ЖҰмысты орындау тәртібі
Жұмыстың мақсаты: Галогендердің оттекті қосылыстарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысу. Галогендердің оттекті қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттерін тәжірбие жүзінде зерттеу.
Жұмысқа тапсырма: Зертханалық жұмыстың орындалу барысын талдау; бақылау сұрақтары бойынша сұрау, қауіпсіздік техникасы бойынша сұрақтарға жауап беру; жұмысты орындауға рұқсат алу; практикумда ұсынылған зертханалық жұмысты орындау; практикумдағы әдістемелік нұсқаулар талаптарына сәйкес есепті рәсімдеу.
7. ИОДТЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
тәжірибелерді тартпа шкафта өткізіңдер)
а) Құрғақ сынауыққа йодтың кристалын салыңдар. Сынауықтың түбін жанарғы жалынында аздап қыздырыңдар. Кейін ауада суытыңдар. Суытқанда айдалатын йодтың түсі мен агрегаттық күйінің өзгерісін бақылаңдар.
б) Сынауыққа йодтың бірнеше кристалын салып, оған 5—10 мл су құйып, қатты араластырыңдар. Сұйықтықтың түсін белгілеңдер. Йод суда жақсы ери ме? Ерімеген йод кристалдары бар сулы ерітіндіге бірнеше тамшы KI қосыңдар. Бақылағандарыңды жазыңдар.
в) йодтың этил спиртінде ерігіштігін тексеріңдер, ол үшін йодтың 1 кристалын 1—2 мл спирт құйылған сынауыққа түсіріңдер. Ерітіндінің түсін белгілеңдер.
г) 2—3 мл күкіртсутек суына шайқап араластыра отыра, йодтың сулы ерітіндісінің бірдей көлемін қосыңдар. Йод пен күкіртсутек суы арасындағы әрекеттесудің химиялық реакциясы белгілерін белгілеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |