Халықаралық жол қозғалысына қатысушы механикалық көлік құралы жүргізушілерінің міндеті:
өзімен бірге Жол қозғалысы туралы конвенцияға сəйкес келетін көлік құралын тіркеу құжатын жəне жүргізушінің куəлігін;
көлік құралында өзі тіркелген мемлекеттің тіркеу жəне айырым белгілерін алып жүруге міндетті.
Көлік құралы жүргізушілерінің міндеттері
Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі Негізгі Ережелерге жəне лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелеріне сəйкес көлік құралдарының дұрыс жай-күйін шығар алдында тексеру жəне жолда қамтамасыз ету.
Бұдан ары – Негізгі ереже.
Ішкі істер органдары (полиция) қызметкерлерінің 5.3- тармаққа сəйкес берілген талап етуі бойынша аялдау жəне оның нұсқауларын орындау.
Ішкі істер органдары қызметкерінің талап етуі бойынша мастығы туралы куəландырудан өту.
Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жағдайларда Ережелерді білуін тексеруден өту.
Көлік құралының өздігінен қозғалып кетуін болдырмайтын шара қолданбайынша, көлік құралын тастап кетуге жəне оны бөтен адамдардың пайдалануына жол бермеу.
Көлік құралын:
жол-жөнекей бағытта медициналық қызмет көрсетуге кетіп бара жатқан медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ қозғалыс бағытына қатыссыз, жедел медициналық жəрдем қажет ететін азаматтарды емдеу мекемелеріне алып бару үшін медицина қызметкерлеріне, ішкі істер органдарының жəне ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне;
апат кезінде зардап шеккен көлік құралдарын тасымалдау, табиғи апат болған жерге жету үшін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ заңда көзделген, өзге де кейін қалдыруға болмайтын жағдайларда ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметі мен ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне беру.
Ескертпе.
Көлік құралдарын беру туралы талап ету шет ел мемле- кеттері өкілдіктерінің жəне дипломатиялық иммунитеті бар халықаралық ұйымдардың көлік құралдарына қолданылмайды.
Көлік құралын пайдаланған адам жүргізушінің талап етуі бойынша анықтама беруі немесе жол қағазына жазба (жүрудің қанша уақытқа созылғандығы, жүріп өтілген қашықтықты, өзінің тегін, лауазымын, қызметтік куəлігінің нөмірін, өз ұйымының атауын көрсетіп) жасауға тиіс.
Мемлекеттік ұйымдардың жоғарыда аталған қызмет- керлеріне көлік құралдарын беруге байланысты келтірілген шығыстарды көлік құралы иесінің талап етуі бойынша белгіленген тəртіппен осы ұйымдар өтейді.
Көлік құралы жүргізушісінің құжатын тексеруге немесе көлік құралын пайдалануға құқығы бар адам жүргізушінің талап етуі бойынша қызметтік куəлігін көрсетуге міндетті.
Жол-көлік оқиғасы кезінде, оған қатысы бар жүргізуші:
Ереженің 7.2-тармағының талаптарына сəйкес көлік құралын дереу тоқтатуға (орыннан қозғамауға), апаттық жарық белгісін іске қосуға жəне апаттық аялдау белгісін (жанып-сөнетін қызыл шам) қоюға, оқиғаға қатысы бар заттардың орнын ауыстыр- мауға;
зардап шеккендерге дəрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдану,
«медициналық жедел жəрдем» шақыру, шұғыл жағдайларда зардап шеккендерді жол-жөнекей аттандыру, ал егер бұған мүмкіндік болмағанда, өзінің көлік құралымен жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізуге, өзінің тегін, көлік құралының тіркеу белгісін хабарлауға (жеке басын куəландыратын құжатты немесе жүргізушінің куəлігін жəне көлік құралын тіркеу құжатын көрсетіп) оқиға болған жерге қайтып келуге;
болған жағдай туралы жақын жердегі ішкі істер органына кешіктірмей хабарлауға, көзімен көргендердің тегі мен мекен- жайларын жазып алуға жəне ішкі істер органдарының қызметкерлерінің келуін күтуге;
егер басқа көлік құралдарының қозғалысына мүмкіндік болмаса, жолдың жүретін бөлігін босатуға;
жүру бөлігін босату немесе зардап шегушіні өзінің көлік құралымен емдеу мекемесіне жеткізу қажет болған жағдайда куəлардың қатысуымен көлік құралының орналасуын, оқиғаға қатысы бар іздер мен заттарды алдын ала белгілеп, олардың сақталуына мүмкін болатын барлық шараларды қабылдауға жəне оқиға болған жерді айналып өтуді қамтамасыз етуге міндетті.
Егер жол-көлік оқиғасының нəтижесінде зардап шегушілер болмаса, жүргізушілер болған жағдайды бағалауда өзара келісімге келіп, алдын ала оқиғаның схемасын жасап жəне оған қолдарын қойып, оқиғаны рəсімдеу үшін ішкі істер органының жақын жердегі жол полициясы постына немесе бөлімшесіне келулеріне болады.
Жүргізушіге:
Мас күйінде (алкогольді, есірткі немесе өзге де), құлақ асуды жəне назар аударуды əлсірететін дəрілік заттар əсерінде; жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіретіндей ауру немесе шаршаған жағдайда көлік құралын басқаруға.
Ақауы бар немесе мемлекеттік байқаудан өтпеген көлік құралдарын пайдалануға.
Иесі заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жəне /немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамаған көлік құралын пайдалануға.
Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері болмаған немесе олар тіркеу құжаттарына сəйкес келмеген жағдайларда көлік құралын пайдалануға.
Достарыңызбен бөлісу: |