Тақырып: Есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы Қарастырылатын сұрақтар



бет3/8
Дата25.11.2022
өлшемі43,16 Kb.
#159831
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3 дәріс
халк стандарт 6 срсп, Геометрия пәні Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы №1, sabaq-kz attachment ker-trigonometriyaly-funkciyalar-tayrybyna-esepter-shyaru, перевод, англ (1), Тарихы түркыстан, Неонатология-1 (1), Неонатология-1 (2), қмж — копия, !7-ОШ СОР Англ.яз 6кл 130318
Билингвистикалық оқыту жүйесі арнайы білім беру процесінің құралдарын қолдануда бір тектілік, ұқсастық, яғни сөйлеу тілі мен ыммен сөйлеуді қатар қолдануда басшылыққа алынады.
Ыммен сөйлеу тілі – есту қабілетінен айырылған тұлғалардың өзара қарым-қатынасқа түсу тілі. Ыммен сөйлеу тілінің лексикалық және грамматикалық заңдылығы ымның семантикалық бірлігіне негізделіп, оның фугнкционалдық белгілері арқылы анықталады. Саңырауларды оқытуда ыммен сөйлеуді қолданудың тиімділігі:
- педагогтар мен оқушылар арасындағы коммуникативтік кедергілерді қалыпқа келтіру;
- балалар мен ересектер арасындағы сенімділікті тудыру;
- оқу-тәрбие процесінің эмоциялық жағын құру;
- оқу материалы бойынша ақпараттың көлемін кеңейту;
- оқу материалы бойынша ақпаратты таратудың жылдамдығы;
- оқушылардың қабылдауын дамыту;
- жалпы білім беру бағдурламасын толық көлемде игеруге мүмкіндік жасау.
Сөйлеу тілі негізінде саңырауларды оқытудың коммуникативтік жүйесіХХ ғасырдың 50- ші жылдары отандық оқымысты сурдопедагог, профессор С.А.Зыкованың басшылығымен құрылған.
Қазақстан Республикасындағы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған алғашқы мектеп 1931 жылы Қазақ СССР Министрлігінің бұйрығымен Алматы қаласында ашылды. Есту қабілеті бұзылған балаларға білім беру ісі күрделі және қиын жолдарды басынан өткізді. Ал қазіргі кезде есту қабілеті бұзылған балаларға арнаулы білім беретін мектеп-интернаттардыңматериалдық базасы толықтырылған, жаңа заманға сай оқытудың құралдарымен, есту аппаратары және басқа да құралдармен қамтамасыз етілген. Арнаулы мектепте жүргізілетін тәрбие жұмыстары балалардың жеке ерекшеліктерін танып білуден басталады. Есту қабілеті бұзылған балалардың компенсаторлық мүмкіндіктеріне байланысты арнаулы мектептің педагогикалық ұжымы балалардың қоғамға деген қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. Сонымен қатар есту қабілеті бұзылған балаларды еңбекке тәрбиелеу, кәсіби еңбекке баулу жұмысы басты мақсат болып табылады.
Сөйлеу тілі негізінде саңырауларды оқытудың коммуникативтік жүйесінің негізгі қағидалары:
- қарым-қатынасқа түсудегі қажеттіліктің пайда болуы мен дамуы ұйымдасқан түрлі педагогикалық әрекет арқылы жүзеге асады;
- белсенді сөйлеу тілін қалыптастыруда дактиль тілінің тиімділігі жоғары, ауызша және жазбаша сөйлеуге үйретудің мүмкіндігі жоғары (алфавиттегі әрбір әріпке сәйкес саусақтардың қозғалысы, олардың жағдайлары беріледі).
Л.П.Носкованың зерттеулерінде тілге оқытудың арнайы құрылымдық-семантикалық қағидасы негізінде генетикалық тұрғыда саңырау баланың сөйлеу тіліндегі жетістіктер компенсация процесіне сәйкес қолданылады.
Әрекет қағидасы оқушылардың сөйлеу мен тілді игерудегі қажеттіліктерін орындаудағы заттық-практикалық әрекетінің орындалуына жағдай жасайды. Оқушылардың заттық-практикалық әрекеті сөйлеудің қарым-қатынас құралы, өз бетінше белсенді сөйлеуге үйрену, өзінің әрекетін жоспарлау деген негізгі түсініктердің қалыптасу базасына айналады.
Техниканың мүмкіндіктерін пайдаланудағы есту қабілетін протездеу саңыраулардың сөйлеуін, есту қалдығын дамытуда өзінің тиімділігін анық көрсетіп келеді.
Есту қабілетін ерте жастан бастап диагностикалау жұмыстарының негізі Т.А. Власова , Е.П. Кузьмичева Э.И. Леонгард, Ф.Ф. Рау, А.Д.Салахова, Н.Д. Шматко, Т.В. Пелымская және т.б. зерттеулеріне сүйене отырып, Батыс Европа елдерінде 1950-ші жылдардың аяғынан бастап саңырау балаларға ерте педагогикалық көмек көрсету, саңыраулықты ерте диагностикалау жүйесі, яғни ерте жастағы балалардың есту қабілетін протездеу жұмыстары қолға алына бастады. Осы ретте Хорватияда сурдотехниканың жетістіктеріне сүйене отырып құрылған оқытудың педагогикалық жүйесі, яғни саңыраулардың есту қабілетін және сөйлеу тілін дамытуға арналған оқытудың верботональдық жүйесі құрылды.
ІІ түрдегі коррекциялық білім беру кеш саңыраулыққа ұшыраған нашар еститін балаларға арналған білім беру жүйесін жүзеге асырады. ІІ түрдегі оқушылардың жалпы білімді игерудегі цензалы деңгейі мемлекеттік жалпы білім беру стандартының нормативтік талаптарын орындайды. Нашар еститін оқушылар мен кеш саңыраулыққа ұшыраған балаларды оқытуды саралау жұмысы екі бөлімнен тұрады.
1-ші бөлім - жеңіл түрдегі тіл кемшілігі анықталған, есту қабілеті нашар балалар. Сыныптағы оқушылардың толымы 10 оқушыны құрайды.
2-ші бөлім - күрделі тіл кемшілігі анықталған, есту қабілеті нашар балалар. Сыныптағы оқушылардың толымы 8 оқушыны құрайды.
Білім беру процесі жалпы білім беру бағдарламасына сәйкес үш деңгейде бастауыш білім, орта (толық) білім, жалпы білім ұйымдастырылады. 1-2 бөлімдердің сыныбына 7 жастан бастап қабылданады, 2-ші бөлім дайындық сыныбынан басталуы мүмкін. Білім беру барысындағы педагогикалық процесс коррекциялық-дамыта оқыту принципіне сәйкес мазмұнды және әдістемелік бағыттардан тұрады.
Есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы білім беру мазмұнындағы өзіндік ерекшеліктері тұлғаның ортаға бейімделуін, шығармашылық әрекетін, эмоциялық-ерік сферасын дамытуға бағытталған. Мұндай жағдайлар саңырауларға полисенсорлық негізде арнайы сабақтар жүргізу арқылы ұйымдастырылады:
- ерін қимылынан оқу дағдысын қалыптастыру;
- сөйлеу техникасын игерту (сөйлеу кезіндегі қимылдық база);
- есту қалдығын қолдану және дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет