Тақырыпты қорғау үшін сұрақтар
Келесі қышқылдардың қышқылдық қасиеттері солдан оңға және жоғарыдан төмен кемитіні белгілі:
Бұны қалай түсіндіруге болады?
Неліктен оксоқышқылдардың басым көпшілігі тұрақсыз заттар, ал олардың тұздары әлдеқайда тұрақты?
Химиялық зауытқа кальций карбонаты, натрий хлориді және су келіп түседі, ал зауыт хлорлы әк, хлор және натрий гидроксидін шығарады. Зауыт цехтарында қандай химиялық реакциялар жүргізіледі?
Хлорлы әк алу үшін 100 кг сөндірілген әк даярланған. Теория жүзінде оны хлорлы әкке айналдыру үшін хлордың қандай көлемі (қ.ж) қажет және хлорлы әктің қандай массасы алынады?
Хлорлау қышқыл – күшті тотықтырғыш. Стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалдары мәндері негізінде оның Cl– -иондарына, Cl2, HClO және ClO2 тотықсыздану мүмкіндігін анықтаңдар. Оның ең мүмкін болатын магниймен және күкіртпен реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.
Өнеркәсіпте калий хлоратын алудың әкті әдісі қолданылады, оның сызбасын былай жазуға болады:
CaCO3 → CaO → Ca(OH)2 → Ca(ClO3)2 → KClO3
Әрбір саты үшін реакция теңдеуін жазыңдар, олардың өту жағдайларын көрсетіңдер.
59 г бертолет тұзына концентрленген тұз қышқылының артығымен әсер еткенде сары-жасыл түсті газ бөлінген. Бұл қандай газ және қалыпты жағдайларға келтіргеннен кейін оның көлемі неменеге тең?
Калий және натрий хлораттары қатты заттармен балқытқанда тотықтырғыштар ретінде қолданылады, мысалы:
KClO3+Cr2O3+KOH KCl + K2CrO4 + H2O
Тапсырма: а) балқытқандағы KClO3-тің жоғары тотықтырғыш белсенділігін түсіндіріңдер; б) стехиометриялық коэффициенттерді анықтаңдар; в)1 кг Cr2O3-ті тотықтыруға қажетті KClO3пен KOH массаларын есептеңдер; д) бұл реакцияда калийхлоратыннатрийхлоратының NaClO қандай массасымен алмастыруға болады?
9. Калий хлораты қатысуымен қышқылдатылған ерітіндідегі реакциялардың теңдеулерін жазыңдар:
1) KClO3 + HCl = 2) KClO3 + KI + H2SO4 =
3) KClO3 + NaNO2 + H2SO4 = 4) KClO3 + FeSO4 + H2SO4=
10. Калий иодиді ерітіндісі арқылы хлор өткізгенде, ерітінді алдымен сарғаяды, кейін түссізденеді. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |