Тақырып Кіріспе. Биологияның оқыту мен тәрбие теориясы дамуының бағыттарын анықтайтын факторлар



бет1/6
Дата13.09.2020
өлшемі49,19 Kb.
#78457
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1-апта лекция


Тақырып 1. Кіріспе. Биологияның оқыту мен тәрбие теориясы дамуының бағыттарын анықтайтын факторлар

  1. Биологияны оқыту әдістемесі - педагогикалық ғылым.

  2. Биологиялық білімнің ролі. Биологиялық ұғымдар.

  3. Биологияның оқыту мен тәрбие теориясы дамуының бағыттарын анықтайтын факторлар

  4. Биологиялық білім беру мақсаты мен мазмұнының жаңаруы, жаңартылған мазмұн бағдарламасының ерекшелігі.

  5. Биологияны оқыту әдістемесі саласындағы қазіргі зерттеулер.


Биологияны оқыту әдістемесі - педагогикалық ғылым.

Биологиялық білімнің ролі.

Әрбір ғылымның пайда болуы мен дамуы адамның тіршілік тілегін қанағаттандыруға бағытталған практикалық қызметіне байланысты.

Сондықтан БОӘ биологияны не үшін оқыту қажет, қалай оқыту керек, нелерге оқыту керек және биологияны оқыту процесінде балаларды қалай тәрбиелеуге болады деген сұрақтарға жауап беретін ғылым ретінде пайда болған.

Биологияны оқыту әдістемесі – мектеп пәнінің ерекшелігіне байланысты оқыту және тәрбиелеу үдерісінің жүйесі туралы ғылым.

БОӘ - рационалді әдістер мен тәсілдерді қолдануға және биология пәнінен мұғалім оқушыға оқу материалын сапалы түрде меңгертіп, тиянақты білім беріп, оны өмірде қолдана білуге үйретеді.

БОӘ - оқу пәнінің мазмұнын, оқыту және тәрбиелеу әдістері мен үлгілерін қарастырады. Бұл тараулар бір-бірімен байланысты және бірін-бірі толықтырады.

БОӘ- мен оқу жұмысының жабдықтары мен тәсілдері белгіленеді.

Биология оқу пәні ретінде оқыту әдістері мен формаларының ерекшелігімен өзге пәндерден айырмашылығы бар. Бұнда нақтылы нысандар (объекттер) мен күрделі табиғат құбылыстары, және табиғаттың дамуы зерттеледі.

Материалдық ерекшелігі оның тәрбие мүмкіндіктерін де белгілейді (анықтайды).

Оқушылар ойын дамытуда биологиядан жүргізілетін мектептік курстың маңызы зор. Биологияның басқа оқу пәндерінен ерекшелігі, ол қарапайымнан күрделіге өту жолын байқап, отыруға, бөлік пен бүтіннің құрылысы мен қызметінің өзара байланыстылығы және өзара тәуелділігін айқындауға, табиғаттағы құбылыстардың аса күрделі байланыстылық себептерін түсінуге мүмкіндік береді.

Кез келген басқа оқу пәндері тәрізді биология курсын меңгерген кезде оқушы әр түрлі ойлау процестерін атқарады: бақылап, салыстырады, анализ жасайды, қорытындылайды, өздері бақылаған құбылыстардың себебі мен салдарын белгілейді.

БОӘ-сі жалпы БОӘ мен жеке (арнаулы) әдістемелерге бөлінеді (табиғаттану, ботаника, зоология, тәнтану, физиология, адам гигенасы және биология).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет