Байланысты: Ұжымның атқаратын рөлі. Психологиялық кеңес.
Балалар ұжымының қызметтері: Балалар ұжымының бірінші қызметі - тәрбиелік: оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру жүйесі бола отырып, өзара ұжымдық қатынаста, өзін қоғамның мүшесі ретінде сезінеді, қоғамдық тәжірибені меңгеріп, өмірде қолданады.
Балалар ұжымының екінші қызметі – ұйымдастырушылық: мұнда әр оқушы ұйымдастырушы, орындаушы, яғни өз іс-әрекетінің басшысы. Еңбек, ойын танымдық іс-әрекеттерде өзара қарым-қатынасы қалыптасып, машықтанады. Ұжымда өзара тәуелділік, жауапкершілік, бір-біріне көмек беру, бір-біріне талап қою, өзара тату-тәтті, сыйластықта, достықта болу мүмкіндігі туады.
Балалар ұжымының үшінші үшінші қызметі – ынталандырушылық: түрлі қарым-қатынас арқылы ұжым мүшелерінің құндылық бағдарының, өнегелілігі, адамгершілігі, сұлулыққа құштарлығы, өмірді сүюі, өзін-өзі сыйлауының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Бұл ұжымның материалдық, рухани байлығын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ұжым проблемасын зерттеуші ғалымдар зерттеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін, анықтамаларын беруде:
1. Ұжым - бірыңғай қоғамдық мақсаты бар, мақсатты орындау барысында барлығының өзара байланысты, жауапты міндеттері, тапсырмалары, өздерінің ұжымдық органы, басқа ұйымдармен тығыз байланысы бар балалардың біріккен тобы (Г.И.Щукина).
2. Ұжым - арнайы мақсатқа бағытталған, іс-әрекет негізінде ұйымдасқан адамдар бірлестігінің формасы екенін көрсетеді (Т.А.Ильина).
3. Ұжым - қоғамдық мәні бар, ортақ мақсаттар негізінде жалпы бағыттарға байланысты қарым-қатынас жасайтын адамдардың әлеуметтік бірлестігі (Б.К.Бабанский).
4. Ұжым - көздеген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы (Ж.Б.Қоянбаев).
5. Ұжым - оқушылардың өмірі мен қызметінің мәдени ортасы, тәрбиешінің тәрбиеленушілердің ішкі әлемін тәрбиелеу үшін қолданатын құралы (П.И.Пидкасистый).
6. Ұжым - тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің шығармашылық ынтымағына негізделген жұмыс жүйесі (И.П.Иванов).
7. Ұжым - бір-біріне ықпал ететін, әлеуметтік жағдай туғызған ортақ мақсаты, қызығушылығы, қажеттіліктері, тәртіп ережелері нормалары бар, іс-әрекет құралдары, ерік-жігерлері ортақ адамдар тобы (Г.М.Коджаспирова).
8. Ұжым - қоғамдық маңызы бар мақсат, оған жету үшін бірлескен іс-әрекет, ортақ құндылықтар және нормалар біріктірген жоғары деңгейде ұйымдасқан топ (А.С.Агафонова)
Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу жөніндегі мәселені шешу кезінде жеке адам мен коллективтің ара қатысы туралы маркстік-лениндік ілімді басшылыққа алады, аса көрнекті педагогтарының теориялық тұжырымдарына және тәжірибелерге арқа сүйейді. Бұл тәжірибе ұжымның тәрбие берудің өте маңызды және ешнәрседен ауыстыруға болмайтын формасына айналғаның көрсетеді. Жеке адамның жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдай ұжымда ғана жасалады. Әрине, ұжымда жеке адамға автоматты түрде әсер етпейді. Ішкі ұжымдық қарым-қатынастарды дұрыс ұйымдастырудың маңызы үлкен. Олар жеке-дара даму үшін қолайлы, қолайсыз және екіталай болуы мүмкін. Педагогтардың міндеті — оқушылардың бір-бірімен араласуын ұйымдастыру, оқушылар коллективінде дұрыс өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Мұның өзінде араласу оқушылардың бір-біріне ықпал жасауын ғана емес, өзара әрекеттес болуды, өзара әсер етуді, өзара тәрбиені де қарастырады.