· кәсіпорын және делдал арасындағы комиссияның келісімшарты негізінде құрылған комиссиялық операциялар, мұнда делдал өндірушіден тауар сатып алмайды, сату-сатып алу мәмілесін жүзеге асырады
· кәсіпорын және делдал арасындағы комиссияның келісімшарты негізінде құрылған комиссиялық операциялар, мұнда делдал өндірушіден тауар сатып алмайды, сату-сатып алу мәмілесін жүзеге асырады;
· кәсіпорын мен делдал арасындағы агенттік келісімшарт (нақты мәмілеге емес, белгілі бір аймақта белгілі бір уақытта таратуға келісіледі);
· брокерлік операциялар, мұнда делдал сатушы мен сатып алушы арасындағы байланысты жүзеге асырады.
Сату-сатып алу келісімшартын коммерциялық мәмілелерді жүргізудегі негізгі құжат ретінде қарастырайық. Сату-сатып алу келісімшарты тауарды жеткізуге және мәмілені өткізуге қажет басқа операцияларды жүргізуге қатысушылардың келісімімен бекітіледі.
· бағынбайтын күштер жағдайы (форс-мажорлық жағдайлар);
· қатысушылардың құқықты мекен-жайы және басқа да реквизиттері;
· қатысу жақтардың қолдары.
Келісімшарт мәміле өткізу шарттарын, оны орындау тәртібін және қатысушылардың міндеттерін анықтайды.
Келісімшарттың негізгі бөлімдеріне қысқаша сипаттама берейік.
Кіріспе бөлім.
Бұл бөлімде мәміле жайлы жалпы мәліметтер, қатысушы жақтардың толық атаулары, осы мәтінде қолданылатын терминдер, олардың мәні, келісімшарт атауы және номері, оның келісу уақыты мен орны көрсетілуі керек.
Келісімшарт тақырыбы. Бұл жерде тауар атауы негізгі сапалық және сандық сипаттарының анықтамасымен көрсетіледі.
Мәміле бойынша тауар саны. Бұл бапта тауардың өлшем бірлігі (дана, куб метр, тонна және т.б.), тауар санын анықтау тәртібі түсіндіріледі.