Салу құрал-сайманына жататындар: Airbrush (Аэрограф), Paint Brush (Кисть), Pencil (Карандаш) және Rubber Stamp (Штамп).
Барлық осы саймандар экранда нақтылы бейнені салу үшін қолданылады. Airbrush, Pencil және Paint Brush құрал-саймандары үшін бүгілу бұрышы мен қалыңдығын өзгерту керек. Line (Линия) құрал-сайманы арқылы түзу сызықтарды салуға болады. батырмасын басу арқылы, көлденеңінен және тігінен, әрі 45° бұрышты сызықты салуға болады.
History Brush (Кисть предыдущих состояний) құрал-сайманы таңдау арқылы кейбір әрекеттерді қайта қалпына келтіру немесе қайталау үшін қолданылады.
Art History Brush (Художественная кисть предыдущих состояний) құрал-сайманы әртүрлі шығармашылық стильдерді қолдануға мүмкіндік береді.
Gradient Tool (Градиентный цвет) құрал-сайманы әдетте градиентті фондық толытруларда қолданылады (екі түсті және көп түсті сияқты).
Paint Bucket (Заливка) құрал-сайманы белгіленген аймақты нақты түстермен бояуға мүмкіндік береді.
Осыған жылжыту және бейненің айқындығын өзгертетін құрал-саймандар жатады. Олар Smudge (Палец), Blur (Размытие), Sharpen (Резкость), Dodge (Осветлитель), Burn (Затемнитель) және Sponge (Губка) құрал-саймандары.
Path, Type және Shape құрал-саймандары
Туре (Текст) құрал-сайманы Т әріпімен белгіленген батырмамен көрсетілген. Path (Контур) құрал-сайманының батырмасында қарындаш, контур бейнеленген. Осы сайманның көмегімен құрылған ашылған немесе тұйықталған контурды сіз кез-келген контурды немесе оның бөлігін белгілеу үшін қолдана аласыз. Path құрал-саймандарының тобымен бірге Selection (Выделить область) құрал-сайманын қолдана аласыз.
Shape (Фигура) құрал-сайманының тобында боялған немесе мөлдір фигураларды құруға болады.
Line (Линия) құрал-сайманы Pencil (Карандаш) құрал-сайманымен біріктірілген. Олар соңғы ашылатын менюден көрсетіледі.
Line құрал-сайманы түзу сызықтарды салу үшін қолданылады.Онда батырмасын қолдану арқылы сіз вы 45 және 90° бұрышты сызықтарды салуыңызға болады.
Бейнені көру құрал-сайманы
Zoom (Увеличительное стекло) құрал-сайманы бейнені үлкейту немесе кішірейту үшін қолданылады (ол үшін мінедтті түрде бейнеге батырмасын баса отырып қозғалту керек; Hand (Рука) құрал-сайманы терезелердің аймағында орын ауыстыруға арналған.
Осы категорияға сонымен қатар Eyedropper (Пипетка) және Measure (Измеритель) құрал-сайманы қосылған. Eyedropper құрал-сайманы түстің үлгісін таңдауға мүмкіндік береді, осыны баса отырып, салу кезінде қолдануға болатын түсті таңдауыңызға болады.
Measure құрал-сайманын өлшемді және бейненің бұрышын өлшеу үшін қажет. Суретті шертіп оған екі нүктені қосатын сызықты салыңыз; Info терезесінен екі нүктенің арасындағы қашықтықты білдіретін мәлімет шығады. Бұрыштың өлшемін білу үшін алдын ала өлшейтін сол сияқты сызықты беру керек, сосын көрсеткішті басынан аяғына дейін жргізу керек. батырмасын басу арқылы өлшенетін бұрышқа тышқанның көрсеткішін әкелу керек.
|
Құрал-сайманы
|
Ыстық перне
|
Құрал-сайманы
|
Ыстық перне
|
Marquee
|
<М>
|
Move
|
|
Lasso
|
|
Magic Wand
|
|
Airbrush
|
|
Paint Brush
|
|
Rubber Stamp
|
|
History Brush
|
|
Eraser
|
<Е>
|
Pencil
|
<В>
|
Blur
|
|
Dodge
|
|
Pen
|
<Р>
|
Type
|
<Т>
|
Measurement
|
|
Gradient
|
|
Paint Bucket
|
|
Eyedropper
|
|
Hand
|
|
Zoom
|
|
Crop
|
|
Switch background / foreground colors
|
| Құрал-саймандар параметрінің панелі
Tool Option (Параметры инструмента) панелі құрал-сайманның барлық параметрін орнатуға мүмкіндік береді. Барлық көрсетілген панельдегі элменеттер таңдалып тұрған құрал-сайманға сәйкес келеді. Әр құрал-сайман өзінің реттелуімен анықталады.
Image менюі
Image менюінде бейненің анықтығын және түсін, мөлдірлігін көрсететін командалар жинақталған.
Егер Сізге бейненің өлшемін міндетті түрде өзгерту керек болса немесе орның орналасуын өзгерту керек болса, онда Image, Size (Изображение, Размер) немесе Image, Rotate Canvas (Изображение, Повернуть холст) командаларын қолдану керек.
View менюі
View менюінде бейненің масштабын өзгертетін командалар жинағы жинақталған. Осы менюда Rulers (Линейки), Grid (Сетка) және Guides (Направляющие) командалары орналастырылған, олар объектінің өлшемін өлшеуге арналған және жұмыс жасау бетін нақытыл орнату үшін қолданылады.
Сызғыш бірлікпен, пикселмен, дюйммен, сантиметрмен, процентпен немесе пиктармен өлшеуге мүмкіндік береді. Сондықтан Сіз үнемі өлшеудің бастапқы бірлігін таңдай аласыз. Өлшеудің бірлігін сызғышқа орнтау ү.шін мына командаларды қолдануға болады: File, Preferences, Units & Rulers (Файл, Установки, Единицы и линейки).
Бағыттауыштар — бейнеге мәтіндерді енгізудің нақтылы орны үшін немесе басқа да объектілердің бейнеге қосылуы кезінде қолданылатын түзу сызықтар.
Достарыңызбен бөлісу: |