Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)



Дата06.02.2022
өлшемі18,14 Kb.
#79817
Байланысты:
1 лекция


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер) 

Нотариаттың түсінігі, оның мақсаты, функциясы мен қағидалары 

Қазақстан Республикасындағы нотариат – бұл құқық пен фактілерді куәландыруға және заңмен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық әрекеттерді жасау жолымен жеке және заңды тұлғалардың заңдық мүдделері мен құқықтарын қорғаудың заңмен бекітілген жүйесі. «Нотариат» термині латын сөзі «notarius», аударғанда жазу, хатшы деген мағананы береді. Біріншіден, нотариат даусыз құқықтар мен фактілерді куәландыру, құжаттарды, олардан алынған көшірмелерді куәландыру, құжаттарға атқарушылық күш беру және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығы мен заңдық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында басқа да нотариаттық әрекеттер жасау жүктелген органдар жүйесін көрсетеді.

Нотариат жүйесіне тек қана мемлекеттік нотариалдық конторалар мен жекеше нотариустар ғана емес, сонымен қатар нотариаттық әрекеттер жасау өкілеттілігі бар атқару билік органдарының лауазымды тұлғалары кіреді; Қазақстан Республикасының консулдық ұйымдарының лауазымды тұлғалары басқа мемлекеттердің аумағында нотариаттық әрекеттер жасай алады; жекелеген нотариаттық әрекеттер жасау құқығы дәрігерлік бөлімнің бас дәрігері мен оның орынбасарына, аурухананың кезекші дәрігеріне, сонымен қатар қарттар мен мүгедектер үйінің директорлары мен бас дәрігерлеріне, әскери бөлімдердің, мекемелері мен әскери-оқу орындарының командирлеріне де берілген. Егер тұрғылықты жерде нотариус болмаса, онда нотариаттық әрекетті атқару билік органдарының лауазымды тұлғалары жасай алады. Өзінің сипаты мен атқаратын функциясына байланысты нотариат мемелекеттік басқару органдарының қатарына жатады. Өйткені нотариаттық әрекеттер жасау тек белгілі бір билік өкілеттілігі бар органға жүктелген.

Нотариаттық қызметті реттейтін және бақылайтын мемлекеттің өкілетті органы Қазақстан Республикасының әділет Министрлігі болып табылады.

Екіншіден, бұл заң нормаларымен нотариаттық қызметті реттейтін заң саласы. Ең алдымен біздің елде нотариат қызметі нотариат туралы Негізгі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.

Нотариат реформасы мен нотариат туралы заңның мәні бойынша қазіргі экономикалық кеңістікте екі нотариус жұмыс істейді: бірі мемлекеттік конторада, екіншісі жеке конторада. Олардың арасындағы айырмашылық, біріншісі нотариаттық әрекет жасаудан алған төлемді толығымен мемлекетке береді де одан кепілденген еңбек ақысын алады. Ал екіншісі жеке тәжірибемен айналысып, төлемдерді өзінде қалтырады. Тек заңмен қарастырылған салықтар мен өзге де төлемдерді төлейді. Бүгінгі күні нотариат – мемлекет функцияларының бірін орындайтын және белгілі бір шығынсыз әрекет ететін жалғыз көпшілік-құқықтық институт.

Нотариаттың алдында тұрған басты мақсат ол азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқығы мен мүддесін қорғауды қамтамасыз ету. Мұндай міндет нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңынан туындайды. Ал осы мақсаттардың орындауын қамтамасыз ету үшіннотариаттық палата мен нотариустар заң талаптарын қатал орындауы керек, сонымен қатар біздің нотариат негізделген принциптердің орындалуын қамтамасыз етуі керек.

Нотариаттың келесі міндеттерінің бірі превентивтік әділ сот. Заңдық бекітілген даусыз құқықтар сотқа жүгінуден қорғайды және жақтардың құқықтары мен қаражаттарын үнемедеумен қатар мемлекеттің сот жүйесіне кетіретін шығындарын да азайтады. Мысал ретінде туыстық қатынастардың болу фактісін бекіту арқылы нотариустардың соттардың үлесіндегі салмақты азайту мүмкіндігін жатқызуға болады. Бұл сұрақ мұрагерлік құқықты ресімдеу кезінде жиі туындайды және мұрагерлік құқықты ресімдеу кезінде мұрагерлердің мұраға қалдырушымен туыстық қатынастарын дәлелдейтін құжаттардың болмау жағдайымен жиі қатар жүреді. Қазір бұндай жағдайда нотариус жақтарды сотқа жіберуге міндетті, ал сот нотариус жасаған сұраныстарды қайталайды да соңында туыстық қатынастарды дәлелдей алатын куәларды шақырады.

Нотариаттың құқықтық табиғатын анықтайтын белгілердің қатарына юрисдикциялық және құқық қорғау функциясын жатқызуға болады. Нотариус бұл жүйедегі басты әрекеттегі тұлға ретінде, тұтынушының даусыз құқығы мен заңдық фактілерін растап қана қоймай, сонымен қатар нотариус азаматтрадың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқығы мен мүддесінің бұзылуына жол бермеуі керек. Нотариус куәландырған келісімдер мен басқа да заңдық фактілердің айғақтығы нотариаттың әрекеттерді жүргізу прцедурасының қатаң реттелген ережесімен қамтамасыз етіледі. 

Нотариаттық қызметтің негізгі принциптерінің бірі заңдылық болып табылады. Бұл принцип Қазақстан Республикасындағы барлық құқық қорғау органдары қызметінің негізгі функционалдық принципі. Нотариалдық куәландыру мемлекет атынан жүзеге асырылады және нотариалдық куәландырылған құжат заңды деп танылады, сонымен қатар егер дау туындаған жағдайда сол құжаттың әрекет ету мерзімінде онда көрсетілген құқықтарға кепілдік беріледі және мүдделі тұлғалардың құқығын қорғауға көмектеседі. Әрине, елдегі әлеуметтік, экономикалық өмірдің түбегейлі өзгеруіне байланысты, жаңа меншік құқық қатынастарының қалыптасуына байланысты, азаматтар мен заңдық тұлғалардың заңдық мүддесі мен даусыз құқығын қорғаудың кепілі ретінде нотариусқа жиі баруға тура келеді. Бұрын біздің мемлекетте тек мемлекеттік нотариус болған кезде олардың алдына келесі міндеттер қойылған болатын: социалистік меншікті қорғау, азаматтардың, мемлекеттік мекемелердің, өнеркәсіптер мен ұйымдардың, басқа да кооперативтік және қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, социалистік заң мен тәртіпті нығайту және т.б.

Келесі маңызды принциптердің бірі нотариаттық әрекеттердің құпиялылығын сақтау. Бұл тек нотариус пен нотариаттық әрекеттер жасауға өкілетті басқа да тұлғалардың ғана емсе, сонымен қатар куәлардың, нотариустың көмекшісінің, юстицияның аумақтық органдары мен нотариалдық палата қызметкерлерінің де міндеттері. 

Нотариат қызметінің келесі функционалдық принциптерінің бірі ол диспозитивтік принцип. Бұл принцип бойынша нотариустар азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылға олардың құқығы мен заңдық мүддесін жүзеге асыруға комектесуі керек.

Нотариаттық қызметте ұйымдастырушылық принциптерді бөліп топтастыруға болады, олар: нотариустар мен нотариаттық әрекеттер жасауға өкілетті басқа да лауазымды тұлғалардың тәуелсіздігі мен олардың тек заңға бағынуы; объективті шындық пен тиімділік принципі; мемлекеттік және жеке нотариустардың құқықтары мен міндеттерінің теңдік принципі; нотариаттық қызметте нотариаттық іс жүргізу принципінің сақталуы мен нотариус қызметінің аумақтық принципі міндетті болып саналады.

Нотариаттың ұйымдастырылуы мен қызметін реттейтін нормалар заңның жеке саласын құрайды. Ол азаматтық, азаматтық іс жүргізу, отбасылық, тұрғын үй, халықаралық жеке құқық сияқты құқық салаларымен тығыз байланысты. Нотариаттың өкілеттігін құрайтын нотариаттық әрекеттер жасау кезінде тек қана нотариат туралы заң ғана емес, аталған құқық саласының көпшілігіне де жүгіну керек. Мысалы, заң немесе өсиет бойынша мұрагерлік құқық туралы куәлік берген кезде нотариус азаматтық, отбасылық, тұрғын үй және жер туралы заңдарды басшылыққа ала отырып, оларға түсініктеме береді. Сондықтан аралас құқықтық қатынастарды жақсы білу нотариус қызметімен айналысатын тұлғалар үшін басты талап болып табылады.

Бақылау сұрақтары: 

1. Нотариаттың түсінігі, оның мақсаты, функциясы мен қағидалары

2. ҚР нотариатттық қызметті құқықтық реттеу 



3. Нотариаттық палатаның өкілеттілігі 

4. Нотариаттық палатаның жарғысы мен жеке нотариаттық архив

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет