Мәдениет морфологиясы
/
Құндылықтар жоғары деңгейде объектілерді, халжағдайды, қажеттілікті, мақсатты таңдауды түсіндіреді. Құндылықтар қоғам мен адамдарға жақсылық пен жамандықты, ақиқат пен адасуды, әсемдік пен сиықсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, еріктілік пен тиым салушылықты, мәнді мен мәнсіздікті ажыратуға көмектеседі.
Құндылықтар деп, адамдар мен әлеуметтік топтардың, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын белгілі бір заттар мен құбылыстардың қасиеттерін айтады. Құндылықтар үлкенді, кішілі, абсолютті және салыстырмалы, Материалдық және рухани т.б. түрлерге бөлінеді. Кез-келген құндылықтарды олардың типіне және деңгейіне қарап классификациялау әрқашан да белгілі бір шартқа байланысты, өйткені оларға әлеуметтік және мәдени мәндер енеді. Алайда оған қарамастан мазмұны жағынан құндылықтарды шартты түрде мына реттілікпен жіктеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |