Тақырып. Халықтың денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар



Дата14.04.2020
өлшемі37,57 Kb.
#62457
Байланысты:
9. Халықтың денсаулығына және имандылыққа қарсы ққб

Тақырып. Халықтың денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

1. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде халықтың денсаулығына және имандылыққа қарсы кылмыстык құкық бұзушылықтар жеке тарау болып бірге беріліп отыр. Өйткені қогамның дұрыс дамуы, оның мүшелерінің бірқалыпты кызмет атқаруы үшін халықтың денсаулыгының, имандылық қасиеттерінің құқықтык нормалар (оның ішінде қылмыстық кұқық) црқылы корғалуы аса қажет. Осыған орай Қазакстан Республикасы Конституциясында азаматтардың өмірін, дснсаулығын, оларды қоршаган ортаны, тарихи және мәдени мұраларды, имандылық нормаларын қорғау принциптеріне ерекше мэн берілген. Осы керсетілген принциптерді қатаң сактау - эркімнің касиетті борышы. Кейбір жағдайларда осы принңиптер бұзылып, қылмыстық заң қорғайтын коғамдык катынастарга белгілі бір зиян келтіріледі. Есірткі заттарды, психотроптык заттарды заңсыз айналымға айналдыру, имандылыкка жат іс-әрекеттермен шугылдану сиякты кылмыстык кұкық бұзушылықтардың етек алуы алаңдатушылык туғызады. Осыған орай халықтың денсаулығына жэне имандылығына карсы кылмыстык кұкык бұзушылыктармен күрес жүргізу үшін Қылмыстык кодекстің 10-тарауында осы тұрғыдағы қоғамга қауіпті іс-әрекеттер үшін арнайы жауаптылық белгіленген.

Тікелей объектісіне байланысты бұл тарауда көрсетілген кылмыстык кұкык бұзушылықтар негізінен екі түрлі топка: 1) халыктың денсаулығына және 2) адамгер- шілікке қарсы кылмыстык кұқык бұзушылыктар болып бөлінеді.

Халықтың денсаулығына қарсы кылмыстарға: есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу (296-бап), есірт- кі заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымал- дау, жонелту немесе сату (297-бап). Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды жымкыру не коркытып алу (298-бап). Есірткі заттарды немесе психотроптык заттарды тұтынуға көндіру (299- бап). Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (300-бап). Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды дайындау үшін пайдаланылатын шикізаттың, аспаптардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (301-бап). Есірткі заттарды немесе психотроптык заттарды тұтыну үшін при- тондар ұйымдастыру немесе ұстау (302-бап). Есірткі заттарды, психотроптық эсер ететін немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу (303-баи). Санитарлык-эпидемиологиялык ережелерді бұзу (304-бап). Адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мэн-жайлар туралы ақпаратты жасыру (305-бап). Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шыгару немесе сату, жұмыс орындау не кызмет көрсету (306- бап) жатады.

Имандылыққа карсы қылмыстар: заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру (307-бап). Жезөкшелікпен айналысуға тарту (308-бап). Жезөкшелікпен айналысуға арналған при- тондар ұйымдастыру немесе ұстау жэне жеңгетайлық (309-бап). Дэрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (310-бап). Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату (311-бап). Кэмелетке толмағандардың порнографиялар бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымга шығару не оларды порнографиялык сипаттағы ойын-сауық іс-шарала- рына қатысу үшін тарту (312-бап). Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату (313-бап). Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау (314-бап). Адам мэйітінің органдары мен тінін заңсыз алу (315-бап). Жануарларға қатыгездік жасау (316-бап) жатады.

Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Халықтың денсаулығы дегеніміз — қоғамның әрбір мүшесінің қауіпсіз өмір сүруі мен оның қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Қоғамдық адамгершілік дегеніміз — қоғамдағы адамдың өмір сүруіне қажетті рухани және адамгершілік қасиеттерінің жиынтығы және аталған мінез-құлық ережелерінің орындалуы.



Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не сату

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жүйкеге әсер ететін есірткі заттарды заңсыз тасымалдағаны немесе сақтағаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Аталған қылмыстың тікелей объектісі — халықтың денсаулығы. Есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттар қылмыс құралы болып табылады.

Психикаға есер ету арқылы ықпал ететін, одан әрі адам ағзасын құртып жіберуге әкелетін синтетикалық заттарды немесе табиғи текті заттарды есірткі заттарға жатқызамыз. Дәрігерлік мақсаттарға пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылы 9 наурыздағы №186 қаулысында Бақылауға алынатын есірткі заттар, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлар туралы көрсетілген. Ол 72 аталымды біріктіреді. Атап айтсак, аллипродин, гашиш, анаша, героин, кокаин, пепап, т.б. Жүйкеге әсер ететін заттарға жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының 1998 жылы 9 наурыздағы №186 қаулысына сәйкес адамның орталық нерв жүйесінің дағдарысына әкеліп соқтыратын табиғи және синтетикалық заттар жатады.

Жүйкеге әсер ететін заттарға: катинон, меклоквалон, парагексил, этриптамин және т.б. Барлығы 38 түрлі аталым. Есірткі заттарды және жүйкеге әсер ететін заттарды пайдалану үшін сатып алу, басқа тауарға немесе затқа айырбастау, борышын өтеу мақсатында алу, сыйға алу, табылған затты иелену арқылы құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді жинап алуды таниды. Есірткі заттары немесе жүйкеге әсер ететін заттарды рұқсатсыз көлік құралдарын пайдалана отырып, қасақана іс-әрекет арқылы бір орыннан екінші орынға тасымалдау заңнамаға қайшы болып табылады.

Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды сақтау кінәлінің иелігінде осы заттардың ұзақтығына қарамастан (денесінде, тұрғын-жайда және т.с.с) болуына байланысты кез келген заңсыз әрекеттер жасауды білдіреді. Кінәліден аса ірі мөлшерде есірткі заттары мен жүйкеге әсер ететін заттардың табылуы қылмыстық жауапкершіліктің басталуына әкеліп соқтырады. Мөлшердің көптігі сараптаманың қорытындысына сәйкес тағайындалады. 259-баптың 2-тармағында есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды сату мақсатында заңсыз сатып алу немесе сақтау, дайындау, ұқсату, тасымалдау және сатуға, сонымен қатар аталған баптың 1-тармағына сәйкес есірткі заттарды және жүйкеге әсер ететін заттарды сату мақсатында көп мөлшерде сатып алу мен сақтауға қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Дайындау — бұл нәтижесінде пайдалануға ыңғайлы есірткі немесе жүйкеге әсер ететін басқа да заттардан алынатын кез келген іс-әрекет. Есірткі заттарының немесе жүйкеге әсер ететін заттардың сыртқы пішінін бір түрден екінші түрге өзгерту (ұсақтау, таблеткалар жасау) дайындау ретінде танылмайды.

Есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды оның құрамын арттыру мақсатында қайта дайындау немесе рафинаттау (артық қосылыстардан тазарту) — қайта өңдеу болып танылады.



Жөнелту — есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды пошта, жүк арқылы жәнелту және т.б. тәсілдер заңсыз жіберу болып есептеледі. Мұнда аталған заттардың тасымалдау жіберушінің қатысуынсыз жүзеге асады.

Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өз еркімен тасыған, медициналық көмек көрсетілуі үшін медициналық мекемеге өз еркімен барған, сондай-ақ есірткі заттардың немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға белсенді көмек көрсеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.



Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру

Бұл қылмыстың объектісі — халықтың денсаулығы, Қылмыс құралы — есірткі заттар немесе жүйкеге әсер ететін заттар. Қылмыс кінәлінің есірткі заттары мен жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру арқылы көрінетін белсенді әрекетінен тұрады. Басқа бір тұлғаны қызықтыру арқылы есірткі заттарды пайдалануға итермелеуге бағытталған әр түрлі (азғыру, алдау, көндіру, т.б.) іс-әрекеттер көндіру болып табылады.

Аталған заттарды таблеткалар ішу, шегу немесе үнтақ иіскеу жолымен адам ағзасының ішіне енуі қабылдау деп лталады. Басқа тұлғаның есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды пайдалануға, қоздыруға бағытталған іс-әрекеттің жасалуы қылмыстың аяқталғандығын білдіреді. Бұл ретте кінәлінің аталған заттарды пайдалануға бағытталған әрекеті қызығушылық тудырғандығы немесе оны аталған тұлға пайдаланғандығы маңызды болып табылмайды.

Қайтыс болгандардың мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау

Қарастырылып отырған кылмыстың негізгі объектісі — Қоғамдық құндылық. Діни, нәсілдік, ұлттық, теңдік, азаматтардың денсаулығы, меншік құқығы көп жағдайда аталған қылмыстың факультативті объектісі ретінде танылуы мүмкін. Қайтыс болғандардың мәйіттері, жерлеу орындары, құлпытас құрылыстары, зираттар немесе оларды жерлеуге, еске алуға байланысты рәсімдер өткізуге арналған зират үйлері аталған қылмыстың пәні болып есептеледі. Жеке жене бауырластық зираттар (топырағы жабылатын жерлеу орындары) жерлеу орындары деп аталады. Ескерткіштер, қоршаулар, гүл қойылатын орындар, мүсіндер, сәулет құрылыстары құлпытас құрылыстары деп аталады және олар жерлеу орнының үстіне орнатылуы мүмкін. Зират үйлері қайтыс болғандарды жерлеуге немесе еске алуға және осыған байланысты рәсімдерді өткізуге арналады, бұл — шіркеу және басқа да діни орындары болуы мүмкін. Қайтыс болғандардың мәйіттерін қорлау, жою, оларды бүлдіру, олар жерленген жерлерді қорлау аталған қылмыстың объективтік жағын құрайды. Қорлау — қайтыс болғандардың мәйітіне немесе уақытша жерленбеген адам тәніне қатысты кез келген заңсыз әрекетті білдіреді: зираттан қазып алу, олардың киімдерін шешу, органдары мен тіндерін алу, бөлшектеу, өлген адамның заттарын алу. Жою — жерлеу орындарын, моладағы құрылысты және бейіттерді оларды алғашқы қалпына келтіруге жатпайтындай толықтай жарамсыз ету. Бұзу — қалпына келтіруге келетін ішінара бүлдіруді білдіреді. Қор қылу - бұл ар-намысқа тиетін жазулар жазу, бояу жағу, көпшілік алдында арсыз әрекеттер жасау.



Жануарларға қатігездікпен қарау

Қарастырылатын қылмыстың тікелей объектісі қоғамдық адамгершілік. Факультативті объект ретінде меншік болуы мүмкін. Қылмыс заты жануарлар болып табылады: жасушалық құрылымы және зат алмасуы бар тірі организмдер. Өсімдіктермен бірге олар органикалық әлемді құрайды.

Жануарлар - ауыл шаруашылығы және өзге үй жануарларына, сондай-ақ қамауда (хайуанаттар паркінде, цирктерде, питомниктерде) ұсталатын жабайы жануарларға және табиғи өмір сүру ортасындағы жабайы жануарларға бөлінеді.

Қатыгездікпен қарау әрекеттен де, әрекетсіздіктен де көрінуі мүмкін. Әрекет — бұл жануарларды ұру, қорлау, оларды жансыздандырудың азаптау тәсілі, тәжірибе үшін пайдалану, жануарларды олар өлетін немесе мертігетін сайыстар үшін пайдалану. Әрекетсіздік — жануарға қатыгездікпен қарау, жануарға жем-шөп, азық, су бермеуден, камқорлық жасамаудан байқалады. Әрекетсіздік үшін жауапкершілік, егер адам жануарды күтуге міндетті болған жағдайда ғана туындайды.

Қылмыстың нәтижесі — жануардың өлімі мен оны мертіктіру. Мертігу деп жануардың анатомиялық тұтастығын бұзуға байланысты адамның материалдық пайда алуына немесе материалдық шығыннан құтылуға ұмтылуынан көрінетін бұзақылық, арам ниеі не садистік әдістер қолдану арқылы жасалған әрекетті айтамыз.

Садизм — бұл қатігездікке патологиялық ұмтылу, азаптануынан рақат алу. Садистік әдістер жануарды ерекше азаптап, ұзақ ауыртуды көздейді. Бұл тірі жануардың тереісің сыпыру, оны тірідей өртеу, қол-аяғын немесе денесінің басқа бөліктерін кесу болуы мүмкін.

Жас баланың осыған жай қатысуын ғана емес, сонымен бірге, бақылағанын, сондай-ақ жануарға қатігездікпен карауды сезінгенін анықтау қажет. Сонымен, халықтың денсаулығы мен қоғамдық адамгершілікке қарсы қылмыстарға: заттарды немесе жүйкеге есер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жәнелтеу не сату, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу, есірткі заттарды немесе жүйкеге есер ететін заттарды түтынуға көндіру, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды түтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе үстау, жезөкшелікпен айналысуға тарту, қайтыс болғандардың мейіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау, жануарларға қатыгездік көрсету және т.б. сияқты қоғамға қауіпті әрекеттер жатады.

Халықтың денсаулығы мен имандылығына қарсы ҚҚБ-тар

объектісі

объективтік жағы

субъектісі

субъективтік жағы

Топтық объектісі – халық денсаулығы мен қоғамдық имандылық. Қосымша – адам өмірі мен денсаулығы, жеке бас бостандығы.

Көбіне әрекетпен жасалады: заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау; ақпаратты жасыруы немесе бұрмалауы; жезөкшелікпен айналысуға тарту. Әрекетсіздік – тиісті жұқпалы ауруларды анықтамау, білуі тиіс ақпаратты айтпау т.б.

14 жас (298 б., 314 б.2-т) 16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға

Кей жағдайда арнайы субьект: ата-ана, педагог, тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген адам



Кінәнәі қасақана және абайсызда нысанына жасалады

Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу (296-бап)

Объектісі

Оъективтік жағы

Субъектісі

Суъбективтік жағы

Халық денсаулығы

Әрекет:

1)тұтыну;

2)дайындау;

3)қайта өңдеу;

4)иемдену;

5)сақтау;

6)тасымалдау.

себептік байланыс:

тұтыну үшін.

Құрамы:


формальды

Қосымша белгісі:

орны;


16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға

Тікелей қасақаналық.

Мақсаты:


өткізу мақсатынсыз тұтыну.

Есірткі, психотрпоптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатымен заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу (297-бап)

Объектісі

Объективтік жағы

Субъектісі

Субъективтік жағы

Халық денсаулығы

Әрекет:

1)дайындау;

2)қайта өңдеу;

3)иемдену;

4)сақтау;

5)тасымалдау;

6)жөнелту;

7)өткізу

Құрамы:

формальды




16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға

тікелей қасақаналық Мақсаты:

өткізу мақсатында



Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қарқытып алу (298-бап)

Объектісі

Объективтік жағы

Субъетісі

Субъективтік жағы

Халық денсаулығы

Әрекет:

1)жымқыру

2)қорқытып алу

Құрамы:


формальды


14 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға

Тікелей қасақаналық

Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндіру (299-бап)

Объектісі

Объект жағы

Субъект

Субъект жағы

Халық денсаулығы

Әрекет-көндіру

тәсілдері:

ұсыну ;

азғыру;


кеңес беру;

алдау;


жаңылыстыру т.б

Құрамы:


формальды

16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға

Тікелей қасақаналық.

Абайсызда – 3 бөлік




Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп өсіру (300-бап)

Объект

Объект жағы

Субъект

Субъект жағы

Халық денсаулығы

әрекет – егіп- өсіру

құрамы:


формальды

16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға

тікелей қасақаналық

Улы заттардың, сондай-ақ есірткі, психотрптық немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланатын заттардың, құрал –саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналамы (301-бап)

Объект

Объект жағы

Субъект

Субъект жағы

Халық денсаулығы

Қосымша белгісі-заты, құралы:

Колба, ыдыстар шланг, трубка, горелка, ацетон, серная кислота т.б


әрекет-заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, заңсыз өткізу

құрамы:


формальды

16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға

тікелей қасақана

мақсат:


өткізу

Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшін үй –жайлар беру (302-бап)

Объект

объект жағы

субъект

субъект жағы

халық денсаулығы

әрекет – притон ұйымдастыру (іздестіру,құру,жалға алу, жабдықтау т.б)

құрамы:


формальды

16 жасқа толған жеке тұлға

тікелей қасақана мақсаты:

тұтыну


Есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу (303-бап)

Объект

объект жағы

субъект

субъект жағы

халық денсаулығы

әрекет – есірткі, т.б заттарын өндіру , дайындау т.б жұмыс істеу қағидаларын бұзу

құрамы :


формальды

арнайы субъект –аталған қағидаларды сақтауға міндетті 16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға.

Химия, формацевтика

өндірісінің жұмыскерлері, мед.қызметкер


қасақана немесе абайсызда

Санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу (304-бап)

Объект

объект жағы

субъект

субъект жағы

халық денсаулығы

әрекет-сақталуы тиіс қағидаларамен нормативерді бұзу

әрекетсіздік-тиісті жұқпалы ауруларды анықтамау

құрамы:

материалды



зардап:

адамдардың жалпылама не улануы



16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға

санитарлық – эпид-қ қызмет мамандары, емдеу мекемелерінің мед.қызметкері , қоғамдық кәсіп орын жұмыскері т.б



қасақана немесе абайсызда

Адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру (305-бап)

Объект

объект жағы

субъект

субъект жағы

халық денсаулығы

әрекет- ақпаратты жарияламау, жасыру, бұрмалау.

құрамы:


формальды

16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға

төтенше жағдай мекемесінің басшысы




қасақана

Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету (306-бап)

Объект

объект жағы

субъект

субъект жағы

Халық денсаулығы

Қылмыстың заты: қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауар

Қосымша объектісі: адам денсаулығы мен өмірі


Әрекет – тауарларды шығару, сату, жұмыстарды орындау;

Құрамы: материалды

Зардабы: денсаулыққа орта және ауыр зяин келтіру


Арнайы субъект – ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті 16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға: төтенше жағдай мекемесінің басшысы т.б.


Қасақана және абайсызда


Дәрiлiк немесе басқа да құралдарды пайдаланып есеңгiрету үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау (310-бап)

Объект

объект жағы

субъект

субъект жағы

Халық денсаулығы


Әрекет – притон ұйымдастыру; оны ұстау; орын беру;

Құрамы: формалды




16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға


Қасақана

Мақсаты: есеңгірету




Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру (307-бап)

Объект

объект жағы

субъект

субъект жағы

Қоғам имандылығы


Әрекет – ойын бизнесін заңсыз ашу; ұйымдастыру; ұстау; ғимарат ұсыну;

Құрамы: формалды




16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға


Қасақана


Жезөкшелікпен айналысуға тарту (308-бап)

Объектісі

Объективтік жағы

Субъектісі

Субъективтік жағы

Қоғам имандылығы



Әрекет – жезөкшелікпен айналысуға тарту;

тәсілдері: күш қолдану, алдау бопсалау т.б.

Құрамы: формалды


16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға

Қасақана

Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық (309-бап)

Объектісі

Объективтік жағы

Субъектісі

Субъективтік жағы

Қоғам имандылығы



Әрекет – притон ұйымдастыру; жеңгетайлық қызмет көрсету; притон ұстау;

Құрамы: формалды



16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға

Қасақана

Мақсаты: мүліктік пайда табу



Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату (311-бап)

Объектісі

Объективтік жағы

Субъектісі

Субъективтік жағы

Қоғам имандылығы



Әрекет – заңсыз дайындау; тарату, жарнамалау, алып өту, сауда жасау;

Құрамы: формалды



16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға

Қасақана

Мақсаты: жарнамалау не тарату



Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына қатысу үшiн тарту (312-бап)

Объектісі

Объективтік жағы

Субъектісі

Субъективтік жағы

Қоғам имандылығы



Әрекет – дайындау; сақтау; мемлекеттік шекарасы арқылы алып өту; жария көрсету; жарнамалау; орындаушы ретінде тарту;

Құрамы: формалды



16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға

Қасақана

Мақсаты: жарнамалау не тарату, көрсету



Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату

(313-бап)

Объектісі

Объективтік жағы

Субъектісі

Субъективтік жағы

Қоғам имандылығы

Қылмыстың заты: видео-аудио,





Әрекет – заңсыз дайындау; тарату, жарнамалау, көрсету, сауда жасау;

Құрамы: формалды



16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға

Қасақана

Мақсаты: жарнамалау не тарату



Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау

(314-бап)

Объектісі

Объективтік жағы

Субъектісі

Субъективтік жағы

Қоғам имандылығы

Қылмыстың заты: зират, зират үйлері





Әрекет – мәйіттерді қорлау; зират үйлерін жою, қирату, аяққа басу;

Құрамы: материалды



16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға

2-бөлігі бойынша 14 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға



Қасақана

Адам мәйітінің ағзалары мен тіндерін заңсыз алып қою

(315-бап)

Объектісі

Объективтік жағы

Субъектісі

Субъективтік жағы

Қоғам имандылығы



Әрекет – адам мәйітінің ағзалары мен тіндерін заңсыз алу; осыған қатысты мәмілелер жасау;

Құрамы: материалды



16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға

Қасақана

Жануарларға қатыгездік жасау

(316-бап)

Объектісі

Объективтік жағы

Субъектісі

Субъективтік жағы

Қоғам имандылығы

Қылмыстың заты: жануарлар: сүтқоректілер, құстар, бауырымен жоғалаушылар, қосмекенділер, балықтар





Іс-әрекет – жануарларға қатыгездікпен қарау;

Әрекет – жануарларды ұру; азапты жансыздандыру; тәжірибе жасау; сайысқа қатыстыру;

Әрекетсіздік – су, тамақ, көмек бермеу

Құрамы: материалды



16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға

Қасақана


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет