Тақырып. КӘсіпкерлік-ойлау психологиясы бизнес-мәдениетті қалыптастыру Кәсіпкерлік ойлау


Екінші кезең – «Балалық шағы» (Infancy)



бет12/13
Дата21.10.2022
өлшемі165 Kb.
#154487
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1 тақырып

Екінші кезең – «Балалық шағы» (Infancy). «Балалық шағы» идеясының иесі компанияны негіздеген және қаржылық тәуекелдер мен міндеттемелерді өзіне алған сәтте басталады. Идея нақты іс-әрекеттерге айналады, талқылау уақыты аяқталады,ал компаниядан нақты нәтижелер талап етеді. Жаңа компанияның өнімділігі төмен деңгейде, ол салада тиімді жұмыс істеуге тек үйреніп жатады.Әр түрлі сипаттағы дағдарыстар мен мәселелер жиі пайда болады, оларды шешу арқылы жұмыс тәжірибесі жинақталады және оның тиімділігі артады. Компанияның қызметкерлері мен басшылары тәжірибе жетіспеушілігін өтеу және қажетті нәтижелерге қол жеткізу үшін өз мүмкіндіктерінің шегінде үнемі жұмыс істейді. Кәсіпкерлік«балалық шағында» қалаушыларына өте тәуелді болады: егер олар идеяға сенбесе немесе мәселені шеше алмаса, жас компания өз қызметін аяқтайды. Жас компанияда табыстау үдерісі әлі қалыптаспаған, ақпаратты беру және басқару үдерістері жоқ, сондықтан барлығы шағын компанияның әрбір оқиғасына қатысатын басшыларға тұйықталады.
Осылайша, компания дамуының алғашқы екі кезеңінде басты іс-әрекет етуші тұлға кәсіпкер болады. Сіздердің әрқайсысыңызда PAEI барлық төрт атқарымдарының белгілері бар. Бірақ бірінші кезеңде сіз кәсіпкердің сапасын дамытуға баса назар аударуыңыз керек.
3-тапсырма
Қазір, сіз PAEI бойынша қандай рөлге өзіңіздің неғұрлым бейім екеніңізді анықтаған кезде, өз бизнес-жобаларыңызбен одан әрі жұмыс істейтін командаларға бөлінуге болады. Ол үшін сіз командада 4-5 адам есебінен болашақ бизнес-жобалардың көшбасшысы бола алатын және болғысы келетін студенттерден бірнеше кәсіпкерлерді таңдауыңыз қажет (яғни, егер топта 20 студент болса, сіздің 4-5 кәсіпкерді таңдауыңыз қажет).
Ағынды күй
Енді әрбір кәсіпкер өз командасын жинауы керек. Мұны қалай істеу керек? Сізге ағынды күй сияқты әдісті пайдалануды ұсынамыз. Ағынды күйдің сипаттамасын түсіндіру үшін сіз өзіңіздің қандай да бір іспен, оқу болсын, не басқа іс болсын толықайналысып жүрген шағыңызды есіңізге түсіруіңіз керек.Сіздің ол іске кірісіп кеткеніңіз сонша, тіпті айналаңыздағы уақиғаларға назар аудармаған, есесіне жұмысыңыз табысты жүріп жатқан сәттерді еске алыңыз.Әрине, сіз осындай жағдайды бастан кешкен шығарсыз жәнеөзіңіздің осынша қысқа мерзім ішінде осыншалықты істі атқара алғаныңызға – алынған нәтижелеріңізге қатты қуанған шығарсыз.
Дәл осы күй психологияда ағынды күй деп аталады. Оның басты сипаттамалары – жұмысқа қабілеттілік жоғары, өз қызметіне толық көңіл бөлу, ағымдағы іс шеңберіндегі белсенділік тым жоғары. Оған қоса, адам ағынды күй кезінде оң ойлайды, өз-өзіне және өз күшіне сенімді болады.Осының бәрі біздің тіпті күрделі міндеттерді оңай орындауымызға, оларды шешудің ерекше тәсілдерін табуымызға және жалпы ерекше тиімділік көрсетуімізге әкеледі.
Ағынды күйге түсу құпиясы – таңдап алынған міндет үшін қажетті стимул мөлшерін алу. Стимулдар ішкі немесе сыртқы болуы мүмкін. Қажетті стимулдар саны адамға және оның таңдаған міндетіне байланысты. Стимулдар саны төмен болса, сіз енжарлық, шаршау, көңілсіздік, мотивацияның жоқтығын сезінесіз. Стимулдардың саны тым көп болса, сіз шыдамсыз, күйгелек, ызақор және абыржулы боласыз. Қалай болғанда да сіз үздік нәтиже шығармайсыз және қызығушылығыңызды жоғалтып алуыңыз мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет