Тақырып: Философия, оның пәні және функциялары. «Философия» пәнінің негізгі бөлімдері


Тақырып: Философиядағы құндылықтар мәселесі



бет30/31
Дата26.01.2022
өлшемі144,83 Kb.
#129844
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Та ырып Философия, оны п ні ж не функциялары. «Философия» п ні

Тақырып: Философиядағы құндылықтар мәселесі


Аксиология(грекше ахіа-құндылық және logos - ілім,сөз) – құндылық табиғатын философиялық тұрғыдан зерттеу. Аксиология философияда Х1Хғ. аяғы-ХХғ. басында философияның жалпы «құндылық проблемасына» қатысты кейбір күрделі мәселелерін шешуге тырысқан әрекет ретінде дүниеге келді. Құндылық проблемасы, барлық нәрсенің жаппай шешімінін сипатына ие болады және ерекше, ғылыми зерттеуден тыс,дүниеге көзқарастын өзіндік тәсілі деп есептеледі. Аксиология үш түрдің құндылық теориялары болып саналады. Объективті-идеалистік теориялар (неокантшылдық, гуссерль феноменологиясының өкілдері М.Шелер мен Н.Гартман, неотомизм, интуитивизм) құндылықты кеңістік пен уақыттан тыс тұрғын одүниелік нәрсе ретінде түсіндіреді. Субъективті-иделистік теориялардыңлогикалық позитивизмнің, эмотивизмнің, этикадағы лингвистикалық талдаудың, аффективтік – ерік теорияларын жақтаушылары У.Эрбаннын, Д.Проллдың, К.Люистің және т.б. құндылық жақтастары құндылықты тек адамның немесе жалпы табюиғат заңдарының табиғи қажеттерінің көрінісі ретінде қарастырады. Құндылықтың натуралистік теориясын (Мүдде теориясы,эволюциялық этика,космостық телеология этикасы) адамның табиғи қажеттерінің немесе жалпы табиғат заңдарының көрінісі ретінде түсіндіреді. Ғылыми түсіндірүде құндылық проблемасы универсализмнен арылған. Бүл проблеманың астарында ғылыми жолымен шешілетін алуан түрлі философиялық мәселелер жатыр.Аксиологиялық аспект – құндылықтар табиғатын зерттеу – сонымен тек салыстырмалы дербес сипатқа ғана ие болып отыр. Әлемді рухани-практикалық игеру процесі барысында адам болмысты өз құндылықтары арқылы қарастырады. Адамның әлемге қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзге адамдарды, қоршаған дүниедегі заттарды, құбылыстарды, процестерді қайырымдылық, әділеттіліксұлулық, пайдалылық және т.б.тұрғысынан бағалап, құндылықтар арқылы қарастыруымен сипатталады. Құндылықтық қатынас әрқашан да субъектінің бойында белгілі бір эмоциаларды – қуану, сүйсіну, таңдану, табыну сияқты сезімдерді тұғызады. Олардың ішіндегі ең жоғарғысы – қасиеттерге табыну.Адамға қасиеттер, мейлі ол діни немесе діни емес зайырлық қасиеттер болсын, қажет. Бұл мәселе, әсіресе, қоғамның адамгершілік тұғырлары мен мәдени дәстурлерінің құнсыздануы мен құлдырау кезінде өзектілігін байқатады. Құндылықтар – қасиеттер. Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді. Оларға деген табынушылық катынас бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы ,мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет- ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Қасиеттер адам бойына моральдік жауапкершіліктер жүктейді, сезімін айқындай түседі. Құндылықтық эмоцияның ең жоғарғы формасы – «жамандықтан» тазаруды білдіретін катарсисболып табылады. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу. Ол тек теория жағынан алғанда ғана қиын. Біз ізгілік пен зұлымдықты ешқайсысына анықтама бермей-ақ ажырата аламыз. Тіпті барлығы зұлым болғанда да зұлымдықтың аты зұлымдық, ешкім қайырымды болмаса да қайырмдылықтың аты қайырымдылық. Тек қайырымдылық пен адамға қызмет ететін нәрсе ғана нағыз құндылық болып табылады. Құндылықтар өмір сүріп қана қоймайды, соны мен қатар бір бірімен салыстырыла отырып, өзіндік құндылықтық қатарды, құндылықтық сатына құрайды. Әдебиеттерде құндылықтар жіктелуі әдетте былайша беріледі: витальді(өмір, денсаулық, игілік, экология және т.б.); әлеуметтік (әлеуметтік статус, әлеуметтік жағдай,байлық, отбасы,тәуелсіздік және т.б.); діни(Құдай, сенім, ғұрып, шіркеу және т.б.); моральдік(қайырымдылық, достық, сүйспеншілік, парыз, адалдық, әділеттілік және т.б.); эстетикалық(сұлулық, идеал, үйлесімділік және т.б.); саяси (заңдылық, мемлекеттілік, Ата заң, азаматтық, бостандықтар мен құқықтар және т.б.). Осылайша құндылықтар жалпы динамика мен сипатталатын мәдени реттеушіліктің қозғалмалы саласын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет