Тақырып: Философия, оның пәні және функциялары. «Философия» пәнінің негізгі бөлімдері


Тақырып: Философиядағы таным мәселесі



бет26/31
Дата26.01.2022
өлшемі144,83 Kb.
#129844
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Та ырып Философия, оны п ні ж не функциялары. «Философия» п ні
Д ріс Ойлау м дениетіні алыптасуы ойлауды философиялы т рі , 782cf7a434bf915abf79e4508bfe6537b64d59de

Тақырып: Философиядағы таным мәселесі.


Дүниені танып-білудің мәні. Ақыл-парасат, сана-сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үніледі, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым-қатынасын белгілейді. Осы негізде өзі белсенді іс-әрекетке араласады, мүдделерін, сұранымдарын қанағаттандырады. Танымның субьектісідеп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, кең мағынада алғанда, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады. Сондай-ақ, субьект өз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным обьектісі ретінде қарай алады. Табиғатты, қоғамдық қатынастарды таным обьектісі ретінде қарастыру қажет. Олар субьектінің өндірістік, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы таным обьектісінеайналады. Адамдардың осындай заттық-материалдық, нысаналы өзгертушілік қызметін практикадеп атайды. Яғни, практика дегеніміз адамдардың табиғатты және қоғамдық құбылыстарды нысаналы түрде өзгертуге бағытталған қоғамдық және материалдық қызметі. Түйсік негізгі екі топқа: 1)сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейтін түйсіктерге (көру, есту, дәм, тері арқылы сезу түйсіктеріне); 2)дене мүшелері қозғалысын және ішкі мүшелердің жайын бейнелейтін түйсіктерге (тепе-теңдік, бұлшық ет, организм арқылы түйсіну) бөлінеді. Қабылдау дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы матералдық заттың тұтас бейнесі. Елестету де қабылдаулар сияқты нақты, көрнекті бейнелер. Бірақ олардың қабылдаулардан үш түрлі айырмашылығы бар. Елес қазіргі сәтте заттардың тікелей әсері тимей тұрған кезде санада қайтадан туатын бейнелер болғандықтан, қабылдауға қарағанда неғұрлым бұлдырлау келеді де, тиянақсыз болады. Ойлау - адам миының ең жоғары қызметі, сыртқы дүние заттарын, олардың маңызды жақтарын, байланыстары мен қатынастарын аралық, дерексіз және жалпылама түрде бейнелейтін қызмет. Ұғымдегеніміз логикалық ойлаудың аса маңызды элементі. Бүкіл ойлау процесі ұғымдар туғызу, оларды жүйеге келтіру және пайдалану жолымен қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет