Тақырып: Delphi ортасында TCanvas класымен жұмыс істеу.
Сұрақтар:
Класс дегеніміз не?
Delphi ортасында қандай кластар бар?
TСanvas класының объектілерін атањыз.
№1 жұмыс.
1 тапсырма:
пернесін басқанда, форманың әрбір компонентінің түсінің ашықтығы 5 бірлікке артатын;
пернесін басқанда форманың әрбір компонентінің түсінің ашықтығы 5 бірлікке азаятын;
Escape пернесін басқанда, MessageBox стандартты функциясы арқылы жасалған сұхбат терезесі ашылып, (1-сурет) терезедегі Yes батырмасын басқанда Close командасы орындалып, форма жабылатын;
F1 пернесін басқанда анықтама терезесі ашылатын (2-сурет) проект құрыңыз.
1-сурет 2-сурет
2 тапсырма:
{OnClick оқиғасы арқылы салынған дөңгелектің коды}
procedure TForml.FormClick(Sender: TObject);
begin
Canvas.Pen.Color := clGreen;
Canvas.Brush.Color := clGreen;
Canvas.Ellipse(60, 10, 290, 240);
end;
Delphi визуалды программалау ортасын жүктеп, жоғарыда көрсетілген процедураны енгізіңіз.
Проектіні сақтап орындалуға жіберіңіз.
Қандайда бір программаның (Internet Explorer) терезесін ашыңыз.
Сақтаған проектіңіздің терезесін ашыңыз (.exe файлын) және оны Internet Explorer терезесінің сол жақ жоғарғы бұрышын жауып тұратындай орналастырыңыз.
Терезенің үстінен тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз.
Неге толық дөңгелек шықпады? Неге алдыңғы терезенің сол жақ бұрышы сіздің проектінің терезесінің бір бөлігін басып қалды? (Жазбаша жауап беріңіз)
Проектіні мына процедурамен толықтырыңыз:
procedure TForml.FormPaint(Sender: TObject);
begin
Canvas.Pen.Color := clGreen;
Canvas.Brush.Color := clGreen;
Canvas.Ellipse(60, 10, 290, 240);
end;
2, 3, 4, 5 тапсырмаларды тағы да орындаңыз.
Тереземен қандайда бір операция жасаңыз. Мысалы: тышқанмен терезенің өлшемін өгертіңіз.
Қандай өзгеріс болды? Неге? (Жазбаша жауап беріңіз)
Әдістемелік нұсқау:
1 тапсырманың коды:
procedure TForml.FormKeyDown(Sender: TObject; var Key: Word; Shift: TShiftState);
begin
{ Key басылған перененің коды}
case Key of
{ пернесі басылғанда форманың түсінің ашықтығын көбейтеміз}
VK_UP: Color := (Color + $050505) and $FFFFFF;
{ пернесі басылғанда форманың түсінің ашықтығын азайтамыз}
VK_DOWN: Color := (Color - $050505) and $FFFFFF;
{Escape пернесі басылғанда сұхбат терезе ашылады}
VK_ESCAPE: begin
if Application.MessageBox('Закончить работу с программой?',
'Пример №4', MB_YESNO or MB_ICONQUESTION) = IDYES then Close;
end;
{ Fl пернесі басылғанда программа туралы анықтама сұхбат
терезесінде көрсетіледі }
VK_F1: Application.MessageBox(
'1. Стрелка вверх — увеличение яркости.'#13#10 +
'2. Стрелка вниз -- уменьшение яркости.'#13#10 +
'3. Escape — выход из программы.'#13#10 +
'4. F1 -- справка.',
'Справка', МВ_ОК or MB_ICONINFORMATION);
end;
end;
№2 жұмыс.
1 тапсырма:
Форманың үстінен тышқанның сол жақ батырмасын шерткенде, координатасы (0,0) - (350,250) пунктирлі штрихпен, бірнүктелі қалыңдықпен қызыл түсті түзу салатын программа жазыңыз.
2 тапсырма:
Тышқанның сол жақ батырмасын шерткенде біріншісі стандартты бояудың түрімен боялған, ал екіншісі қолданушының жасаған «боялған қызыл дөңгелекше» түрімен боялған екі дөңгелек шығаратын проект құрыңыз.
3 тапсырма:
Webdings шрифінің көмегімен формаға көк көгершін салынатын программа құрыңыз.
Ескерту: шрифт Webdings болып, я әріпі көрсетілген пернені бассаңыз я әріпінің орнына көгершін шығады. Word-та орындап көріңіз.
4 тапсырма:
Форманың кез-келген жерінен тышқанның сол жақ батырмасын шерткенде, сол орынға жуан нүкте салынып және нүктенің жанына тышқанның курсорының координатасы жазылатын проект жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |