Тақырып Ұжымның атқаратын рөлі. Психологиялық кеңес жоспары



бет1/5
Дата10.11.2022
өлшемі19,35 Kb.
#157627
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ұжымның атқаратын рөлі. Психологиялық кеңес.


Тақырып
Ұжымның атқаратын рөлі. Психологиялық кеңес
ЖОСПАРЫ
1. Ұжым дегеніміз не?
2. Ұжымның атқаратын рөлі
3. Психологиялық кеңес беру


Ұжым дегеніміз не?
Ұжым [ лат. collektivus - жинақ ] – ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Мұндай топқа жоғары деңгейде дамыған бірлескен қызмет барысында қол жеткізіледі.
2.(nam.collectivus - жинақтаушы деген сөзінен) - бір-біріне әсер ететін, өзара әлеуметтік негізделген мақсаттармен, мүдделермен, өзін ұстаудың нормалары мен талаптарының қажеттілігімен, бірге атқарылатын қызметпен, қызмет құралдарының ортактығымен, басшылық білдіретін еріктің ортақ болуымен біріккен адамдар тобы. Ұжым жай топқа қарағанда дамуы жағынан жоғары. Ұжым белгілеріне адамдардың саналы түрде бірігуі, оның тұрақтылығы, анық белгіленген ұйымдастыру құрылымдары, қызметті реттейтін органдардың болуы жатады.
А.С.Макаренконың көрсетуінше, ұжымның белгілері:
1. Нақты мақсаттың - жалпы әлеуметтік мәнді мақсатқа жетуде саналы түрде бірігу процесі жүреді. Кез келген топта трамвайға мінген жолаушыларда да, ұрлық істелген қылымыскерлерде де мақсат болады. Ұжымның мақсаты қоғамдық мақсаттармен сәйкес келеді, яғни мемлекет заңдарына, конститутцияға сай келеді.
2. Ынтымақтастық қарым-қатынастың, бір-біріне көмек, жолдастық, қайырымдылық сезімінің болуы. Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалыптасады.
3. Біріккен іс-әрекеттің - әрбір ұжым мүшесінің пікірі, міндеттерінің және тәртіптің болуы, жалпы біріккен іс-әрекеттің атқарылуы, яғни қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жалпы біріккен іс-әрекет ұйымдастыру қажет. Адамдар белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға бірігеді. Ұжым мүшелерін ерекшелейтін белгі - олардың іс-әрекет қорытындысы үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің болуы.
4. Сайланбалы жетекші органының болуы - ұйымдастыру құрылымдары, қызметті реттейтін, жалпы сайланбалы жетекші органының болуы, ұжымда демократиялық қатынас пайда болады. Басқару органы ұжымның беделді мүшелерін ашық және тікелей таңдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет