Тақырып: «Көлік құралдарының аялдау және тұрақтау орындары.»


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет12/17
Дата03.04.2023
өлшемі0,66 Mb.
#173547
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ПДД поурочки

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:





  1. Тұрғын аймақтарда жаяу жүргіншілерге қандай жолдармен жүруге рұқсат етіледі?

  2. Тұрғын аймақтағы жаяу жүргіншілер көлік жүргізушілеріне жол беруге тиісті ме?

  3. Тұрғын аймақтарда көлік жүргізушілеріне қандай жерлерде тоқтап тұруға тыйым салынады?

  4. Тұрғын аймақтарда көлік жүргізуді үйретуге рұқсат етіле ме?

  5. Рұқсат етілген ең жоғарғы салмағы 3,5 т. артық жүк автомобиль- дерінің арнаулы бөлігінен жəне белгілермен (немесе) таңбалармен белгіленген арнаулы орыннан тыс тоқтап тұруына рұқсат етіле ме?




  1. Тұрғын аймақтарда жүргізушілерге көліктің дыбыс сигналын қосуға рұқсат етіле ме?

  2. Жүргізушілер тұрғын аймақтан шығу кезінде басқа қозғалыстағы қатысушыларға жол беруге тиісті ме?

  3. Тұрғын аймақтарда көліктің қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған кезде тоқтап тұруға рұқсат етіле ме?

  4. Тұрғын аймақта қозғалтқышы жұмыс істейтін көлікке тоқтап тұруға рұқсат етіле ме?

Күні: 27.04.2023
Тақырып: «Велосипедшілер, мопедшілердің жолда жүру
ережелері. Велосипедпен, мотоциклмен жолаушыларды және жүкті тасымалдау ережелері.»

Велосипедті, көлік-арбаны (шананы), жүк артылған адам мініп келе жатқан көлікмалы немесе жол бойымен айдалатын мал табынын басқаруға – жасы 14-тен, ал мопед жүргізуге жасы 16-дан кем емес адамдарға рұқсат етіледі.


Велосипедтер, мопедтер, көлік-арба (шана), адам мініп келе жатқан көлік-малы, егер бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмейтін болса, оң жақ шеткі жол жолағымен, мүмкіндігінше оңға таман бір қатармен жүргізуге тиіс.


Велосипедшілер, көлік-арба (шана), адам мініп келе жатқан жүк артылған мал легі жүріс бөлігі бойымен қозғалған кезде 10 велосипедші, адам мінген жəне жүк артылған көлік малы 10-нан жəне арба (шана) 5-тен топтарға бөлінуі керек. Басып озуды жеңілдету үшін топтардың арақашықтығы 80-100 метр шамасында болуға тиіс.
Велосипед пен мопед жүргізушілеріне:

    • ең болмағанда бір қолымен рульді ұстамай жүруге;

    • жолаушылар тасымалдауға;

    • көлемінің ұзындығы немесе ені бойынша елу сантиметрден артық шығып тұратын жүктерді немесе басқаруға кедергі келтіретін жүктерді тасымалдауға;

    • қатарында велосипед жолы болған кезде жолмен жүруге;

    • трамвай жүретін жолдарда жəне осы бағытта жүруге арналған бірден артық жолағы бар жолдарда солға бұрылуға немесе кері бұрылуға;

    • велосипедпен немесе мопедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, мопедтермен велосипедтерді, сондай-ақ мопедтермен жəне велосипедтермен сүйретуге тыйым салы- нады.

Велосипед жолының көше қиылысынан тыс орналасқан жолмен реттелмейтін қиылысында велосипед пен мопедтердің жүргізушілері осы жолмен жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол беруге тиіс.


Көлік-арба (шана) жүргізушісі жол көрінісі шектеулі жерлерге жанасып жатқан аумақтан жəне екінші дəрежелі жолдан жолға шығу кезінде малды жүгеннен ұстап өтуге тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет