәселе үлкен маңызға ие болады. Қазақстанға шетел капиталын тарту мен елдегі инвестицияға қызығушылық мәселелердегі республиканың саясатына сенім көрсеткен инвестор – компаниялардың арасында әлемдік танымалдылыққа ие мынадай аса ірі компанияларды атап көрсетуге болады. «Шеврон», «Мобил», «Амоко», «Тексако (АҚШ)», «Аджип (Италия)», «Бритиш газ», «Бритиш Потрелеум (Ұлыбритания)», «Эльф Акитен (Франция)», «Статойл (Норвегия)», «Лукойл (Ресей)» [3, 12 б.].
Қазақстан 2013 – жылы 140 елдің ішінде бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінде 42-ші орын алды және «макроэкономикалық орта» сияқты категорияларға көтерілді. (25 орын) және «еңбек нарығының тиімділігі» (13 орын). Мұндай көрсеткіштерге мемлекеттің инвестициялық ахуалды жақсарту саясатын жүргізуі арқасында қолжеткізілді [3, 13 б.]. Тәуелсіздік жылдары ішінде банк жүйесінде филиалдар жүйесі, соның ішінде шетелдерде де құрылды. Қазақстандық банктер халықаралық қарсы валюта нарығындағы белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстанның қазіргі заманғы экономикалық дамуының маңызды басымдылықтарының бірі – елдің транзиттік әлеуметінің мүмкіндіктерінің кеңейту базасы ретіндегі жаңа Еуразиялық логистикалық инфрақұрылымның құрылуы болып табылады. Қазақстанда 2015-жылы елдің инфрақұрылымдық дамуының «Нұрлы жол» бағдарламасы жасалынды және табысты түрде іске асырылуда, соның арқасында соңғы жылдарда жүк тасымалдау көлемі жеткілікті түрде жоғарғы қарқынмен өсе түсті [3, 15-22 б.].
Н.Назарбаев «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында (2017 жыл, 12 - сәуір) былай деп жазды: «Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес. Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайтадан түлетуіміз керек. Прагматизм – өзінің ұлттық және жеке байлық нақты білу, оны үнемді түрде пайдалана отырып, соған сәйкес өз болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылдыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.
Қазіргі қоғамдағы шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән – салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көрегенділікті көрсетеді. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдылық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез – құлықтың прагматизмі деген сөз. Яғни реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды».

Әдебиеттер:


1.Экономическая теория: конспект лекций. Litres, 2017, 534 с.
2. Гидденс Э., Бердсолл К. Социология. – URSS, 2005. – 632 с.
3.Сатыбалдин А. Социально-экономическое развитие Казахстана: основные тренды, проблемы и перспективы //Общество и экономика. – 2017. – №. 9. – С. 9-25.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет