Тақырып: «Жеткіншек жаста мазасызданудың нормада және ауытқуда көрініс беруі»


КІРІСПЕ Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет8/26
Дата19.01.2022
өлшемі2,93 Mb.
#129497
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
Соңғысы Абылай 07.05.2020
ИНТЕР2, 6 класс тжб сараптама[1]
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Біздің еліміздегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру мазмұнының қазіргі талаптарға сәйкес келмеуі, отбасының дағдарысы, оқушылардың оқыту сапасының төмендеуі және жеткіншектердің денсаулықтарының нашарлауы, табиғи өнімдермен тамақтанбаудың әсерінен жас ұрпақтың бойында мазасыздану факторлары көбейіп отырғандығы байқалады.

Мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға және оқушылардың оқыту сапасына қойылатын, үнемі өзгеріп отыратын талаптарға байланысты мектеп өз алдына жаңа және жарқын міндеттерді қойып, шешуге тиіс. Мектептің негізгі міндеті оқыту, еңбек және адамгершілік тәрбие сапасын үнемі арттыру болып табылады. Бұл міндеттер тек сабақтарда ғана емес, білімді меңгеру барысында жүзеге асырылады. Оқу жұмысы, тіпті оның түрлері, әдістері мен мазмұны көп болса да, оқушылардың үнемі дамып отыратын мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды.

Қазіргі таңдағы халық бастан кешіп отырған дағдарысты жеңудің ең маңызды шарттарының бірі ― біздің қоғамымыздың интеллектуалды ресурстарын белсендіру қажеттілігі болып отыр. Жекелеген жағдайда, ол адамның өзін-өзі және өзге адамдарды, қоршаған адамдармен қарым-қатынасын түсіне алу қабілеті, тұлғааралық қарым-қатынастарды болжай алу қабілеті ретінде қабылданатын қоғамдық интеллекттің даму мәселесін болжайды.

Заманауи ғылыми білім тұлғаның мазасыздану мәселесіне асқан қызығушылық танытуда. Бұл қызығушылық ғылыми зерттеулерде көрініс беруде, онда бұл мәселе психологиялық және өзге де көптеген аспектілерде талданып, негізгі мәселе болып отыр.

Жеке тұлғаның қалыптасуымен тығыз байланыста болатын жеке тұлғаның эмоционалды-еріктік аумағының қалыптасуы ― психикалық дамуды анықтайтын ұзақ және қиын үрдіс. Ол қоршаған адамдар, әсіресе бала тәрбиесімен айналысатын ересектер тарапынан болатын ықпалдың әсерімен жүзеге асады. Баланың эмоционалды аумағының ерекшеліктерін біле алмайынша, олардың әрекеттеріне тиісінше жауап қайтару, сәйкесінше жазалау мен мадақтау таңдау, тәрбиені мақсатқа сай басқару қиын.

Мазасыздану ― біздің заманымыздың өте кең тараған психологиялық феномені. Ол көбіне невроздар мен функционалды психоздардың симптомы болып табылады және де басқа аурулардың синдромологиясына енеді немесе жеке тұлғаның эмоционалды аумағының бұзылуының негізгі түрткісі болып табылады.

Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мазасыздануын тудыратын әлеуметтік-психологиялық фактор ретіндегі мәнін отандық және шетелдік зерттеуші психологтар мен психопатологтарды алаңдатып отырғандықтан, бізге зерттеу тақырыбымызды таңдауға негіз болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет