Тақырып Көркем шығарманы сюжеттік-композициядық түрғыдан талдау ерекшеліктері Мақсаты



бет3/6
Дата18.02.2022
өлшемі51,14 Kb.
#132363
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс №7 (2)

2. «Сыртқы» және «ішкі» сюжет. «Сюжетті» түсіндіру барысында «сыртқы» және «ішкі қозғалыс» ұғымдарына көңіл бөлеміз. Сюжет негізінен кейіпкерлердің іс-әрекеттерінен құралады, ал іс-әрекет дегеніміздің өзі адамның қимыл қозғалысынан, істеген ісінен, айтқан сөзінен, жест, мимикасынан көрінетін эмоциясы, ойы екенін ескерсек, сюжетті екі тұрғыдан түсіндіруге болады: «Кейбір жағдайларда сюжет кейіпкер өмірінің белгілі бір кезеңіндегі батыл іс-әрекетін суреттеуге негізделеді. Мұндай жағдайда іс-әрекет «сыртқы» қозғалысқа толы: оның өту барысы мен нәтижесінде кейіпкердің басқа кейіпкерлермен қарым-қатынасы, жеке тағдыры немесе қоғамдағы орны өзгереді. Екінші бір жағдайларда іс-әрекетте «ішкі қозғалыс» басым болып келеді, бұл жағдайда кейіпкердің психологиялық жағдайы өзгеріске ұшырайды» [2, 169]. Біздің ойымызша, бұл жерде ғалым іс-әрекет – «сыртқы» және «ішкі іс-әрекет» болып бөлінеді дей келіп, оның: «...ішкі іс-әрекет. Мұнда сюжет негізі – оқиға қарама-қайшылығы емес, кейіпкерлер эмоциясындағы өзгермелі құбылыстар, олар қандай да болмасын оқиғалардан тәуелсіз» [2, 170], – деуі өзінің сюжетке берген анықтамасына қайшы келетін тәрізді. Яғни, зерттеуші бір тұста сюжет «сыртқы» және «ішкі» қозғалыстардың бірлігі дей тұра, «сюжет – оқиғалар желісі» деген бұрыннан қалыптасқан қасаң қағиданың шеңберінен шыға алмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет