Тақырып: Инклюзивтік білім беру жағдайында дефектологтің рефлексиялық іс-әрекеті Мақсат



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі32,67 Kb.
#93110
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5.1. Дәріс

Негізгі ұғымдар: дефектолог, рефлексиялық іс-әрекет, инклюзивтік білім.


Білім беру жүйесін дамытудің қазіргі кезеңінің басты міндеті білім беру ұйымының әрбір тәрбиеленушісіне оңтайлы педагогикалық жағдай жасау болып табылады. Даму мүмкіндігі шектеулі (бұдан әрі – ДМШ) оқушылар – бұл баланың толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік бермейтін жалпы дамуындағы бұзылымдарды негіздейті психикалық немесе физикалық тұрғыда әртүрлі ауытқушылықтары бар балалар.
Оқытушылар ДМШ балаларға әлемді тануға, шығармашылық қуанышына бөленуге және өз күшіне деген сенімін оятуға көмектесуі тиіс. Мұндай педагогтердің бірі дефектолог мұғалім болып табылады. Бұл қарапайым материалды жеткізудің «өзіндік» барынша тиімді әдістерін меңгерген маман. Оның негізгі қызметі оқу білімдерін, машықтарын, дағдыларын меңгеруде қиналатын ДМШ балаларға бағытталған.
Жұмыс мазмұны балаға сабақ фломасында және даму барысын динамикалық қадағалау формасында, сонымен бірге ата-аналарға, мұғалімдерге, ұйым басшылығына ұсыныстар формасында көмек көрсетуге бағытталған шаралардың біртұтас жиынтығын білдіреді.
Дефектологтың кәсіби біліктілігіне кіреді

  • дамудың жағымсыз нұсқаларын айқындау және баланың оқудағы қиындықтарын анықтау;

  • дамудың жеке кешендік бағдарламаларын құрастыру;

  • балалардың ақыл-ой дамуы деңгейі мен түзету шараларының нәтижесін динамикалық зерттеу;

  • оқытудың таңдалған формаларының, әдістері мен тәсілдерінің баланың нақты жетістіктеріне сәйкесігін қадағалау;

  • педагогтер мен ата-аналарға ДМШ балаларды дамыту, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша, оқушының тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің оңтайлы формаларын таңдау бойынша кеңес беру;

  • аймақтық ПМПК, арнайы түзету ұйымдарымен, оңалту орталығымен, аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетімен және логопедтік пунктермен байланыс орнату;

  • оқу сабақтарындағы кемшіліктердің орнын толтыру бойынша арнайы (түзету) және қосымша сабақтар өткізу;

  • әлеуметтік педагог, арнайы психолог, логопед және ДМШ балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер жұмысын үйлестіру;

  • психологиялық-педагогикалық мониторингтің, жеке білім беру және түзету-дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылуын бақылау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет