Денсаулыққа ауыр зиян – адамның денсаулығына, оның өміріне қауіпті зиян не денсаулыққа: көру, сөйлеу, есту қабілетінен немесе қандай да бір ағзадан айырылуға; ағзаның өз функцияларын жоғалтуына; бет-әлпетінің қалпына келмейтіндей бұзылуына; жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін айтарлықтай тұрақты түрде жоғалтумен ұласқан денсаулықтың бұзылуына; кәсіби еңбек қабілетін толық жоғалтуға; жүктілікті үзуге; психиканың бұзылуына; нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыруға әкеп соққан өзге де зиян (ҚР ҚК 3-баб. 11) тарм.).
Денсаулыққа ауырлығы орташа зиян – адамның денсаулығына, оның өміріне қауіпті емес, денсаулықтың ұзақ уақыт (жиырма бір күннен астам мерзімге) бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін (үштен бір бөлігінен кем) тұрақты түрде айтарлықтай жоғалтуға әкеп соққан зиян (ҚР ҚК 3-баб. 12) тарм.).
1) денсаулықтың ұзақ бұзылуы - 3 аптадан артық бұзылуы (21 күннен астам), денсаулыққа келтірілген зиянға тікелей байланысты аурулар немесе ұзақтығы үш аптадан артық (21 күннен астам) қандайда бір орган функциясының бұзылуы түріндегі салдар жатады;
2) жалпы еңбекке қабілеттілікті айтарлықтай тұрақты жоғалту (10-33%-ды қоса алғанда).
(Нұсқаулықтың 35) тарм.)
Денсаулыққа жеңіл зиян – денсаулықтың қысқа мерзімге (жиырма бір күннен аспайтын мерзімге) бұзылуына немесе жалпы еңбек қабiлетiн (оннан бiр бөлігiнен кем) тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан адамның денсаулығына келтірілген зиян (ҚР ҚК 3-баб. 13) тарм.).