Тікелей сауда мәмілелері – бұл тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірушілер мен тұынушылар арасындағы операциялар.
Олардың маңызды артықшылықтары:
1. Сатып алушының өзіне қажет тауарларды алу мүмкіндігі;
2. Сатушы мен сатып алушы арасындағы байланыстар ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстар сатысында орнатылады, өз уақытысында бұл жүзеге асырылатын мәмілеге түзету еңгізуге мүмкіндік береді;
3. Сатып алушы негізгі өнім жабдықтаушысымен немесе қатысушы-фирмалармен, әсіресе күрделі тапсырыстарда тікелей байланыстар орнатылады;
4. Тікелей байланыстар ұзақ уақытты әріптестікке немесе бірегей өндіріске әкеледі;
5. Тікелей байланыстар құрылғылардың жұмысы және де оны пайдалану сатысында да (кепілді және кепілден кейінгі қызмет көрсету) сақталады.
Коммерциялық мәмілені жүзеге асыруда тәжірибенің жетіспеушілігінен тәжірибелі және кәіби білікті делдалдарды тартады.
Сауда делдалдары – бұл сатып алу және өткізу бағасының айырмасы есебінен немесе сатушы не сатып алушы делдалға төлейтін делдалдық сыйақы есебінен пайда табатын коммерциялық фирмалар.
.
Қазіргі сауда делдалдары өндіруші мен сатып алушыларға қызметтерді толық кешенін ұсынады.
Олар: коммерциялық мәмілені жүзеге асыру және оны өткізу, әріптестерді іздестіру мен келісімшартқа отырудан кепілден кейінгі қызмет көрсетуге дейін, оның ішінде жеткізу, жинақтау, жөндеу, сынау, құрылғыларды іске асыру.
Сауда-делдалдық операциялар кәсіпорындар мен делдалдар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты келесі негізгі түрлерге бөлінеді:
Сауда-делдалдық мәмілелер – бұл сатып алушы немесе сатушы арасында бекітілген келісімшарт негізінде сауда делдалдары олардың тапсырыстарына тәуелсіз орындалатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сату-сатып алуға байланысты операциялар.
· қайта сату операциялары, мұнда делдал өндірушіден тауар сатып алып, яғни тауар иесі болады;