Тақырып: Жарық күші туралы түсінік



бет2/4
Дата17.11.2023
өлшемі48,57 Kb.
#191839
1   2   3   4
Байланысты:
оптика бож
1-2-5-7 сын.ұмжлары, 1335469, Шерехан Асылайым Интервью диалог, астрофиз, электр тізб, 8 ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІНДЕГІ РЕЗОНАНС ҚҰБЫЛЫСЫ, stud.kz-88276, GCJTKQANHDWG11102023005253, HMBBOOMXIZNC14102023180724
Негізгі бөлім
1 Жарықтандырудың негізгі сипаттамалары
Екі жарық көзі – Күн және адамның қолымен жасалған жасанды жарық көздері бар. Қазіргі кезде қолданылатын жасанды жарық көздерінің негізгілері – электр көздері, ең алдымен қыздыру шамы және газ разрядты шамы. Жарық көзі электромагниттік толқын түрінде энергия шашады. Адам электромагниттік толқындарды жарық көзі ретінде 0,38 мкм-ден 0,76 мкм-ға дейінгі диапазон аралығында қабылдайды.
Өндірістік жарықтандыру сандық және сапалық көрсеткіштермен сипатталады.
Сандық көрсеткіштер негізгі жарық техникалық өлшемдермен сипатталады:

  1. жарық ағыны

  2. жарық күші

  3. жарықтылық

  4. шағылыстыру коэффициенті

    1. Сапалық көрсеткіштер көру жұмысындағы жағдайларды анықтайды:

  5. фон

  6. пульсация коэффициенті

  7. айқындылығы

Жарық ағыны (F) – жарық сезу бойынша бағаланатын, адам көзіне әсер ететін жарық энергиясының немесе көрінетін сәулеленудің қуаты. Жарық ағыны люменмен (лм) өлшенеді.
Жарық күші
Жарық күші — белгілі бір бағытта көрінетін сәуле көзінің жарқырауын сипаттайтын жарық шамаларының бірі. Ол — жарық көзінен элементар денелік бұрыштың ішімен тарайтын жарық ағынының сол денелік бұрышқа қатынасына тең. Егер аяққы мөлшері бар сфералық конус шектерінде жарық ағыны біркелкі бөлінсе, онда денелік бұрыш осі бағытындағы жарық күші анықталады:
I=F/ω ,
мұндағы F – жарық ағыны, лм;
ω – жарық ағыны бар денелік бұрыш.
Денелік бұрыш деп (кеңістік бұрыш) конустық бетпен шектелген кеңістік бөлігі аталады. Денелік бұрыштың шамасы денелік бұрыш тірелетін S учаскенің ауданының сфераның R радиусының квадратына қатысы ретінде анықталады.
ω=S/R^2
Денелік бұрыш бірлігі стерадиан (стер) болып табылады. 1 стер денелік бұрыш шамасы S сферасының бөлігі түрінде келеді, оның ауданы осы сфераның R радиусының квадратына тең:
ω=S/R^2 =R^2/R^2 =1 стер
Сәуле шашатын нүкте айналасындағы барлық кеңістікті қамтитын ең үлкен денелік бұрыш:
ω=(4πR^2)/R^2 =4π,
мұндағы 4πR2 – сфераның (шардың) толық беті.
Жарықтың орташа сфералық күші I ср жарық көзінен сәулеленетін жарық ағынының сфераның толық бұрышына өзара қатысы ретінде келеді:
I_ср=F/4π.
Бұл көз үшін жарықтың орташа сфералық күші барлық бағыттар бойынша біркелкі бөлінетін жарық ағынының орташа тығыздығы шартында өрнектеледі. Жарық күші шырақпен (шыр) өлшенеді.
Шырақ денелік бұрыш ішіндегі бір стерадиандағы бір люменге тең біркелкі жарық ағынын шығаратын жарықтың нүктелік көзі күші ретінде келеді:
1св=1лм/1стер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет