Тақырып: компьютерлік графика негіздері жоспар



бет20/30
Дата08.09.2017
өлшемі4 Mb.
#30454
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30

Әдістемелік нұсқаулар:

2, 3 жұмыстағы тапсырмалардағы суреттерді салу алгоритмі “CorelDraw” электрондық оқулығындағы 12-ші сабақта көрсетілген.


Тақырып: Дайын суреттерді кірістіру.

Сұрақтар:

  1. Файлды импорттан алу.

  2. Файлды экспортқа жіберу.

1-тапсырма:

  1. Кез келген 3 файлды импорттан алып төмендегідей түрде орналастырыңыз:

  2. Align and Distribute сұқбат терезесі арқылы орналастырған объектілеріңізді барлық мүмкін түрде туралаңыз.






2-тапсырма:

“СorelDraw” электрондық оқулығының 9, 10-шы сабақтарындағы жаттығуларды орындаңыз.


Әдістемелік нұсқау:

  1. Тапсырмаларды орындау алгоритмі “CorelDraw” электрондық оқулығындағы 9-шы сабақта көрсетілген.

  2. Тапсырмада қолданылған саймандардың атауы, қасиеттері бойынша тірек-конспектісін жазыңыз.


Тақырып: Мәтінмен жұмыс істеу

Сұрақтар: Символдар жұбы үшін символдар арасындағы қашықтықты орнату. Мәтін жолы үшін символдар арасындағы қашықтықты орнату. Көлденең мәтін үшін символдар арасындағы қашықтықты орнату. Базалық сызық бойынша ерекшеленген символдардың ауытқуы. Мәтінді растрлық форматқа түрлендіру.
1-тапсырма: Суреттегідей лапылдаған және мұзданған мәтін жазыңыз.


2-тапсырма: Шеңбер бойымен мәтін жазыңыз.

Әдістемелік нұсқау:

1.Біріншіден біз Photoshop бағдарламада жаңа бетті ашып, Image/Mode/Grayscale режимін қоямыз. Жаңа суреттің фоны қара болу керек, ал жазу ақ түсті. Жазу жазған соң Layer/MergeLayers немесе Ctrl+E бағдарламаны жасаймыз. Мәтінді айналдыу үшін, Image/Rotate Canvas/90 CW командасын істейміз. Істеген соң Filter/Stylize/Wind командасында from the left командасын басамыз да Ctrl+F командасын орындаймыз. Суретті бұрынғы жерге айналдырамыз, ол үшін Image/Rotate Canvas/ 90 CCW командасын орындаймыз.Енді Filter/Stylize/Diffuse командасын басамыз, оның ішінде ештеңені өзгертпейміз. Сосын Filter/Blur/Gaussian Blur командасына 2 параметрін орнатамыз. Filter/Distort/Render командасын ешқандай өзгеріссіз орындаймыз. Енді суретке тек қана түс жетіспейді. Түсті біз Image/Mode/Indexed Color және Image/Mode/Color Table командаларымен құямыз. Бірақ Color Table ішінде біз Table Black Body таңдаймыз.

PhotoShop-қа кіргеннен кейін жаңа суретті ашу керек. Ашқаннан кейін қандай да бір жазуды қара түспен жазыңыз. Суретіміз суретте көрсетілгендей болу керек.

Содан кейін Select/Load Selection және Layer/Merge Down деген командаларды жасаймыз. Жасағаннан кейін Select/Inverse командасы арқылы Filter/Pixelate/Crystallize-ға кіріп, коэффициентке 8 санын қоямыз. Кристалданудан кейін, қайтадан Select/Inverse командасын орындаймыз. Filter/Noise/Add Noise командасын таңдап, коэффициентін 70-ке қоямыз. Коэффициент астындағы Distribution: Gaussian белгілеу керек

Шуды қосқаннан кейін, оған Filter/Blur/Gaussian Blur командасын, қолданамыз. Содан кейін Select/Deselect және Filter/Blur/Blur командаларын істеу керек.

Мұзбен жазу үшін осы суреттің түстерін қарама-қарсы түстерге Image/Adjust/Invert команда арқылы ауыстырамыз.

Шыққан суретке Image/Rotate Canvas/90CW және екі рет Filter/Stylize/Wind командаларын орындалады. Сосын Image/Rotate Canvas/90CCW таңдаңыз. Шыққан суретке мұз түсін Image/Adjust/Hue/Saturation арқылы беріңіз. Сол терезе ішінде Hue-175, Saturation-80 және Colorize таңдаңыз.

Суретке жылтыр беру үшін, кисточкаға тышқанмен басып, Brushes деген терезеде Load Brushes/assorted.abr таңдаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет